Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Аурулар

 

Жарақат


Сыртқы жағдайлардың әсерінен адамның терісінің зақымдануы немесе мүшелері мен тіндерінің қызметінің бұзылуын — жарақат деп атайды. Негізінен жарақат алған жер қанайды, себебі адам жарақаттанғанда қан тамырлары зақымданады. Абайсызда сүрініп құлағанда, бір жеріңді кесіп немесе жәндіктер шағып алғаннан болған жарақатты — жеңіл жарақат деп атайды.

Себебі, мұндай жарақат кезінде ұсақ қан тамырлары мен уақ тамырлар ғана жарақаттанады. Ал адам ауыр жарақат алғанда, мысалы, төбелесіп пышаққа жығылса немесе біреу атып жіберсе, онда адам қатты қансырайды. Мұндай жарақаттар көп қан кетуімен ғана қауіпті емес, сондай- ақ, бұл кезде адамның ішкі мүшелері де қатты зақымдануы мүмкін.

Жарақат әр түрлі себептер салдарынан: абайсызда аяқ-қолды балтамен шауып, немесе пышақпен, өткір нәрсемен кесіп, не түйреп алғанда пайда болады.

Жарақаттанған адамды тез арада жатқызып, жарасының жиегін йодпен сүрткен жөн. Жарақаттың үстіне пенициллин, стрептомицин, стрептоцид не болмаса тағы басқа да антибиотиктердің бірін сеуіп, зарарсыздандырылған бинтті, салфетканы, дәкені, егер бұл заттар жоқ болса, таза шүберекті, бет орамалды араққа, спиртке немесе әтірге батырып жараның үстіне қою керек.

Науқас қатты ауырсынса анальгинді, амидопиринді жас мөлшеріне қарап беруге болады. Жараны еш уақытта сумен жууға болмайды. Жуу керісінше жараны асқындырып жібереді.

Кейде адамды ит қауып, мысық тістеп, сиыр сүзіп жарақаттануы да ықтимал. Ондайда итті, мысықты немесе малды міндетті түрде тексеруден өткізу қажет. Өйткені жануарларда құтыру жиі кездеседі.

Жарақаттың қай түрі болса да ең алдымен қан ағуды тоқтатып, оған микроб түспеуі үшін дереу дәкемен байлап, таңу керек. Ауыр жарақаттанып, сүйегі сынған адамды алғаш сынықтың екі жағына жақтау салып таңады. Адам қандай жарақат алса да, алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін, дереу дәрігер шақырып, жарақат алған адамды ауруханаға жеткізу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Соғып алу немесе бір жеріңді ұрып алсаң болатын ағзадағы процесс.

Сынық және оның белгілері сүйектің сынуы кезінде көрсетілетін көмек.

Жылан шаққанда не істеу керек?

Сүйек қабығы туралы не білесіздер?

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қызу
  • Сіреспе
  • Несеп тасы
  • Нашақорлық
  • Мысқыл (свинка)

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.