Сынық

Сынық әр түрлі болады. Сүйек сызаттанып, кейде күл талқан болып сынады. Кейде сынған сүйек етті, теріні, қан тамырларын зақымдайды. Егер ашық сынық болса, көзге бірден байқалынады, ал сызат сынықты рентгенге түсіріп қана білуге болады.

Сынық — сүйектің зақымдануы. Адам құлап жарақаттанғанда, сүйектің сынып кетуі жиі кездеседі. Сүйек майдаланып сынып, тері мен бұлшық ет біраз мыжылып, жаншылса, оны ашық сынық деп атайды.

Бұл кезде жұмсақ тіндер қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Сынғанда егер тері бүлінбесе, ол жабық сынық деп аталады. Сынықтың белгілері: зақымданған жер қатты ауырады, аяқ-қолды қозғалтпайды, кейде сүйек сынықтары сықырлайды, жұмсақ тіндер қанталап, ісінеді.

Өз бетінше сынықты түзеуге, жабық сынық кезінде өзгерген аяқ-қолдың пішінін қалпына келтіремін деп әрекет етуге немесе ашық сынық кезінде теріден шығып тұрған сүйекті түзетуге мүлдем болмайды.

Сынған адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тез арада ауруханаға жеткізу керек. Ауруханада сынған жерді рентгенге түсіріп, сынықты анықтайды.

Ауруханада травматолог-дәрігерлер сынған сүйек жарықшақтарын бір- біріне түйістіріп қалпына келтіріп, гипспен таңады. Сынған сүйектер бір- бірімен бітісіп, жазылып кеткенше, бірнеше апта адам гипспен жүреді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жарақат алғанда ағзада қандай процестер жүреді.

Буынның шығуы немесе таюы

Сүйек қабығы туралы не білесіздер?

Жылан шаққанда не істеу керек?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ