Асыл Ана

Ана үш әріптен тұратын сөз,бірақ сол сөздің астарында қаншама мағына жатыр.Үйдің тірегі,асхананың аспазы,балалардың тәрбиеші мұғалімі,балаларының құрбысы.
Бізге жарық дүние сыйлаған бүкіл әлемді танытқан.Үш әріп бүкіл тірішілікке нәр берген,дүниеге не бір ғалым,әнші,сазгер мен дарынды адамдарды дүниеге алып келген.Барлық тіршілік иелері үшін ананың орны ерекше.Ана ғана сені ар қашан түсінеді,анаң ғана ар қашан қандай жағдай болмасын қолдайды,анаң ғана еш қашан саған қабағын шытпайды,анаң ғана еш қашан сенен жалықтым демейді.Сен анаңның айтқан сөздерінен жалықсаңда,жасаған тірліктерінен жалықсаңда анаң сен дегенде яғни баласы үшін жалықпайды.Сен жылағанда сенімен жылайды сен қуанғанда сенімен қуанады сен мұңайғанда мұңаяды,сен үшін біреулермен ұрысысады.

Ана, Ананың мейрімі, анамның махаббатты,ана туралыАнаның мейрімімен,махабатынан өмірде таусылмайтын зат жоқ шығар.Тапқан,өмір бойы жинаған байлығыңәб сәтте таусылуы мүмкін,бірақ анаң тірі болса оның махаббаты сенімен.Өмірде күндер болады жаңбырлы,аязды,бұлтты ал ананың көңілі әр қашан баласы үшін көңілі көктем, махаббаты жаздай ыстық.Мен анамды біліп білмей ренжітсемде,өзіме ерік бере алмай ауыр сөздер айтсамда, анамның махаббаты мен дегенде лаулап,жанып тұрады.Мені әр қашан жүрегімен сезінеді,көңілімен тыңдайды,мәпелеп аялайды және биіктерге бағалайды.Бұл менің анам үшін айтқан сөздерім, ал қазір өзім анамын егер мақалам ұнап жатса ,ертең балам үшін айтқан,баламның мен үшін маңызын жазамын.

Автор: Орынбек Нилуфар Ильясқызы 

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Балнұр

    Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі — баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ