Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Аурулар

 

Бүйрек пен несеп жолдарының тасы


Бүйрек пен несеп жолдарының тасы көбінесе организмнің жалпы әлсіреуінен пайда болады. Тастың байлануына баланың дұрыс тамақтанбауы, таза ауада аз жүруі, организмге кейбір минералды тұздардың үнемі енуі, сондай-ақ мешел, асқазан және ас қорыту, несеп жолдарының ауруы да септігін тигізеді.

Тас бүйректе, бүйрек астауында, несеп жолдарының кез келген жерінде, қуықта, үрпіде байланып, тастың көлемі, тұрқы, құрамы әр түрлі болуы мүмкін. Тастың көлеміне және қай жерде байланғанына қарай ауырсынуда, шаншу да әрқалай болады. Ауыру бала жүгіргенде, ауыр жұмыс істегенде, көп жүргенде күшейе түседі.

Зәрдің қызғылт түстес болуы — ата-ананың көңіліне күдік түсіруі тиіс. Себебі, несеп жолдарының ішкі шырышты қабығы тас қозғалғанда жарақаттанады. Соның салдарынан зәрге қан араласады. Ер баланың үрпісінде тас пайда болса, ол оны ұстап жылайды және зәр сындыра алмай қиналады. Қуығының тұсын сипағанда зәрге толып тұрғаны байқалады.

Үрпідегі тас негізінен бүйректен, несеп жолдарынан, қуықтан келіп жиналудан пайда болады. Ал қуықтағы тасқа келсек, оның өзіне, көп жағдайда бүйректен, несеп жолдарынан келген қиыршық тастардың түсуі салдарынан болады.

Бұл жағдайда баланың кіші дәреті жиілейді, кейде ол «ішім ауырады» деп жылайды. Қозғалған сайын ауыратын болғандықтан, ауырмайтындай жағдайда жатуға тырысады. Кейде баланың кіші дәретінің бірнеше бөлініп шығатынын, зәр тоқтай қалғанда қозғалса, қайтадан зәр сындыратынын байқауға болады. Әрине, бұл қуықта тастың барын көрсетеді.

Бүйрек, несеп жолдарында пайда болған тастарды әр түрлі тәсілдермен емдеп жоюға болады. Соның бірі тасты ерітіп түсіретін дәрі-дәрмектер. Тастың көлемі кіші болса, ауру балаға сұйық тамақ көп ішкізіп, оған тиісті жаттығулар жасату керек. Мұның өзі тастың түсуіне мүмкіндік жасайды. Ал егер тас қуықта байланып, әрі ірілеу болса, онда арнаулы құралдармен майдалап, сонан соң тастың, шығуына әсер ететін белгілі дәрілер ішкізеді.

Бүйрек және несеп жолдарының қабынуынан балада фосфор тұздары пайда болса, онда алдымен органдардың қабынуын жазу керек. Науқасқа тұзы аз тамақтар, көбінесе сүттен дайындалған тағамдар берген пайдалы. Ал етті тамақтарды мөлшермен ғана пайдаланған дұрыс. Лимон, апельсин және басқа да жеміс-жидектер жеген жақсы.

Егер байланған тасты дәрі-дәрмектің күшімен түсірсе немесе еріте алмаған жағдайда операция жасатуға тура келеді. Операция жасап тасты алып тастағаннан кейін науқас баланың ата-анасы дәрігермен ұдайы кеңесіп, оның жағдайының жақсы болуын қадағалауы, дәрігердің нұсқауларын бұлжытпай орындап отыруы тиіс.

Операциядан кейін науқасқа дәрігер жазып берген дәрілер, дәрілік өсімдіктер, дәрігер рұқсат еткен тамақтарды ғана берген жөн. Балаға сау күнінде ішіп жүрген тамақтарын, әсіресе майлы тамақты беруге болмайды. Оның өзі жаңадан жазылып келе жатқан органның қызметін бұзады. Сырқаттың жазылуын кешеуілдетеді. Ал баланың ертерек жазылуына дене шынықтырудың да пайдасы зор екенін ескеріңіз. Дене шынықтыру сырқат организмінің қорғаныс күшін арттырады, баланы тынықтыра түседі.

Бүйрек ауруының созылмалы түрі және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігін екіге бөлуге болады: біріншісі жедел, екіншісі бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі. Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі мынадай жағдайларда: жоғарыда айтып өткеніміздей, улы саңырауқұлақтармен, дәрі-дәрмектермен, улы өсімдіктермен, бұзылған тағамдармен уланғанда, улы жәндіктер шаққан кезде, екі бүйректің бірдей ауыр жағдайда қабынуы кезінде, күйікте, бүйрекке соққы тигенде және жараланғанда, ауыр түрде үсігенде, бүйректе және бүйрек жолына тас бітуі салдарынан, сонымен қатар басқа аурулармен қатты ауырып, жағдай өте нашарлағанда кездеседі.

Бұл жағдайлар бүйрек қан айналысын күрт нашарлатады. Бүйректе қан қысымы төмендеп, зәрдің шығуы азаяды. Жүрекке, миға және басқа да клеткаларға қанның жеткілікті келуін жақсарту үшін бүйректегі қан айналысы уақытша тежеледі. Осының салдарынан қан қысымы төмендейді де, зәрдің бөлінуі бұзылады. Ауыр жағдайда зәр жүрмей қалады.

Бірақ уақыт өткізбей дәрігерге қаралса, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен толық айығуға болады. Дер кезінде дұрыс емделмеген баланың (кейбір ата-аналар баласының көңіл күйі сәл жақсарса, ауруханадан дәрігердің рұқсатынсыз алып кететін кездерде), бүйрегінің қызметі нашарлап, ауруы созылмалы жеткіліксіздікке айналып кетеді. Ол әрине бала өміріне өте қауіпті.

Несеп мүшелерінің аурулары жайлы біз не білеміз.

Несеп тасы (мочевые камни) қалай пайда болады?

Бүйрек және бүйрек астауының созылмалы қабынуы.

Шыжың (энурез) ауруының негізгі белгілері мен себептері.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Шошқа мойын (Паротит)
  • Теңіз ауруы
  • Несеп мүшелерінің аурулары
  • Шешек
  • Іштің қатуы

Пікірлер 19 Пікір қосу

  • Аружан 02.03.2022 күні 13:57 уақытында

    Бұл мақала толыққанды түсінікті тілде жеткізілген. Түйін: Денсаулыққа жақсылап қараңыздар, дәрігер көмегіне жүгініңіздер.

    Жауап беру
  • Казна 26.01.2022 күні 23:59 уақытында

    Анық, түсінікті жазылған. Көп мәлімет алдым. Рахмет

    Жауап беру
  • Дильназ Мухаммедова 21.01.2022 күні 10:10 уақытында

    Макала өте күшті екен

    Жауап беру
    • Айгерим 15.02.2022 күні 18:27 уақытында

      Негізі бәрі салкыннан болады. Сол ушин жылы журу кажет. Балалар кобине носки кимей журе береді. Суык табаннан өтеді деушедигой

      Жауап беру
  • Дильназ Мухаммедова 21.01.2022 күні 10:09 уақытында

    Тамаша!!!

    Жауап беру
  • Дильназ Мухаммедова 21.01.2022 күні 10:09 уақытында

    Керемет жазылған ақпарат көзі

    Жауап беру
  • Дильназ Мухаммедова 21.01.2022 күні 10:07 уақытында

    Өте күшті дамыған екенсіздер, керемет

    Жауап беру
  • Дильназ Мухаммедова 21.01.2022 күні 10:07 уақытында

    Маған өте қатты ұнады, керемет

    Жауап беру
  • Дильназ Мухаммедова 21.01.2022 күні 10:06 уақытында

    Білмейтін нәрселерді біліп жатырмыз күшті жазылған

    Жауап беру
  • Дильназ Мухаммедова 21.01.2022 күні 10:05 уақытында

    Күшті керемет!!

    Жауап беру
  • Дильназ Мухаммедова 21.01.2022 күні 09:56 уақытында

    Пайдалы сайт??

    Жауап беру
  • Акмарал 21.09.2021 күні 09:22 уақытында

    Ескертетін жайт аурудың сәл белгілері байкалса дереу врачка бару керек, самолечениемен айналыспай, одан бетер асқынп кетуі мүмкін

    Жауап беру
  • Аяулым 12.09.2021 күні 21:55 уақытында

    Қазіргі кезде адамдарда бүйректе тасым бар деп айтып жатады.Сондықтанда ауруды асқындырып алмас үшін дәрігерге жүгінген жөн деп ойлаймын.

    Жауап беру
  • Мерей 13.01.2021 күні 18:09 уақытында

    Маған ұнады мақала

    Жауап беру
  • Алма 16.12.2020 күні 01:27 уақытында

    Бүйректегі тас қайдан пайда болатыны,оның әсерінен қандай өзгерістер болатынын білдім,рахмет

    Жауап беру
  • Айдын Қанатқызы 03.09.2020 күні 23:45 уақытында

    Мәліметтер түсіберсі. Әрі пайдалы. Рахмет. Алла денсаулық берсін.

    Жауап беру
  • Гулайша 20.08.2020 күні 03:47 уақытында

    Иә, бұл сайтта өзіңе қажетті ақпарат ала аласың. Керемет. Ең бастысы түсінікті әрі кең куқымда жазылған.

    Жауап беру
  • Ахмеденова Нағима Төлепқызы 26.04.2020 күні 07:12 уақытында

    Өте сапалы материалдары бар сайт!Түрлі ауру белгілері мен емін табуға болады екен.Маған ұнады!

    Жауап беру
    • Askar-NNN 14.05.2020 күні 15:39 уақытында

      Мағанда ұнады.

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.