Бұзықтық жасаған балаға қандай шара қолданамыз?

Авторы: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, Өтегенова Әйгерім Жаналықызы

«Баланың ісі-шала», «Бұл бала, бала емес-бәле» деген құлаққа түрпідей тиетіндей осындай бір мақал-мәтелдерді кейінгі кезде өмірде жиірек ұшырастырып отырамыз, кейде құлағымыз шалып та қалады. Ата-бабаларымыз баланың қыңыр мінезді қырсықтығы мен айтқан тіліңді алмайтын бірбеткей ұнамсыз мінез-құлқына қарап, ренжіп, осы сөздерді айтса керек.

Әрине, баланы тәрбиелеу-өте қиын іс. Әйтсе де, әр уақытта аса ыждаһаттылықпен балаға мән берсек, оның іс-әрекетіне әрдайым көңіл-аударсақ, міне, сонда ғана балаға оңын-солын ажыратуға септігіміз тимей қоймасымыз анық әрі тәрбие беру де оңайлай түседі-міс. Алайда, шектен шығып, тентектік жасайтын баланы қалай жөнге салуға болады?

Бәлкім, ұрысып, ұрып немесе түрлі жаза да берген дұрыс па, әлде бұрыс па? Бұл сұрақтардың жауабына көпшілік қауым, бірден, міндетті түрде: -Жоқ, болмайды. Керісінше, ұрыспай, ұрмай тәрбиелеу керек. Жәй сөзбен, ақылға салып түсіндіргеннің өзі жеткілікті– дейтіні бізге мәлім. Дегенмен, кейде бала тым агрессивтік қабілет көрсетіп, бойындағы тасып тұрған, жиналған күш-қуатты бәрібір де шығару үшін «бұзықтық» атаулыға барып қоятыны да бар. Бұл – заңды құбылыс және болуы керек те…

Сол кезде ата-ананың, ересектердің ашуына соншалықты тиетіні рас. Бірақ та, қабағы кірбің тартып, ит терісін басына қаптатып қайтпек?! Сонда да біздің жауабымыз біреу-ақ: «Асықпай сабырға келіп, жәймен ғана ол нәрсенің болмайтындығын көз жүгіртіп, ақылға салып түсіндіру» — деп ұғынамыз.

buziktik-zhasagan-balaga-kandai-shara-koldanamizДесек те, осы бір тығырықтан шығу үшін «аса сабырлы болу керек!»- дейміз де, ашуға булығып, шыдамымыз таусылып, дұрыс емес болса да шектен шыққан, бұзықтық әрекетке барған баламызды «бірден ұрысып, ұратынымыз, тіптен әр түрлі қорқыту жазаларын да беретініміз де жасырын емес, бүгінде мұндайды аз кездестірмейміз. Міне, бұл-күнделікті өмірде кейбір отбасыларда кездестіретін жәйт. Сонда, бәлкім сіз ойланатын боларсыз, «бұзықтық жасаған баланы еш ұрыспай, ұрмай қалай тәрбиелеуге болады?-деп. Ол үшін алдымен, бұзықтық жасаудың алдын-алу жолын қарастырып көрейік.

Кішкентай кезінде бала бойында күш-қуат көп, тұнып тұратындықтан, мұнысын ескеріп, бұл күш-қуатты жақсы, пайдалы іске арнаған жөн-ақ. Ол үшін күнделікті жоспар бойынша, ата-ана тізіммен біртіндеп өзінің сүйікті шаруаларына уақыт бөлгізу керек. Мәселен, спортпен шұғылдандыру, ата-анаға қолғабыс ету, түрлі үйірмелерге қатыстыру, кітаптар оқыту, қолөнер, суретке, ән-биге үйрету, шахмат ойнату, құрастырту және белгілі бір аспапта ойнатуға машықтандыру. Әйтеуір, еш бос уақыты қалмайтындай ету керек.

Адамның бос уақыты тиімді жұмысқа арналса, бос уақыты болмағаннан кейін бұзықтыққа барар жолда алыстайды, тіпті жойылады десек те болады. Әрине, мұны істеу сіз үшін тым ауыр болып яки еріншектікке сіз бой алдыртсаңыз, онда жәй ғана үйде бар, дайын нәрселермен, тапсырма, түрлі шаруаларды (жазу, оқу, т.б.) беріп қою керек. Ал, мұның бірін де істемесеңіз, онда «дайын асқа, тік қасық» дегендей, кейінгі уақытта баланың түрлі бұзықтық әрекетке бармауына тосқауыл қою сізге қиынға соғуы әбден мүмкін.

Сонымен, мынадай зиянсыз амал-әдістердің сырын ашпақпын. Бұл әдістер баланың бойына, мінезіне ешқандай психологиялық ауыртпалық, денесіне ешбір зиян, физикалық күш түсірмейтіндей дәрежеде болғаны дұрыс деп таптым. Бұл әдіс-амалдар аз да болса, көмегін тигізбей қоймас. Алдымен, бұл әдістерді қолданбас бұрын, баланың іс-әрекеті соншалықты жазалайтындай бұзықтыққа жатады ма? Жалпы, мұны қолдану керек пе? Мүмкін, бұзықтығын жәй сөзбен түсіндіруге келер ме? Міне, осыны тез арада ой елегінен өткізіп, таразылап барып, шешім қабылдаған дұрыссырақ.

1) Бала бұзықтық жасады, жылады немесе тіптен, бір нәрсеге бола сізге көнбейді. Не істеу керек? Баланы бірден құшақтау, жылы сөздер айту.

2) Тыңдамаса?!… Ең дұрысы-ата-ана ренжіп қалу, онымен сөйлеспей қалу және өзінің бүлдірген затын өзіне істету, сонда түсіне бастайды. Және өзінің жақсы көретін нәрсесін шектеу немесе ата-анасы, туысын «келмейді, саған ол да ренжіді»-деген секілді сөздермен баланы иландыру.

3) Жәй баппен асықпай, айқайламай, бірақ көзбен (көзқараспен) қорқытып, тік қарап тұрып, қатаң үнмен түсіндіріп сөйлесу.

4) Ашуыңызға тіптен тиген жағдайда, аса сақтықпен бала қолының бұлшық еті немесе майлы жерінен ғана аздап қысып тұрып, (бірақ күш қолдануға болмайды) құшақтау, сипалау. Сонда бала өзі таңырқап қалып, сабырға келуі мүмкін.

Дегенмен, барынша шыдап, дереу тентектігін сол бойда тоқтатып, ашуды тарқатып барып баламен содан соң ғана жәймен сөйлескенге не жетсін!? Әйтпесе, жазалау, ұрысу, ұру, айқайлаудан, яғни тым қатал тәрбиеден бала өзіндік ішкі күйзеліске ұшырап, соның салдарынан ашуланшақ, қатыгез, мейірімсіз немесе өте жасқаншақ, жуас баланың осындай тәрбиеленуден шықпайтынына кім кепіл?!

Алайда, қатал болмаған дұрыс деп, әрдайым еркіндік беріп, жайбарақаттық танытудың да пайдасынан бөлек, өзіндік келіп-кетер кері әсері де жоқ емес. Мұндай жолмен тәрбиеленген бала да тым ерке, айтқан тілді алмайтын бірбеткей боп кетуі де ғажап емес. Сондықтан ата-аналар, ересектер қауымы аталған әдістердің біреу үшін орасан зор пайдасы тисе, енді біріне кері әсер етуі де әбден мүмкін.

Сондықтан, аталған амал-әдістер мен көпшіліктің пікірін салыстырып, бір жақты ой жетегіне кетіп қалмау керек. Керісінше, көпшіліктің кеңесінен өзіңізге лайықты, пайдалы, керектісін ғана іріктеп алып, жан-жақты сараптап барып, бір ғана ойды ғана түйіндеу, әрине, ата-ана сіздің еншіңізде! Өйткені, қазіргі өсіп жатқан ұрпақ –ол жарқын болашақтың үлгі тұтарлық айнасы іспеттес болуы тиіс, себебі ол еліміздің бетке ұстар азаматы мен азаматшасы!!!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер16
  1. Бибинур

    Сәлеметсіздер ме мына дүниелер тек бала тәрбиесі жолында жүрген мұғалім тәрбиешілерге ғана емес әр бір ата ана жанында сақтайтын дүниелер ғой керемет жасалған

  2. Гулнура

    Өте керекті мағлумат

  3. Гулнура

    іТәрбиесіне мән беруіміз керек қазірден,әйтпесе ертең кеш болары анық

  4. Гулнура

    Йа кей кезде ашуымызға ерік беріп жатамыз

  5. Ainur

    кей кездері ашуымызды жеңе алмай жатамыз

  6. Балнур

    Балаға ең керегі мейірім.Кейде баланы қалай тәрбиелеген дұрыс деп ойланамын.Өзім тым қатты шектеу қоймауға тырысамын.

  7. Динара

    Мақаланыз жақсы екен, бірақ, әр балаға қолданатын әдіс түрі жеке дара қалыптасатын сияқты

  8. Айнур

    Баламен коп жумыс жасауымыз керекпиз.Казир неше турли жагдайлар орын алуда.Балага коп конил болсек мейирим берсек Келешек урпагымыз бизди солай курметтеп сыйлайды

  9. Бота

    Өте жаксы жазылған екен. Бала тәрбиесі, бала мінезінін дұрыс қалыптастыру өте маңызды.

  10. Алма

    Әдісіңіз әр бір балалы анаға керек екен.

  11. Диана

    Мақала өте пайдалы екен. Бір бала бұзықтық жасаса басқалары да соны қайталайды. Бұл балаға вниманиенің жетіспеуінен болар.

  12. Рахымғалиева Толқын

    Жәй сөзбен, ақылға салып түсіндіргеннің өзі жеткілікті– дейтіні бізге мәлім. Дегенмен, кейде бала тым агрессивтік қабілет көрсетіп, бойындағы тасып тұрған, жиналған күш-қуатты бәрібір де шығару үшін «бұзықтық» атаулыға барып қоятыны да бар. Бұл – заңды құбылыс және болуы керек те…

  13. Назым

    Ия, кей кездері өхімізді қалай ұстау керегін білмей қаламыз. Кеңесіңізге рахмет

  14. Құралай

    Ия. кей кезде өзімізді қалай ұстау керек екенін білмей жатамыз .Себебі бала біз үшін әлі жұмбақ әлем. Оны түсіну үшін бізде көп сауаттылық керек. Осы мақаладан да өзіме ой түйіп отырмын . Рахмет

  15. Насихат

    Мақала өте маңызды мәселе болып табылады. баламен қандай қарым қатынас жасасақ олар бізге солай қарым қатынаста болады. Оларға назарымыз жетпей жатқанда осындай көріністер орын алады. Баланың тәрбиесі үнемі назарымызда болу шарт

  16. Насиева Фая Хисметуллаевна

    Мына тақырып кім-кімді де ойлантады екен.Балаға тәрбие туылғаннан беріледі дейді.Ата ана бала тәрбиесіне көңіл бөліп баласымен жиі айналысса бала да бұзықтыққа бармайды.Әйгерім Жаналыққызы бұзықтықтың алдын алудын бірнеше жолын қарастырған. Өте орынды.Маған ұнады.
    Екіншіден,бұзықтық жасаған балаға зиянсыз әдістердің сырын ашқан.Бұд әдістерге келісуге болады,тек
    екінші әдісі
    Тыңдамаса?!… Ең дұрысы-ата-ана ренжіп қалу, онымен сөйлеспей қалу және өзінің бүлдірген затын өзіне істету, сонда түсіне бастайды. Және өзінің жақсы көретін нәрсесін шектеу немесе ата-анасы, туысын «келмейді, саған ол да ренжіді»-деген секілді сөздермен баланы иландыру. -деген дұрыс емес деп ойлаймын.Ол баланы алдау және ызақорлыққа итермелеу.Себебі балаға ренжіп бүлдірген нәрсені күшпен түзете алмайсын. Ақылға жеңдіріп баланың тілін таба білу қажет деген ойдамын
    Сайттарыңызға осындай материалдар жиналып оқырмандар көңіл қойып оқыса дегім келеді.Сонда барлық ата ана бала тәрбиесінде бұзықтық жасаған балаға шара қолданғаннан гөрі,баланың бұзықтық жасауына жол бермеген болар еді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ