Коронавирус Статистика covid-19 kazakhsha russian

Отбасылық тәрбиелеу

Отбасылық тәрбиелеу жұмыстары.«Өз ішіңдегі бұрын болған балалық даусыңа, ішіңдегі әлі орналасқан балалық сезіміңе құлағыңды салу керек. Егер де біз өз ішіміздегі балалық даусымызға құлағымызды салсақ, көзімізде қайтадан сәуле жанады. Егер біз бұл баламен байланысымызды жоғалтпасақ, біздің өмірмен байланысымыз да үзілмейді.»
Габриэль Гариса Маркес «Сто лет одиночества»

«Отбасылық тәрбиелеу – баланы жеке тұлға ретінде дамытудың негізі».
Тұлғаның даму үдерісінің ең ерте кезеңдерінде әдетте отбасы ықпал етеді. Жеке бала үшін отбасы өзінің туған жері, мекені және әрқашан жақын болатын ортасы болып табылады. Отбасы баланы жеке тұлға ретінде дамытып, оған белгілі бір қасиеттерді, дағдыларды, көзқарастарды сіңіреді. Сондықтан отбасылық тәрбиелеу бала үшін әрқашан бірінші орында болып тұрады.

Балаларды тәрбиелеу

Отбасылық тәрбиелеу бұл тәрбие барысындағы алынған тәжірибе, білім және тұлғаның жеке жан-жақты қалыптасуы көрсетілген ата-аналардың, олардың балаларының және басқа да туыстарымен арасында қалыптасқан өзара әрекеттестік жүйесі. Өскелең ұрпақты тәриелеудегі отбасының рөлі балалардың даралықтарын, бірегейліктерін, ерекшеліктерін терең есепке алумен айқындалады. Бала тұлғасындағы қалыптасуындағы және дамуындағы отбасышылық қатынастардың маңызы, олардың бала дүниеге келген сәттен бастап кездесетін және онда қоғамдық қатынастардың барлық байлығы шоғырланатын және өзіндік көрінісін табатын, яғни, бала туған сәттен бастап бұл жүйеге кіру мүмкіндігі жасалатын қоғамдық қатынастардың алғашқы ерекше үлгісі болып табылатындығына байланысты.

Пікірлер11
  1. Мадияр Ойдин

    Бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Жылы сөзбен тәрбиелей аламыз.

  2. Қарлығаш

    БАЛАНЫ ТӘБИЕЛЕМЕС БҰРЫН АТА АНА ӨЗІН ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК, БАЛА БІЗДІҢ АЙНАМЫЗ

  3. Гулим

    Ата-аналар балаларының тәрбиесіне кішкентайынан мән беруі керек деп ойлаймын!Бала тәрбиесі өте маңызды дүние

  4. Айнур

    Баланың тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет, олар биздiн болашағымыз, көп нәрсені бала ата анасына қарап қайталайды. Сондықтан өзіміздiн iciмiзге, айтқан сөзімiзге көңіл бөлу қажет.

  5. Насихат

    Баламен үйде жеке араласып жұмыс жасау керек,ата -ана ізденіп жеке тұлға тәрбиелеуге ықпал жасау міндетті. Бала біздің болашағымыз. Бізден үлгі алады бірінші өзімізді тәрбиелеп дұрыс жолмен жүрейік

    1. Erketai (автор)

      Өте дұрыс айтасыз. Бала көргенін естігенін жасайды.

  6. Айман

    «Отбасылық тәрбиелеу – баланы жеке тұлға ретінде дамытудың негізі.» Автор өз мақаласында отбасындағы тәрбиені бір сөйлеммен әдемі баяндаған. Балаңды досыңдай көріп, ашық сөйлесу керек. Мүшел жасқа жақындағанда балада мінез құлқында өзгерістер, басында әр түрлі сұрақтар пайда болады. Сол сұрақтан, өзгерістен шығу үшін ата-ана баланы досындай көріп, жеке тұлға ретінде тәрбиелеу керек.

  7. Диана

    Отбасы тәрбиесі қазіргі таңдағы басты мәселе.

  8. Айжамал

    бала тәрбиесіне толық ата анасы карау керек

  9. Индира

    Бала жастан тәрбие беруіміз керек.

  10. Индира

    Бала тәрбиесінде баларымызга жаксы сөз айта білуіміз керек .

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ