Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Аурулар

 

Ауру дегеніміз не?


Адамдардың денінің сау болуы — ол баға жетпес байлық! Бірақ, өкінішке орай тіршілікте аурудың да бар екенін ұмытпаған жөн. Күнделікті өмірде адам ауырып немесе жарақат алып жатады. Сондықтан ауру – үлкен қасірет. Ол біздің денеміз және қоршаған орта арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда басталады.

Адамның ағзасы көпшілік жағдайда қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан өзі қорғана алады. Бірақ, кейде оның қорғаныш қасиеті төмендесе немесе адамға әсер ететін қолайсыз жағдайлардың күші басым болса, онда адам мен қоршаған ортаның арасындаға тепе- теңдік бұзылады да, адам ауырады. Ауру мен оның ағымын санау мүмкін емес.

Аурудың бір түрінде адамның қызуы көтерілсе, екіншісінде — қатты жөтел қинайды, үшіншісінде — құсып, іші өтуі мүмкін. Көп жағдайда осы белгілер қосылып байқалады. Адам ауырғанда әлсізденіп, жұмыс жасауға немесе оқуға шамасы келмейді. Аурудан әбден шаршаған адам еш нәрсеге шамасы болмай, төсек тартып, жатып қалады.

Сонда аурудың мәні неде деп ойлайсың? Біздің денеміз өзін қоршаған ортаға тәуелді. Бірақ, адам ағзасының өзін қолдап тұратын — ішкі ортасы болады. Сондықтан сыртқы орта мен ішкі орта әрқашанда бір-бірімен тең жағдайда болуы керек. Міне, осы тепе-теңдік денсаулықтың негізгі шарты болып саналады.

Сау ағза сырттан келетін көптеген зиянды әсерлерден (мысалы, ауру тудыратын микробтар)қорғанып, оған бейімделе бастайды. Ал кейбір жағдайларда мұндай зиянды әсерлердің күші басым болады да, адам ағзасындағы мүшелер мен жүйелердің қызметі бұзылып, сондай- ақ олардың клеткалары мен тіндерінде де өзгерістер байқалады.

Осының нәтижесінде ауру пайда болады. Ауру пайда болды деген сөз, ол аурудың ағзаға енгенін білдіреді. Мұндай жағдайда адам ағзасы мен аурудың ортасында нағыз күрес басталады. Бұл күресте не ағза жеңеді, онда адам сауығып кетеді, не ол жеңіледі. Соңғы жағдайда ағзадағы мүшелер мен жүйелердің қызметі бұзылып, олар тіршілік ету қабілетінен айырылады, адамды ауру жеңіп, бұл түбінде адамды өлімге алып келеді қайсыбір жағдайда кейбір мүшелердің қызметінің бұзылуы нәресте туа салысымен байқалады.

Бұл іштен туғаннан пайда болған аурулар мен ақаулар. Бірақ аурулардың көпшілігі туғаннан кейін пайда болады. Өкінішке орай, негізінен адам өзінің кінәсінен денсаулығын жиі жоғалтады. Мысалы, суық кезде жеңіл киініп шығып суық тигізу, шамадан көп тамақ ішу, өте көп темекі тарту, әсіресе ішімдікке жақын болу дерттің пайда болуының негізгі себептері болып саналады.

Адам ауырғанда ең бірінші жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады да, содан соң бұл басқа мүшелерге беріледі. Кейде адам әр түрлі себептердің әсерінен ауыр жарақат алуы да мүмкін. Сол сияқты әр түрлі химиялық және физикалық заттар мен олардың әсері ағзада қабыну немесе ісіктің дамуына әкеледі. Ал ауру тарататын микробтар жұқпалы ауруларды таратады.

Ағзада пайда болған ауру әуелі бір мүшені, содан кейін бүкіл ағзаны зақымдайды. Оған мысал ретінде баспа(ангина) ауруын алайық. Ауру басталғанда, әуелі бадамшаларды зақымдайды, адамның дене қызуы көтеріліп, тамаққа тәбеті болмайды, әлсізденіп, жұтынғанда қатты ауырсынады.

Егер баспаны дер кезінде емдемесе, дерт асқынады, жүрек шаншып, буындар сырқырап, жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Қазіргі кездегі медицинаның қол жеткен жетістіктерінің арқасында көптеген ауруларды емдеп, жазуға болады. Бірақ, күні бүгінге дейін жазылмайтын аурулардың да бар екенін естен шығармаған жөн.

Егер біз өзіміздің денсаулығымызды бағалап, оны сақтағымыз келсе, онда аурулар туралы, олардың пайда болу себебін, ағымын және оның соңы неге әкелетінін білу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Стресс дегеніміз не және оның адам денсаулығына әсері.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Адамның дене температурасының қызуы неге көтеріледі?

Склероз дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Теміреткі
  • Аурудың асқынуы және ауырсыну
  • Қанталау
  • Никотин
  • Семіздік

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Акмарал 21.09.2021 күні 09:39 уақытында

    Салауаттты өмір салтын ұстану ағзаның дұрыс жұмыс жасауынакез келген аурудан алыс болуға әсер етеді

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.