Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бала денсаулығы

 

Сылап – сипау және гимнастика


     Нәрестемен бірінші айдан бастап гимнастикамен шұғылдану қажет. Гимнастика мен сылап-уқалау оның денесі мен психикалық дамуын дұрыстап,жүру дағдыларының мезгілінде қалыптасуына мүмкіндік береді, организмдегі зат алмасуын жақсартады. Бір жарым айдан бастап үнемі гимнастикамен шұғылданған баланың мүсіні әдемілігімен, қимылының үйлесімділігімен, қозғалысының тездігімен, ептілігімен және ойын кезіндегі батылдығымен ерекшеленеді және денсаулығының кепілі болады.
Сонымен құрметті ата-аналар, сәбиіңізбен жұмыс жүргізуге ерінбеңіздер, қымбат уақыттарыңызды босқа өткізіп алмаңыздар!
silap-sipau-gimnastikasi Жаттығуды тегіс жерге жұмсақ нәрсе төсеп жасаңыз. Ол үшін алдымен бөлме ішін желдетіп алыңыз, жылылығы 20-21° болуы керек. Анасының аяқ-қолы жылы әрі таза болуы тиіс. Саусағыңыздағы сақинаны, тырнағыңызды алуды ұмытпаңыз. Гимнастикаға түске дейінгі мезгіл қолайлы, бірақ тамақтанысымен жаттықтыруға болмайды.

Жаттығуды жасарда баланың көңіл-күйіне қараңыз . Егер жаттығулар оған ұнаса ол күледі, егер ол жыласа, қыңырлық жасаса онда жаттығудың бір қимылын дұрыс жасамағаныңыз, немесе ол бүгін өзін нашар сезінеді.Мұндай жағдайда жаттығуды тоқтатуыңыз керек.
Гимнастика мен сылап –уқалау барлық балаларға пайдалы, өсіп-жетілуі төмен балаларға аса тиімді. Бірақ жаттығулар жүргізу қайшы келетін жайлар да болады. Мысалы, сылап-уқалау терісі іріңдеген немесе жедел қабынып-талаураған аурулары барларға, геморрогаиялық диатезбен (қан тамырларының жарылғыштығы күшті) ауыратындарға жаттығуға болмайды. Жаттығуды бала қатты ауырған кезде тоқтатады және ол жазылғаннан кейін қайта бастайды.
Жаттығулардың кейбірін сәбидің мүмкіндігіне қарай өзгертуге де болады. Әрбір жаттығуды алғашқыда 1-2 рет қайталайды. 7-10 күн ішінде оларды 6-8 ретке жеткізеді. Жаттығуларды жасау кезінде сәби жалаңаш болуы тиіс.

Сәбиге 1,5-3 ай болғанда

1. Қолдарын сылау, уқалау.
2. Аяқтарын сылау, уқалау.
3. Етбетінен жатқызу.
4. Арқасын сылау, уқалау.
5. Ішін сылау, уқалау.
6. Бір қырынан жатқызып, арқасын бүгу.
7. Еңбектету

Жаттығуды жасау әдісі. Баланың қолын саусақтарынан иығына қарай, аяқтарын табанынан жамбасына қарай сылап, сипайды, тізесіне тиіп тізе буынын итеруге болмайды. Қолын сипағанда бір қолмен саусақтарынан ұстап, аяғын сипағанда оның аяғын алақаныңызға салыңыз.
Етбетінен жатқызғанда сәбидің қолдары бүгіліп кеудесінің астында жатады да, басы көтеріңкі болады.
Сәбидің арқасын сипағанда, жамбасынан басына дейін қолдың сыртымен, ал төмен қарай сипағанда алақанмен сипаңыз. Бұл жаста баланың етбетінен жатуы ыңғайсыздау болғандықтан, бір қолмен сипағанда екінші қолмен оның аяғынан ұстап тұрыңыз. Ішін сипағанда алақанымен сағат тілі бағытына қарай жасаңыз.
Тақырыпқа сай мақалалар:

  • Жүктілік күнтізбесі
  • Календарь беременности (рус)
  • Баланың жынысын анықтау кестесі
  • Ана болғалы отырғандарды сақтаңыздар!
  • Болашақ ананың тамақтануы
  • Босанған әйелдің еңбек етуі және тамақтануы
  • Сәбидің үйдегі алғашқы күндері
  • Нәресте күтімі
Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тірек қимыл аппараты бұзылған балаларға арт-терапияларды қолдану
  • Сәбидің мінез құлқын қалай жақсартуға болады?
  • Сәби денсаулығы мен денесінің шынығуы
  • Көзіңді сақта!
  • Көгілдір экран тәрбиелеген ұрпақ!

комментария 4 Пікір қосу

  • Ирода 27.08.2020 в 16:05

    Жиенім бар еді өзім жасап беретін болдым

    Ответить
  • Гулжаухар 12.11.2016 в 17:19

    Балам 3-айлық.Врачымыз общый массаж алыңдар дейді.Общый массажды қалай істесем болады екен

    Ответить
  • Айганым 24.02.2015 в 01:58

    керемет!

    Ответить
  • Lazzat 26.11.2013 в 16:19

    Salemetsizderme! Menin 2balam bar. 2kiz kizim 6.5 ailik. Kizima massaj jasain desem korkam. Aiagin ukalasam katti jilaidi. Jauirinin awsam jilamaidi. Eki jauirinnin ortasin moininin tusin ukalasam wingirad. Kiskasi e men duris istei almaim e kizim denesi katti bop kalgan. Bile almai otirm

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.