Болашақ аналарға кеңес

bala-densauligiҚазіргі қоғамдағы басты мәселердің бірі бала денсаулығы яғни дүниеге келіп жатқан сәбилердің 30 пайызға жуығының дендері сау емес болып дүниеге келіп жатыр.Бала денсаулығы өте жауапты да қиын мәселелердің бірі.Кезінде жасалған қате немесе болашақ ананың салғырттығы баланың бүкіл өмірін өзгертіп жібереді.
Басқалардан өзгеше туылған бала бүкіл өмірі бойы өзін кінәлап,өзін басқалардан төмен санаумен өтеді. Менің бір құрбым бала көтеріп үш ай толғанда тұмаумен аурып, дәрігерлерге қаралмай қазақшылыққа салып өтіп кетеді мен койды. Содан бала сегіз айға толғанда дәрігерлер баланың денсаулығында ахау бар екенін байған, құрбым дәрігерлерге сенбей қайта қайта УДЗ(УЗИ)ге түсті. УДЗ-де дәрігерлердің сөзін жоққа шығармады. Сонымен құрбымның ай күні жақындап босанды. Бала солай өзгелерден кішкене өзгеше яғни таңлайсыз туылды.Оған қаншама операциялар жасалды.Қазір құдайға шүкір жағдайы жақсы таңлай қойылды ерні қалпына келтірілді.Бірақ сол уақыт аралығында құрбым қаншама қиындық көрді.

Құрбымның жұбайы қолдау көрсетудің орнына достарыма баламды көрсетуга ұяламын деп баласынан теріс айналды. Ал енесі болса бір баланы дұрыс туа алмадың деп сан рет бетіне салды.Жұбайымен ажырасып баласын өзі емдетті.Сол сәттерде құрбым сан рет бұлай болатынын білгенде дұрыстап емделетін едім деп қатты өкінді. Сондықтан болашақ аналар балаңыз дені сау туылсын отбасымды бақытқа бөлеймін десеңіз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қараңыз, дәрігерге уақтылы барып айтқанын екі етпей орындаңыз! Сонда ғана  көптеген қиыншылықтың алдын алуға болады.

Мақала авторы:NiLuFaR

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Акерке

    Қазіргі уақытта дәрігерлер жүктілікті жоспарлаудың маңыздылығы туралы жиі айтуда. Негізі, мен де бұған қосыламын, әйел адам өзін кейінгі кезекке қойып, өз денсаулығына немқұрайлы қарамауы тиіс.

  2. Динара

    Осы тақырыптағы мақалалар бүгінгі қоғамға қажет

  3. Асем

    Рақмет өте қажетті ақпараттар! Бала күтіп жүрміз Алла қаласа

  4. Айгерим

    Жүктілік-ең алдымен жауапкершілік! Дені сау анадан ғана, дені сау бала туылады, осыны жастықпенен ұқпай жататындар болады. Дәрігердің айтқаны өз алдына, үйде ата-ене де қадағалап отыру керек.

  5. Аяулым

    Макалага рахмет! Сиздерден коп комек тиди! Сиздердин сайттарынызды катты унаттым! Болашакта биктерден корине беринздер! Мын алгыс!

  6. Насиева Фая Хисметуллаевна

    Мақалада адам денсаулығына дер кезінде көңіл қойып,дәрігерге емделу керек екені жайлы нақты түсіндірілген.Анасының өз денсаулығына салдыр-салақтықпен қарағанның кесірі біріншіден баланың денсаулығының кем болып туылуына әкеліп соқтырған болса,екіншіден отбасының шырқын бұзып,шаңырағын шайқалтқан.
    — Өкінішті,өзекті өртейтін мәселе.
    Дегенмен, сол бала ана денсаулығына байланысты емес,алланың құдіретімен кем болып келсе,
    жұбайы,енесі осылай істер ме еді.Жұбайы өмірге келген сәбиін неге достарыңа көрсетуге ұялады.
    Мақалада болашақ аналарға баланы дүниеге әкелмес бұрын денсаулықтарыңа жауапкершілікпен қараңыздар деп жақсы кеңес берілген.Бұл кеңестер әрбір ананың жүрегінен өз орынын табады деген ойдамын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ