Сәбидің үйдегі алғашқы күндері

Өмірге жаңа келген нәрестені үйі асыға күтеді. Оған барлығы әзірленген.Анасына гүл шоғын ұсыну да ескерілген. Жас әкені шыдамсыздық сезімі билеген.

Тазалық және мейірім. Сәбиді өз үйі қалай қарсы алуы тиіс?
Жас нәрестеге лайықты мейрім деген ұғым нені білдіреді? Ол мейірлене сырттай қарау, оны сүю, сонымен бірге үнемі қолға көтеріп жүру емес. Ол-ең алдымен сәбиге зор көңіл бөлу, оның қажетін, ерекшелігін түсінуге тырысу,барлық қажеттіні туғызу, сондай –ақ оған залал болатындай бірдеңе жасап алмау.

Үй ішін дәрілеп тазалау қажет пе? Жоқ, қажеті жоқ, іс жүзінде ол мүмкін. Тазалық сақтаудың өзі жеткілікті.
Сәбидің әлі жазыла қоймаған кіндік жарасына тиетін жаялығы мен оның үстіне киетін иткөлегін алғашқы айда ғана дәрілеп тазалау қажет. Таңертеңгісін бір күнге қажет барлық пайдаланылған шишаларды, емізіктерді(соска) пайдаланылмаған емізіктерді 5-7 минут қайнату қажет. Күні бойы жерге түскен барлық емізіктерді ыстық сумен жуса да жеткілікті болады.

arukaa2015Сәбиді шомылдыратын су, су құбырынан алынбаса онда оны қайнату қажет.Баланы шомылдыратын ванна қанша таза болса да, оны сабындап жуады, сондай-ақ оның ойыншықтарын да солай жуу керек. Сонымен «Тазалық денсаулық кепілі» деген ұраннан қайтпаңыз.
Сәбиді шомылдыру кезінде бөлмені арнайы жылытудың қажеті жоқ.

Күтімді қиындатудың қажеті жоқ. Сәбиді шомылдыру кезінде бөлменің ауасын арнайы жылытудың қажеті жоқ, оны бөлменің дағдылы +20+22° деңгейінде шомылдырып, әрі киіндіру керек. Егер сәбидің бұты суланғанымен өзін тыныш ұстаса, онда шабында баздану жоқ болғаны. Демек, оны келесі емізгенге дейін, немесе серуеннен келгенге дейін жөргегін ауыстырмауға болады.

Сәбиді алғаш рет серуенге 8-10 күн өткеннен кейін 10-15 минутқа қолға ұстап жүріп шығарады, сонан кейін коляскамен балконға немесе көшеге шығарып, оған желмен жауын-шашын тимейтіндей етіп алып жүру керек.

Егер күтімге байланысты жұмыстарды ойланып, ақылмен істесеңіз сәби көп уақытыңызды алмайды және ол сізге үлкен қуаныш әкеледі. Ал күндік режимді ұйымдастыру қиындау іс. Оны бала организмінің тіршілік қызметі ырғағын ескере отырып, жалпы заңдылыққа сай ғана емес, сонымен бірге өз сәбиіңіздің ерекшелігіне де қарап құру керек. Оның ерекшелігін тек анасы ғана біледі. Ана сезімі-ұлы күш, ол тек бақылау мен тәжірбие арқылы ғана қалыптасады. Сондықтан сәбиге көңіл бөлу, тағыда көңіл бөлу!

Сәбилер өз өмірінің алғашқы айларында 3-3,5 сағат сайын (күнінен бұрын және әлсіз болып туылғандар 2,5-3 сағат сайын) тамақтанады. Олар тамақтанудан бос уақыттарының барлығында ұйықтап жатады. Тамақтану арасындағы сергектік уақыты қысқа және ол 20-30 минут болады. Бұл уақыт ай сайын біртіндеп қосылып отырады.

Сүт тамақ па әлде сусын ба? Сүт ең алдымен тамақ

Нәресте тамақтанады, тойған сәби ойнайды, сосын әбден шаршап ұйықтайды, сөйтіп келесі тамақ тамақтану алдында оянады. Осындай режим ұстанғанда сергек, әрі қозғалғыш келеді: өз айналасындағыларға қызыға қарайды, гуілдейді ойыншықтарға қарайды.

Егер нәресте тамақтандырғаннан кейін бірден ұйықтап кетсе, онда келесі тамқтандыруда әлде қайда ерте оянады.Бұл мезгілде оның емген сүті қарыннан шекке өтіп, тоқтығы басылады да, нәрестеде аштық пайда болып, ол онан әрі күшейе түседі. Бұл арада дүние танып, мәз-мейрам болу сезімі қайдан болсын! Нәрестенің жылаған дауысы анасын мезгілінен бұрын тамақтандыруға шақырады. Сөйтіп, нәрестенің сергитін, сонан кейін ұйықтайтын уақыттарының аралығы қысқарады, режим бұзылады. Жанұяның оған көп көңіл бөлуі өсе түседі. Осындай күн режимінен нәрестенің табанды қарсылығына қарай ізгі ниетте ата-аналар оған қолайлы жағдайға көше салады.

Сылап – сипау және гимнастиканың да маңызы өте зор 
Әдетте, бәленің басы нәрестені тамақтандырудың қиындығы мен қателікте болып табылады. Енді солар туралы «Ананың бір тамшы сүті-бәрінен де жақсы!» Өйткені емшектен тамақтандырудан артық ештеңе жоқ. Тек емшек сүті ғана жұғымды, ал донорлық сүтті зарарсыздандыру(стерилдендіру) керек болады және мұндайда сүттің едәуір биологиялық бағалы заттары-антитела, витаминдері бұзылады. Сәби ана емшегінен сүтті қолайлы жылылықта қабылдайды, сәбидің ана қолында жатуының өзі тамағының қортылуына тиімді, ана жылуы, иісі, тіпті оның жүрек лүпілі сәбиді тыныштандырып, мұның барлығы анамен эмоционалдық байланыстың бастамасы болады.

Егер анасының сүті аз болса, емізуді жиілетуге (әрбір 2,5-3 сағат сайын ) болады, бір емшектің сүті жетпесе екінші емшекті де толық емізуге үйрену керек, сонда сүттің мөлшері артады. Бұл тек ананың ғана қамы емес, бұл барлық жанұяның жұмысы, үй жұмысында жас анаға барлығы көмектесіп оның демалуына жағдай жасау керек. Ол ана ұйқысын қандырып, мезгілінде тамақтанып алуы тиіс.

Мынадай да жағдай болады: кейде ананың сүті жеткілікті болғанымен сәби дұрыс еме алмайды да, қарны аш болады. Сәби қарны ашып, тамақ сұрағандай жылайды. Сөйтіп, ол емшекті 2-3 минут еміп ұйықтап кетеді, ұйықтап жатып анда-санда бір сорып жата береді. Мұндай жағдай салмағы жеңіл, өмірінің алғашқы кезінде ауырған әлсіз балаларда жиі болады. Өйткені емшекті ему жеңіл нәрсе емес, ол үшін бала емшектің ұшын ауызына толтыра салып, оны тілімен және таңдайымен қысуы, баланың ырғақты қозғалысы жұту мен дем алу арасындағы байланысты үйлестіру керек.

Баланың қажетсінуіне қарай оны емізуді 3 сағат немесе 2,5 сағатта қайталап отырады.
Емшекте баланы көп ұстауға болмайды: емізу кезінде 2-3 минут демалуына мүмкіндік беріп, ұйықтап қалса оның ерніне емшек ұшын қайта-қайта тигізу арқылы оятып емізеді.

Тақырыпқа сай мақалалар:

   
Пікірлер7
  1. гулшат

    жас аналар таптырмас кеңестер!көп рахмет сіздерге

    1. Кундызай

      Әр үйде сәбидің үні естілсін

  2. Адеми

    Өте керемет және пайдалы ақпараттарды жарияланған үшін алғыс айтамын. Керемет осы бойынша жаттығу жасадық

  3. Ирода

    Керемет маған ұнады

  4. Хадиша

    Саламатсыздар ма? Менің сұрағым қазір біздің өңіріміз өте ыстық болып 20күндік немеремнің үсті пысынап, құйрығы қызарып кетіп тұр.Арқасынла кішкентай қызарғандар ірің сияқты . Ол не оны қалай кетіруге болады. Күніне 2- рет ға

  5. гулнур

    салем достар бул шындык екен тексерип кориндер

  6. жанна аккисиева

    Осындай казак тил нде коп макалалар пикирлер жазсаныздар

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ