Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ана мен бала

 

Отбасы және бала психологиясы


Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасының бала тәрбиесіндегі міндеттері:
– баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлар мен түрлі мүмкіндіктер жасау;
– баланы эмоционалдық қолдауды қамтамасыз ету;
– баланың тіршілік іс –әрекетінде қауіпсіздік туралы алғашқы білім қалыптастыру;
– балаларды өз – өзіне қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету;
– тілдік қатынастың дамуын қамтамасыз ету;
– баланың бейімі мен қызығушылығын дамыту.

Отбасы, бала, бала психологиясы, мектеп жасына дейінгі балалар Мектеп жасына дейінгі кезеңде ( 3 -7 жас) бала организмінің дамуы қарқынды түрде өтеді. Бала организмінің жалпы өсумен жекелеген мүшелерінің анатомиялық түрде дамуы, олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Ерте сәбилік шаққа қарағанда баланың әлеуметтік орны өзгереді, енді оның жасына сай кейбір қарапайым өздігінен атқаратын міндеттер пайда болып,үлкендерден тәуелділігі азаяды. Балабақшаға барған бала, белгілі бағдарлама бойынша жүйелі оқыту мүмкіндігі туады. Бала дамуының ерекшеліктері оған тән іс –әрекет түрлерінен ,әсіресе сюжеттік – рөлдік ойындардан көрінеді. Бала өзімен қатар басқа балалармен қарым – қатынас жасай бастайды. Бұл кездегі баланың жетекші іс – әрекеті – ойын. Ойынның арқасында балада сапалы психологиялық өзгерістер пайда болады, онда үйрену әрекетінің негіздері қаланады.
1. Ойын барысында баланың ырықты зейіні мен ырықты есі дамиды,оның өзі тілдің дамуына септігін тигізеді.
2. Ойынмен қатар бала психологиясының дамуында іс – әрекеттің тағы бір түрі – жемісті ,өнімді еңбек ету іс – әрекеті атқарылады. Оған – сурет салу, жапсыру,мүсіндеу,құрастыру жатады. Мектепке дейінгі балаларды кейбір жекелеген еңбек тапсырмаларды орындауға да үйретеді. Осының нәтижесінде бала оқу әрекетінің элементтерін игереді.
3. Ал оқу міндеті – қандай да болмасын бір жаңалыққа үйрену пайда болғанда ғана қалыптасады. Оқу міндетінің бөлінуі 6-7 жаста қалыптасады, осыған байланысты балалар үлкендер нұсқауын зейін қоя тыңдап, орындайды, өзін – өзі бақылауы пайда болады. Оқу әрекеті бала психикасына,оның қабылдау,зейін,ес, ойлау үрдістерінің ырықтылығы мен басқарылуына талаптар қойып, тиісті психологиялық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі. Баланың психологиясының дамуы мен қалыптасуына сенсорлық қабілеттер мен таным процестерінің қалыптасуы үлкен әсер етеді.
Бұл кез баланың сезімдік тәжірибесінің молайып ретке келу шағы ,қабылдау мен ойлауы,қиялы күшті дамып,ырықты зейіні мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болады.
3 жастан 7 жасқа дейін көру , есту, тері – қимыл сезгіштігі едәуір жоғарылайды.көргіштігі артып, түстердің түрін ажыратуы жоғарылап,фонематикалық және жоғары дыбыстарды естуі дамиды.Қабылдаудың дамуы үшін сенсорлық эталондар жүйесін меңгерту зор. Сенсорлық эталандарға – спектр түстері ( 7 негізгі түс) , геометриялық пішіндер, музыкалық дыбыстар, тіл фонемалары жатады. Үшбұрыш – үй шатыры сияқты, дөңгелек – доп тәрізді, қызыл түс шиенің түсі . Баланың сыртқы дүние заттарын қозғамай бейнелер арқылы ойлай алуында осы заңдылық жатыр. Осының негізінде балада көрнекі – бейнелі және логикалы ойлау қалыптасады.
Ойлау формалары : ұғым, пікір,ой қорытындысы. Мектеп жасына дейінгі балалар уақытты және кеңістікті қабылдауда көп қиналады.
« Оң қол», « Сол қол» дегенді шатастырады,пішіндердің суретін салуда көлем, бұрыш, енінің өзара кеңістіктегі арақатынасын ажырату қиынға түседі. Ал, уақыт жайында « кеше ,бүгін, ертең,арғы күні» ұғымдарын шатастырады. Мысалы: « біз кеше барамыз» деуі әбден мүмкін.
Зейіннің тұрақтылығы: Бөбектерде 30 -40 мин,6-7 жаста 1 -1,5 сағат. Арнайы есте қалдыру аз. Тек нақты бейнелерді ,суретке түсіргендей есте сақтауы « Эйдитикалық ес» деп аталады.
Қиялы: Ойын негізінде ертегіге қызығушылық қабілетін қалыптастыру.
Жеке басының қалыптасуы: 1. « Мен « ұғымы қалыптасады. Балалармен қарым –қатынасы ойын үстінде, егер үлкендермен қатынасы жақсы болса тілін алады.2. Істің не ойынның қызғылықты болуы.3. кейде қызықтаса да басқалармен қатар істеуге талпынады.
4. Өзін басқалар алдында азамат етіп көрсеткісі келеді.
Мектепке дайындығы: 1. Оқуға деген ықыласы.2. Оқу – жаңа әрекет,оған төзімділік керек,45 минут ерік жігерінің дамуы арқасында. 3. Зейінді болып, мұғалімнің сөзін қабылдауын қажет етеді.4. Оқу материалын ұғынып,оны саналы түрде еске сақтау,қиын мәселелерді шешуге ойлана бастауы қажет.5. Айтайын деген ойын жеткізе білуі. Міне отбасында бала психологиясын біле отырып, ата – ана болып бала тәрбиесіне, білім алуына ,өсіп – өнуіне зор көңіл бөлу қажет деп ойлаймын.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Бала тәрбиесі – игілікті іс
  • Отбасылық тәрбиелеу
  • Заманауи ертегілер
  • Қалай жүкті болуға болады
  • Анаға жасалған жағдай-балаға жасалған жағдай

Пікірлер 7 Пікір қосу

  • Салтанат 05.02.2022 күні 18:04 уақытында

    Бала психологиясының дұрыс қалыптасуына бірден-бір әсер етуші тұлға ата-анасы. Дүниеге келген бала әр нәрсені танып білу үшін қызығушылық танытады. Ұстайды, аузына салады, тістейді, шашады, жыртады. Сол кезде ата-ананың қолдауы арқылы нені қалай және не үшін , қалай қолдану , тағы басқа дағдылары қалыптасады.

    Жауап беру
  • Айнур 05.11.2021 күні 20:48 уақытында

    Оте жаксы айтылган

    Жауап беру
  • Назира 18.08.2021 күні 14:29 уақытында

    Отан отбасынан басталады

    Жауап беру
  • Толқын 19.04.2021 күні 16:07 уақытында

    Мақалада жас ерекшеліктер қамтылған , мәні мағынасы бар

    Жауап беру
  • Майра 13.12.2020 күні 06:26 уақытында

    Өте жақсы түсінікті жазылған.Рахмет. Маған ұнады.Осындай көрнекіліктер керек еді.

    Жауап беру
  • Алия 25.11.2014 күні 15:42 уақытында

    өте ұнады,тәрбиелік мәні бар екен.

    Жауап беру
  • Мариям 05.10.2014 күні 23:57 уақытында

    жақсы жазылған!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.