Ұшпа (краснуха)

Ұшпа (краснуха) — балаларда өте жеңіл түрде өтетін жұқпалы аурулардың бірі. Ұшпаның вирусы тез арада ауаға тарап, сау балаларға, кейде ересек кісілерге де жұғады. Ауру жұққаннан кейін ол басталғанша 15—21 күндей уақыт өтеді. Сонан соң баланың қызуы сәл көтеріліп, мұрнынан су ағады, аздап жөтеледі. Лимфа бездері ісінеді, әсіресе артқы мойын, шүйде бездерін қолмен сипаса, ісінгенін, қаттылау екендігін байқауға болады. Мұндайда баланың көзі жасаурап қызарады.

Денесіне ақшыл-қызғылт бөртпелер шығады. Алдымен олар бетке, мойынға, құлақтың сыртында пайда болады да, тез арада бүкіл денеге жайылып кетеді. Әсіресе арқада, кіндік айналасында, кеудеде көбірек көрінеді. Бетте бірен-саран ғана болады. Бөртпелер көп жағдайда ірі әрі бір-бірінен қашықтау шығады. 2—3 күн өтксн соң дененің қызуы басылады да, бөртпелер тез жазылады және олардың орындарында ешқандай дақ қалмайды.

Науқас баламен бірге болған балаларға карантин жасалмайды. Бұл аурумен ауырған балалардың жағдайлары нашарламайды. Ұшпамен көбінесе 2—10 жас аралығындағы балалар ауырады және ауырып жазылған балалар онымен қайтып ауырмайды.

Ал екі қабат әйелдер үшін бұл ауру өте қауіпті. Өйткені жүкті әйелдің ұшпаға шалдығуы. іштегі балаға айтарлықтай зиянын тигізеді. Ауырған әйелдердің ішіндегі перзенті үш-төрт айлық болса, онда ұшпа іштегі перзенттің нерв жүйесіне, көзіне, есту органдарына, жүрегіне әсер етеді.

Ішінде 5—6 айлық перзенті бар әйел ауырса, ұшпа оның жүрегін, көк бауырын, өкпесін, сүйегін зақымдайды, қанын азайтады. Әйел кейде түсік тастайды. Сондықтан да екі қабат әйелдердің ұшпамен ауырған адамдардың қасына жақындамағаны дұрыс.

Бала ұшпамен ауырған жағдайда дәрігер үйге шақырылып, бала үйде емделеді. Бала толық жазылғанша басқа сау балалармен, екі қабат әйелдермен бірге болмауға тиіс. Ұшпа ауруына айтарлықтай ем қолданудың қажеті жоқ. Сырқаттың денесіне бөртпелер шыққан соң 5 күннен кейін ауру қауіпті емес, жұқпайды.

Желшешек (ветряная оспа) қандай ауру сипаттамасы.

Қызамық ауруының белгілері мен сипаттамасы.

Қызылша ауруы туралы мәліметпен танысыңыз.

Шошқа мойын (Паротит) ауруы жайлы біз не білеміз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Айгерим

    Озим 5 сыныпта катты ауырғанмын краснухамен. Есимде

  2. Динара

    Жүкті әйелдерге қауіпін билмеппин, пайдалы ақпарат болды

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ