Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ана мен бала

 

Балаңыз жылай берсе


«Құрметті   ата-ана!»   Әуелі  мынаны   ескеріңіз, бала не үшін  жылайды,біз осының  себебін    білу арқылы   сәбиіміздің   түсінігін  өзгерте   аламыз.  Шынында   бала  себепсіз жыламайды.  Әдетте емізулі балалар қарны ашқанда, ыстықта ұйықтағанда, ұйқысы келгенде  жылай бастайды. Одан  естияр балалар кез-келген жағымсыз  сезімнен, мысалы мазасызданғаннан, қорқыныштан, сағыныштан, сары уайымнан, бауыр басқан мәселен анасы бір-екі күн қасында болмаса жылайды. Жылағаны әр-түрлі, ол біресе бұлқан-талқан болып, «ашуланды», біресе ештеңеге көңілі жақпай жақтырмайды,не болмаса теріс қарап өкпелейді, әлденені қиылып сұрайды… мұның бәрі баланың өз әлемідегі психологиялық құбылыстар.

Бала, емізулі бала, бала денсаулығы, бала неге жылайды, балаларАйналасындағы ересек адамдарға баланың жылағаны көбінесе кері әсер етеді. Кейбіріміздің бала шуылына шыдамымыз жетпейді.  Егер баланың жылағанын бірден тоқтатамын десеңіз, онда босқа әуре болмаңыз, кей жағдайда балаңызбен арада салқын қабақ пайда болуы мүмкін.  Әйткенмен баласының не себепті жылап жатқанын оған не керек екенін анасы сезе алады. Иә бала біткен қит еткенге көз жасын көлдете салады… Мәселен үлкендер бір-бірімен шаң-шұң дауыс көтеріп айғайласа, біреу біреудің жағасын алып ерегісе жөнелсе, жұдырық ала ұмтылса болмаса көшедегі өліп қалған кқбелекті көрсе де, ертегідегі сүйікті кейіпкеріне жаны ашыса да…

Бірауық аспанды бұлт торлап, қатты найзағай шыққанын елестетіңізші, иә кейін  көк жүзі шайдай ашылып,күн күлімдейді.Сол секілді балақайлардың  ішкі эмоциялық иірімдері әрқандай психологиялық то тол толқулары өз ішінде булығып жүреді, және жылау арқылы сыртқа шығады.         Кей жағдайда балалар  қастарында  үлкендер  жүргендіктен де көңілді, әрә тыныш бола алады.  Себебі, ол ересектердің өзіне назар аударғанын сезеді, сондықтан өзін жайлы ұстайды. Ал егер ол қандай ойынға алаңдарын білмей бос дағдарып қалса және ата-анасы өзі күткендей мейіріммен көңіл бөліп қараса онда назарын өзіне аударту үшін көзінің жасын көлдетеді, болмаса шағым айтады.

«Баласының көңіл-күйіне көп көңіл бөлетін ата-аналар болашағын ойлаған ата-аналар»

Сіздің жылы алақаныңыз, мейіріміңіз, маххабатыңыз ертеңгі күні балаңыздың дұрыс дамып, өмірде жақсы азамат болып қалыптасуына кепіл бола алады. Жылылыққа деген қажеттілік- адамдық қалыптасудың іргетасы қажеттілік екенін психологтар дәлелдеп шығарған. Сіздің қамқорлығыңыз арқылы ол үлкен өмірге, шексіз әлемге деген өзінің базалық сенімін қалыптастырады. Ол кезде бала сабырлы бола бастайды,жалғыз қалудан қорықпайды,өзіне керегін өзі тауып алады. Егер базалық сенім қалыптаспаса, ондай бала өзіне не қажет ееенін біле де алмайды,сөйтіп күнұзаұ жылаумен айтқанды тыңдамаумен, қыңырлығымен үлкендерді өзіне қаратумен мәжбүр болады.

Әсіресе, балаға ауыр тиетіні- ол кінәсіз бола тұрып, үлкендердің оған жаза қолдануы. Мысалы, көшеде ойнап жүрген оны өзі құралпы бала шалшыққа итеріп жіберіп,шалбары лайланып қалды.  Ол жұбатқанын, өзіне түсіністікпен қалағанын қалайды.  Ал біз не істейміз,есіктетен кіре айғайлаймыз.Өйткені кір-қожалақ киімдерін тағы жуамыз. Керек десеңіз, ол қалай құлағанын, жағдайдың қалай болғанын сұрауға тырыспаймыз. Тіпті, мұндай жағдайда не істеу керектігін айтып та кеңес бермейміз. Сонда баланың өкпелегеніне қарамай, оны бұрышқа тұрғызамыз.

«Есіңізде болсын» Әлденеге алаңдап, жылап отырған бала сіздің ескертпелеріңізге, бұйрықтарыңызды, кеңестеріңізді ауыр қабылдайды. Мұндай сәтте тәрбиелей қалуға тырыспаңыз. Және жылап тұрған кезінде жаза қолдаңбаңыз.себебі, әлгінде неләктен жазалы болғаны  әп-сәтте ұмытып кетеді. Былай ойлап қарасаңыз, бала үшін жылап қалғанының өзі жаза болып есептеледі.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Болашақ ананың тамақтануы
  • Балалы үй базар
  • Тағамдардың химиялық құрамы
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Қыз бала тәрбиесі және денсаулығы

комментария 16 Пікір қосу

  • Айгерим 15.02.2022 в 18:16

    Баланың көп жылауы дұрыс емес! Уакытылы дәрігерге көрінген дұрыс деп ойлаймын.

    Ответить
  • Гулнура 04.02.2022 в 20:33

    Кейде ашуға салынып,жыласа ұрсып жатамыз

    Ответить
  • Жайнагүл 31.01.2022 в 05:21

    Бипудин үйине конып Едик кызым тунисен жылап шықты не ушин жылайды

    Ответить
  • Динара 16.11.2021 в 14:30

    Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана бірінші өзін-өзі тәрбиелеу керек сияқты. Сабырлы болуға, төзімді болуға

    Ответить
  • Айнур 05.11.2021 в 20:47

    Балам жыласа косыла жылайтын ем

    Ответить
  • Маруза 25.01.2021 в 00:24

    Өте жақсы жазылған мақала. Жас аналарға керекті дүние. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек

    Ответить
  • Шынгуль 08.04.2020 в 13:17

    Балам 2 айлык жылай береди кунди туеде уйкысы тыныш Неврапатолке апардык узи тусирдик бари жаксы диди бирак жылайбереди неге екен

    Ответить
  • Гулнур 18.01.2020 в 00:45

    Менің балам екі айлық күніге кешкісін жылауын бастайды не себептен деп ойлайсыздар басында черепной бар

    Ответить
  • Жадыра 23.11.2018 в 00:41

    Салематсызба менің ұлым 2жастан кетти туғаннан жылауық басында Черепнойы дов болған 6 айдан бастап 1жаскадин дәрілер ишти тунде уйктауы қиын сәл нәрсеге азынап миды ашытад әли солай кайда каратуға боладыекен ?

    Ответить
  • Лаура 14.04.2018 в 18:30

    Салеметсиздерме! Кызым 3 жастан оттт…катты жылауык…ынылдап журет касымда мама мама деп…алып бер алып бер..алып берсен жок баскасын деп бетиме лактырат…сондай кылыктары оте коп айта берсем..Миым абден шаршап ..казир ауру болдым…урсамын…казир типти уратын болдым…жай сойлегенди тусинбейд..корыкпайды…калай тарбилеуге болады ондай баланды…

    Ответить
  • Айнур 13.11.2017 в 11:17

    Салеметсиз бе? Менин кызыма 3 ай. кызым карны ашып турсада емшекти ембей жылайды. тек тынышталып уйыктап бара жатканда гана емеди. неге олай истейди? Шошынып калуы мумкинбе? Мундай жагдайда кандай арекет колданса болады,

    Ответить
  • карашаш 01.12.2016 в 23:09

    Балам мен қызым бар екеуи де жылауық еркеме билмедим жылаганда озимди қоярға жер таппай қалам.Озим аяғым ауыр 9 ай болды үй ишимиз жөтеледі құрғақ жөтелмен кайтпай қойды не дари берсем болады

    Ответить
  • Назгүл 16.01.2015 в 21:14

    Жазылған мақалада қате өте көп

    Ответить
  • лайла ержанова 14.12.2014 в 01:03

    салеметсиздер!меним балам оте ызындап жылауык жасы ушжарым жаста ойланганын айтканын истеп бермесен ызындап жылап журеди.онымен калай куресуге болады.

    Ответить
  • Нұрила 15.04.2014 в 21:21

    Мың түрлі ойындардағы ойындарды қалай ойнауға болады.

    Ответить
    • Erketai 15.04.2014 в 23:47

      Қалаған ойыныңызды таңдап ойнай беріңіз.

      Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.