KZ RU

Дене тәрбие жаттығулары

1-бөлім

Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей  жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүру; теріс қарап жүру.

Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді  жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын  жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м.

қашықтыққа бар екіпінімен жарыса  жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30

м. —8,5-7,5 сек).

2-бөлім

Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Бұл топтағы жаттығулар негізі мынадай:

1.  Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

2.  Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

3.  Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

dene-tarbie-zhattigulariНЕГІЗГІ ҚИМЫЛДАР

3-бөлім

Секіру жаттығулары. Екі аяқты бірге ұстап, оң, сол жақтарымен 4-5 мжерге секіру; Бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру; екі аяғымен кезек аттап  5-6 м. жерге секіру; биіктігі 20 см, заттың үстіне қос аяқтап секіріп шығу; ені 10 см. биіктігі15-20 см. болатын қатар жатқан 5-6 параллоннан оң (сол) жағымен біртіңдепсекіріп өту; жүгіріп келіп, 30-40 см. биіктікке секіріп шығу; жүгіріп келіп 1м. ұзындыққа секір;  жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау; бір орында тұрып, қос аяқтап 80 см. қашықтыққа секіру; өз бетімен секіртпемен секіру.

Лақтыру және қағып алу жаттығулары. Жоғары лақтырылған доптыбір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу; жүгіріп келе жатып, доптыекі қолымен жерге кезек соғып ыршыту; допты бір қолымен соғып ыршытуды өз орныңда бір айналып келіп қайталау; екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап  алып, екі қолыменлақтырып, лақтырған допты қағып алып жүрістерін қайта жалғастыру; екі  аяқты  алшаққойып (тізерлеп, тұрып, аяқты созып отырып), 1 кг. мақта допты екі қолымен желкетұсынан бастап асыра лақтыру; теннис добын екі қолымен желке тұстан бастан асыралақтыру; теннис добын, 200 г. қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып, көрсеткішінанықтау; өз беттерімен әртүрлі заттарды лақтыру.

Еңбектеу және өрмелеу жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстіне тізерлеп тұрып, екі қолымен ұстап тартылу; қырынан жерге тигізе ұстап тұрып, басыниіп астынан өтіп шығу; гимнастикалық қабырғаға сүйеп қойған бөренемен, тақтаймен, баспалдақпен еңбектеп барып, қабырғамен өрмелеу; салбырата ілінген арқанмен ұстап,аяқтың көмегімен тартылу және арқанды бойлай сырғып түсу;   екі қолымен гимнастикалық қабырғадан ұстап, екі аяқты кезек-кезек алға көтеру және қолымен бірнеше рет жоғары тартылу.

Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстімен 1 кг, доптыдомалатып журу; орындықтың үстіне тұрып, қолындағы добын лақтыру (өзіне лақтырылған допты қағып алу); 1 кг, толтырылған допты төбеге, желкеге қойып, орнында бірайналып жүріп кету; қолды жоғары созып, өкшені біріктіре көтеріп ұзақ тұру; мақта доптың үстіне бір аяқпен тұрып, екінші аяғын алға (жанға, артқа) көтеріп, тізесін бүгіп ұзақ тұру; жалғыз (екіден қол ұстасып) тұрып, әртүрлі қимылдар жасап айналу; көзін жұмып, бір аяқпен ұзақ тұру.

Достарыңызбен бөлісіңіз
WhatsApp Telegram

Балалар туралы пайдалы ақпарат — Erketai-дың Telegram арнасында.

Erketai-ға жазылу

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз. Сұрағыңыз болса, мына сілтемені басыңыз.

Пікірлер: 34

  • өте керекмет

  • Өте жақсы керемет

  • мен ерте жас тобының тәрбиешісімін.Осы жаттығуларды пайдаланатын боламын.

  • дене тәрбиесіне арналған жаттығулар әр жасқа болсын өте қажет дүние

  • Маған ұнады

  • Өте керемет жазылған. Бәрімізге пайдасы өте зор. Сіздерге рахмет!

  • Балаларды кішкентай кездерінен бастап жаттығуға үйреткен дұрыс. Жаттығулар арқылы баланы жан-жақты дамытатын жаттығулар жасатқан дұрыс.

  • Еңбектеріңіз жансын. Қаламдарыңыз ұштала берсін.

  • Осындай топтамаларды көптен іздеп жүргем өте керемет пайдалы рахмет

  • Денсаулыққа пайдалы жаттығулар осында екен, балаларға керек нәрсе.

  • жаттығуларды өз тәжірбиемде қолданамын

  • өте керек кеңестер екен .
    Тәрбиешілерге керек мағлұматтар екен

  • Өте пайдалы кеңес екен. Тәрбиешіге ең керек мағлұматтар екен

  • Болашағымыз ,яғни балаларымыз физиологиялық тұрғыдан дұрыс қалыптасуы үшін осындай сайттардың көмегі орасан зор.Тәрбиешілер өзіне қажетті материалды жеткілікті түрде алады.

  • Денсаулық зор байлық бағалап барыңды күту ол сенің болашағың жаттығулар керемет жасап көріңіздер

  • өте жаксы кеңестер.Күнде орындап жүрмін

  • Жаттығуларды жұмыс барысында қолданып жүрмін. Балалар белсенділікпен орындайды. Рахмет Еркетай сайтына!

    • Пайдалы кеңестер. Жаттығулар жасап жүрейік.

  • Маған унады дене жаттығулары балалар қызығатын дуние екен

  • Еркетай» сайтының жұмысы басқа сайттарға қарағанда өте тамаша деп айта аламын.
    Маған унады дене жаттығулары балалар қызығатын дуние екен

  • сыныбымда өтетін әртүрлі іс-шараларда, ертеңгіліктерде, оқу қызметінде, Сондықтан осы «Еркетай» сайтының жұмысы басқа сайттарға қарағанда өте тамаша деп айта аламын. Еңбектеріңізге еселі табыс, шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін дегім келеді. Көп рахмет сіздерге!!!

  • Еркетай сайтына коп рахмет!Осындай педагогтерге комек колын созатын сайтка алгысым шексыз,шығармашвлык табыс тілеймиз

  • Өте керемет дайындалған. Осы жаттығуларды қолданып жүрміз.

  • дене тәрбие сабағынан бақшаға арналған ешқандай материал жоқ,дене тәрбиесінен үйірме жұмысы дегендей.жалпы жақсы сайт

  • мен ерте жас тобының тәрбиешісімін. дене тәрбиесін өзім жүргіземін. осы жаттығуларды пайдалансам болама

  • ОСЫ ЖАТТЫҒУЛАР МАҒАН ҰНАДЫ.ЖҮКТЕП АЛЫП ПАЙДАЛАНСАМ БОЛАМА?

  • Осындай сайт бар екенін бүгін көріп тұрмын өте жасы екен рахмет алла разы болсын

  • маған ұнады

  • оте жаксы группа

  • Неге таңғы жаттығулардың халыққа жағымды арнайы қазақша әуендері жоқ, көбіне орыс музыкасын пайдаланамыз

  • өте жаксы кеңестер.Күнде орындап жүрмін

  • Өте пайдалы мақала

  • өте пайдалы кеңес