Ұстазыма арналады


Erketai / Янв.3.2015. / Пікірлер жоқ

ustazga-arnau

Құрметті «Еркетай» сайыты біз өздеріңізге алғаш рет мақала жібергелі отырмыз. Алдағы келе жатқан Қазақстандық ұстаздардың барлығын төл мерекелерімен құттықтай отырып, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз. Біз алғашқы ұстазымыз Казбек Рыскалиұлына арнаған жүрек жарды жазған шағын шығармаларымызбен,өлеңдерімізді жіберіп отырмыз. Сайттарыңыздағы балалар шығармашылығы айдарына жариялауларыңызды сұраймыз.

Жамбыл жалпы білім беретін  мектеп-балабақшасының 4- сынып оқушылары
Қаратөбе ауданы Жусандой ауылы БҚО.

Ұстазым- мақтанышым.
Менің ұстазым Қазбек Рыскалиұлы.Ол ағай маған алғашқы білім баспалдағы «әліппе» ұсынып,білім нәрімен сусындатып,қолыма қалам ұстатты. Ол сабақты өте жақсы түсіндіреді. Мейірімді,талапшыл, сабақтары қашанда қызықты,тартымды. Ағай өз ісінің майталман шебері.Ағай әрбір мерекеде кештер өткізіп тұрады. Ата-аналармен байланысы да өте жақсы. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дегендей менің ұстазым мақтауға лайық адам. Алда ұстаздар мерекесі келе жатыр. Мен өз ұстазымды төл мерекесімен құттықтай отырып,зор денсаулық мол бақыт,тілеймін.Менде болашақта ұстазымдай жақсы мұғалім болуды армандаймын. Өз ұстазымды мақтан тұтамын.
Нұрлыбек Аружан Мұратбекқызы 4-сынып оқушысы

Ұстаздарға мың алғыс
Ұстаз сөзін тоқып ал,
Ақылды бала боласың.
Ұстаз сөзін тыңдасаң,
Бестік баға аласың.
Айтылғанды ұқпасаң,
Ешкім сені мақтамас.
Тәрбие берген ұстазға,
Айтыңдаршы,мың алғыс!

Елдос Жақсығалиев Бисекенұлы 4-сынып оқушысы

 Ұстазым
Алғашқы менің ұстазым,
Қолымды алғаш ұстадың.
Өзіңсің менің құс бағым,
Білгенім тек менің ұстазым.
Білімді бізге үйреткен,
Ұстазым менің ұстазым.
Алғашында біз үлгі еткен,
Тек қана менің ұстазым!

Марат Балмажан Маратқызы 4- сынып оқушысы

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!