Балалы үй базар

balali-ui-bazarТұңғышым дүниеге келгенде, менен асқан бақытты адам болмады. Бала деген өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Ал екінші бөбегімді көтергенде дәрігерлер баланы жасанды түсік жасту керектігін айтты. Себебі бауырыма эхегакок құрты жабыскан. Баланы алдырып дереу бауырға ота жасау керек деп түсіндірді. Мен тірі сәбиімді колдан калай өлтірем деп келіспедім. Дәлізге шығып кетіп, көзімнің жасына ерік бердім. Құрсағымды алақаныммен сыйпаған сайын, бөбегімнің қимылын сезем. Жүрегім аузыма тығылып, алай-дүлей күй кештім. Дәрігер ақыры ойласа келе, бір ай өткізіп тағы тексеруден өтесін деді. Егер құрттың көлемі ұлғаятын болса сөзсіз келісуме тура келетінін айтып тусіндірді. Бір ай өткізіп тексеруден қайта өттім. Бауырға жабысқан кұрт үлкеймепті. Сонымен тоғыз ай тоғыз күн дегенде аман-есен қыз босандым. Сол кездегі жұбайымның бақытты жүзин көргенімде, өзімді ерлік жасағандай сезіндім. Зәулім үйіміз, қымбат көлігіміз болмасада жер бетіндегі ең бақытты отбасы біз деп ойладым.
Кейін бауырға ота жасатып дертімнен кұлан таза айықтым. Қазір төрт баланың анасымын.
Осы күндері жағдайымыз жоқ деп жасанды түсік жасата салатын қыз-келіншектеріміз көп. Көкек аналарда көбейіп барады. Бала сүю бақыты кез-келгенге бұйыра бермейтін бақ екенін солар тусінсе деймін.
Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деп тегін айтылмаған. Балалары шулап жатқан шаңырақ ең бақытты шаңырақ!.

Мақала авторы: laurita_8078

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер16
  1. Aidana

    Бала сүю әр ата-ананың арманы. Баланы дүниеге әкелген соң асырап жеткізу үлкен міндет. Ол сіздің болашағыңыз. Ала күш қуат, денсаулық берсін.

  2. Инкарим

    Әр бала — шаттық, әр бала — қуаныш. Баланың үйдегі шуы — бақыттың дауысы.

  3. Салтанат

    Бала сүю әр ата-ананың арманы. Баланы дүниеге әкелген соң асырап жеткізу үлкен міндет. Ол сіздің болашағыңыз. Ала күш қуат, денсаулық берсін.

  4. Омарбекова Асем Сансызбаевна

    Өмірдің бір қызығы- бала деген.Балаларымыз бейбіт елде, ата- анасының мейірімі мен махаббатына бөлініп ержетіп жатыр.Аллаға сансыз шүкір айтамын.Әр бала өмірге бақытты болу үшін жаралған.Өмірдің әр қилы материалдық қиындықтары балаңыздың риясыз күлкісі мен мойныңызға кеп құшақтап, бір иіскегенге татымайды. Сондықтан Алланың бізге аманат етіп жіберген періштелеріне қиянат етуден аулақ болайық!

  5. Айнур

    Ар бала оз несибесимен

  6. Айдана

    Әрине сіз нағыз ерлік жасағансыз, алайда басқалары туралы ештеңе айтудың қажеті жоқ, сіз оларда қандай жағдай болғанын білмейсіз ғой, өмірде неше түрлі болады(

  7. Улсерик

    ар бала оз несибесимен дейди сол ушин коп бала болганнан аскан бакыт жок

  8. Элмира

    Өте керемет көпке өнеге болатындай мақала

  9. ЖАНАРГУЛЬ

    керемет жазылған екен. окып көзіме жас алдым
    (

  10. Айгерим

    Баланың қадірін түсінбей жүргендер қаншама?Сіз жарадыңыз!

  11. Алия

    Оте керемет макала! Балалы уй базар, баласыз уй ку мазар деп казак атам бекер айтпаган! Расцвела, балаларымыз омиримиздин Мани!

  12. Айман

    басқаларға сабақ болатындай макала! өз денсаулығыңызды бәске тігіп, баланызды дүниеге әкелем деп ерлепсіз! жарайсыз! Дәрігерлердің де өз тарапынан дұрыс маман болуы маңызды осындай жағдайларда.

  13. Айжамал

    Алла жанына жаманат бермесін,денің сау болсын,еш қиындыққа қарамастан балаға өмір сыйлайтын аналар ұзағынан жасасын.Қазақтың әрбір жас келіні Сізден үлгі алуы керек!

  14. Насиева Фая Хисметуллаевна

    Өз денсаулығына қарамастан сәбиді дүниеге әкелу үлкен ерлік.
    -Жарайсың!
    -Көптеген аналар,ару қыздар бастарына түскен қиыншылықтан дені сау баланы дүниеге әкелмей бас тартып жатады.Ал сен өз денсаулығына қарамастан дүние есігін ашып жарық өмірді көргісі келген сәбиіңді аман-есен өмірге әкелдің.Баланың өмірге келуі отбасына қуаныш,бақыт сыйлады.Дертінен айықтың,денсаулығын жақсарды.Мүмкін сенің мақаланды оқып өзін айтқандай көкек аналар азаяр.
    Мақаланның пайдасы тиер деген үміттемін.Алла жанына жаманат бермесін,денің сау болсын,еш қиындыққа қарамастан балаға өмір сыйлайтын аналар ұзағынан жасасын.Төрт баланың анасысың отбасының қуанышын,қызығын көр.Үлгі боларлық мақала.Мақалана рахмет.

  15. Қайрат

    Сіз ерлік жасағансыз! Қазақтың әрбір жас келіні Сізден үлгі алуы керек!

  16. Арайлым

    куаныштымын сіз ушін, жети рет олшеп бир рет кес деген гой бурынгылар

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ