Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

Алдар көсенің сиқырлы тоны


Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын.
Бірде ол жапан далада жортып келе жатып, сұмдық тоңды. Аяқ-қолының жаны кетіп, бет-аузы бозарып, бас сұғар жылы үйді армандайды.

aldar-kosenin-sikirli-toni
Суылдаған суық жел, уілдеген үскірік құлағының ұшын аямай шымшып, жанын шығарып барады. Жақын арада түтін түтеткен ешқандай ауыл көрінбейді.

Қанша тебіреніп, қамшысын қанша сілтегенмен Алдардың арық аты жүріп жарытпайды. Басын бір шұлғып қойып, жай ғана итіндейді де отырады.
“Жаман ат – жолдың соры. Әлі біраз жүретін шығармын. Иттің үргені естілмейді. Қақаған далада қатып өлмесем жарар еді”, — деп ішінен сөйлеп келеді.

Кенеттен алдынан бір аттылы көрінбесі бар ма? Атының желісіне қарап, иесінің бай адам екенін біле қойды. Буы бұрқырап ыссылап келе жатқан адамдай омырауын ашып тастап, әндете бастады.
Жолаушылар жолығып, аман-саулық сұрасты.
Бай үстіндегі түлкі ішіктің өзінен тоңып, бүрсең-бүрсең етеді.Ал Алдар көсе бөркін бір шекесіне қарай қисайта киіп, күншуақта жылынып отырған адамдай көңілді сөйлейді.

— Сен, немене, тоңған жоқсың ба? — дейді бай.
Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді — дейді Алдар Көсе.
Мүмкін емес! — дейді бай.

— Немене, көрмей тұрсың ба?!
— Көрмейтін несі бар? Көріп тұрмын: шұрық тесік!
— Мәселе сонда, сол шұрық тесікте. Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді.Ал жылу өзімде қалады.

“Қайткенде де мен мұның тонын алып қалайын” – деп ойлайды бай.
“Шіркін, мынаның ішігін қолыма бір түсірсем!” — деп армандайды Алдар көсе.

— Ішігіңді маған сатсаңшы? — дейді бай.
Сатпаймын! Мен онсыз үсіп өлемін! — дейді Алдар. — Үсіп өлмейсің. Оның орнына мен саған өз ішігімді беремін. Ол да сондай жылы.
Алдар көсе оның ұсынысын құлағына да ілмеген кісідей байға жоғарыдан қарайды. Бірақ екі көзі байдың түлкі ішігінде.

— Ішігімді де берейін, үстіне ақша да қосайын – деп қызықтырады бай.
— Маған ақшаның қажеті жоқ. Ақша орнына атынды берсең, ойланып көрер едім.

Қуанғаннан бай бірден келісе кетеді.Ішігін шешіп, астындағы атын түсіп береді.
Алдар көсе байдың ішігін киіп,байдың жүйрігіне мініп, ысқырған желмен жарыса жөнеледі.
Енді Алдар көсеге бір ауылдан бір ауылға барып тұру онша қиын емес. Астында — ұшқыр ат, иығында — жылы ішік. Кез келген үйде одан:

— Мына керемет түлкі ішік пен жүйрік атты қайдан алдың? — деп сұрайды.
— Жетпіс жеті жыртығы, жетпіс сегіз жамауы бар тонға айырбастап алдым.

Жаман тонға жақсы ішігін, қыршаңқы атқа кұстай ұшқан жүйрігін айырбастаған ақымақ бай туралы әңгімені естіп, ел мәз болады. Күлкі сәл саябыр тартқан сәтте Алдар көсе:
Жолдың алыс-жақынын жортқан біледі, дәмнің ащы- тұщысын тартқан біледі! — дейді.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Еркеш пен Тигли-Мигли
  • Алтын құс пен сұр қасқыр
  • Інжу таққан қыз
  • Балаларға арналған әңгімелер
  • Саңырауқұлақ саясында

Пікірлер 22 Пікір қосу

  • Қарлығаш 12.05.2020 күні 02:18 уақытында

    ОСЫ АЛДАР КӨСЕНІҢ МУЛЬФИЛМДЕРН ҚОСҚАН КЕЗДЕ ІНІМ КӨРМЕЙ ҚОРҚЫП ҚАШЫП КЕТЕТІН ЕДІ,,, ЖАЛПЫ ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫ БАЛА ҮШІН МАҢЫЗДЫ

    Жауап беру
  • Айгерім 21.06.2019 күні 20:22 уақытында

    Алдар көсенің айласы да әркашан таусылмайды.ір нарсеге ьір амал табады да жүреді.меніңше біреуді алдагаг дұрыс емес сияіты.бірак бұл ертегі болса да балага баскаша ой салатын сиякты

    Жауап беру
  • Guldana 14.09.2015 күні 18:10 уақытында

    жаксы ертеги екен

    Жауап беру
  • нурай 12.05.2015 күні 21:33 уақытында

    недеген тамаша рахмет ертегі ұнады

    Жауап беру
  • нурай 12.05.2015 күні 21:27 уақытында

    маған ұнады қызық ертегі

    Жауап беру
  • Айымгуль 22.04.2015 күні 16:39 уақытында

    ЖАҚСЫ!

    Жауап беру
  • zhanar tusupova 22.04.2015 күні 16:20 уақытында

    неге көшірілмейді?

    Жауап беру
  • Дамира 09.02.2015 күні 20:37 уақытында

    керемет деп аита алмаим, брак кажетти нарсе!

    Жауап беру
  • Дамира 09.02.2015 күні 20:36 уақытында

    норм

    Жауап беру
  • Aida 06.02.2015 күні 16:24 уақытында

    оте жаксы

    Жауап беру
  • Айжан 22.12.2014 күні 10:55 уақытында

    сказки

    Жауап беру
  • Баян 04.12.2014 күні 14:24 уақытында

    жақсы , рахмет

    Жауап беру
  • laura 30.10.2014 күні 19:39 уақытында

    мммммм жаксы

    Жауап беру
  • laura 30.10.2014 күні 19:38 уақытында

    өте қызық екен

    Жауап беру
  • laura 30.10.2014 күні 19:37 уақытында

    laura өте өте қатты қызық даже бәрін көшіріп алдым

    Жауап беру
  • laura 30.10.2014 күні 19:37 уақытында

    laura өте өте қатты қызық даже бәрін көшіріп алдым

    Жауап беру
  • нурьгул 27.10.2014 күні 20:12 уақытында

    Оте кушти керемет соз жок

    Жауап беру
  • Janjan 23.10.2014 күні 22:24 уақытында

    өте жақсы екен көп рахмет!

    Жауап беру
  • Janna 14.03.2014 күні 20:21 уақытында

    ote ote ozlerym dalegras

    Жауап беру
  • дана 09.03.2014 күні 14:09 уақытында

    отк кызык кушти ертеги

    Жауап беру
  • венера 19.11.2013 күні 20:54 уақытында

    оте кушти ертеги

    Жауап беру
  • Rasul 20.06.2013 күні 20:22 уақытында

    Хорошая сказка.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.