...

Нәресте күтімі

Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күту-оның денсаулығының басты кепілі. Бала ауырмас үшін ана оның денесін таза ұстап, тамағын дұрыс беріп, дұрыс ұйықтата білуі керек.

Кіндігі түсіп, орны әбден жазылғаннан кейін, қайнаған жылы суға ( + 37 С) нәрестені күн сайын кешке жақын шомылдырған жөн. Бұл жағдайда ананың тырнағы өсіңкі болмауы тиіс, ол нәрестені шомылдырар алдында қолын сабындап жуып,ваннаны ыстық сумен шайып алуы керек. Шомылдырғанда сәбидің кеудесін анасы сол қолының білегіне сүйеп, оң қолымен оның аяғын ваннадағы суға салады.

Нәрестенің құлағына, аузына, мұрнына су кетіп, көзіне сабын кіріп ашытпас үшін, ваннадағы судың деңгейі оның иығына жетер-жетпестей болғаны жөн.
Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын (35—36°) су дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка қосады. Баланы суда 5—7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің терісі базданып кетпес үшін мойнына, қолтығына, шатына вазе¬лин немесе өсімдік майын жағады. Өсімдік майын 10—: 15 минут қайнатып, суытып, арнаулы ыдысқа құйып қоюы керек.

Нәрестенің қолын таза ұстап, тырнағын өсірмей алып тұрған жөн. Өйткені тырнағы өсіп кетсе бала бет-аузын тырнап жарақаттап алады. Майға батырылған таза мақтамен баланың құлағының іші-сыртын, мұрнын тазартып тұру керек.
Сәбидің киім-кешектері мен жаялықтарын жай ғана жуып қоймай, қайнатып, міндетті түрде екі жағын бірдей үтіктеу қажет.
nareste

Нәрестенің тамағы

Нәресте үшін ең пайдалы және маңызды  тағам — ана сүті болып табылады. Өйткені, оның құрамында бала организміне қажетті заттардың бәрі.бар. Сондықтан емшек сүті сәбидің дұрыс өсуін қамтамасыз етеді және оны жұқпалы аурулардан қорғайды. Нәрестенің ас қорыту ағзалары толық дамып жетілмегендіктен, ол қорегін емшек сүтінің құрамындағы ферменттер арқылы ғана қорытып, бойына дұрыс сіңіреді.

Баланы емізу ережелері

Емшек сүті баланың дұрыс өсіп-жетілуіне көмектесетін аса маңызды қоректік зат. Ана сәбиді емізер алдында қолын жуып, емшегін жылы сумен шайып, құрғатып алғаны жөн. Баланы емізіп болғаннан кейін емшектің ұшын таза мақтамен сүрту керек. Емшекке күніне екі рет ауа ваннасын жасаған жөн. Баланы емізуге ыңғайлы болуы үшін ана аяғының астына аласа орындық қойып, тізесінің үстіне таза жөргек жауып отыруы тиіс.

Аузына емшектің ұшын түгел салғаннан кейін нәрестенің мұрнын бітемес үшін, ана емшектің. ұшын екі саусағымен қысып, тартыңқырап ұстап отырғаны жөн.

Нәрестені алғаш емізгенде үш-төрт минуттан артық емізудің қажеті жоқ. Одан кейін 10 минуттан емізіп, қалған сүтті сауып тастайды. Өйткені баладан қалған емшек сүті сүтті тез қайтарады немесе емшекті ісіндіріп жібереді.

Сәбиді үнемі белгілі бір сағатта емізіп, емшекті кезектестіріп беріп отыру керек.
Емген сүт организміне жақсы сіңуі үшін, нәрестеге кемінде үш сағаттай уақыт керек. Осы уақыт ішінде ем¬шекке сүт қайта жиналып үлгіреді. Алғашқы айларда нәрестені таңертеңгі сағат алтыдан түнгі сағат 12-ге дейін әрбір үш сағат сайын, күніне 7 рет емізген дұрыс.

Ал түнгі 12-ден таңертеңгі 6-ға дейінгі уақыт, ана мен баланың жақсылап ұйықтап, тынығуы үшін қажет. Әр емізу арасында нәрестеге қайнаған су немесе сұйық шәй (30—50 г) беруге болады. Босанғаннан кейін ана міндетті түрде емшек көтергіш кигені дұрыс, өйткені емшекті жоғары көтеріңкіреп ұстаса, оған сүт көп жиналады.

Ал бос тұрған емшекке сүт жиналмайды. Жас босанған әйелдің алғашқы 2-6-шы күндері емшектерінің ұштары жарылуы мүмкін, оған басты себептер:
— бала емізудің гигиеналық шартын сақтамау;
— емшекте қалған сүтті сауу тәсілін жетік білмеуі;
— жүкті кезде емшекті бала емізуге әзірлемеу;
— баланы дұрыс емізу жолын білмеу.

Бала аштықтан емес, басқа да себептерден: мысалы, асты суланса немесе қатты құндақталып, денесіне жаялық батса, көп емгендіктен іші ауырса жылауы мүмкін. Сәбидің ішін (қарнын) жылы ұстау керек (ішін анда-санда құйрық маймен майлап қойған да дұрыс).
Бір сөзбен айтқанда, баланы жылаған сайын емізудің немесе әлдилеп жұбатудын қажеті жоқ, ең алдымен оның себебін анықтап, мазасын кетірмеу жағын ойластырған жөн.

Тақырыпқа сай мақалалар:

Пікірлер58
  1. Нұрсәуле

    Сәлеметсізбе бипантен, пурилан. Қара сабынмен жуып кептіріп маз жағыңыз

  2. Улсерик

    Болашак аналар ушин таптырмас маглумат керееметтт!!!

  3. Асем

    Баланың желтухасын калай кетируге болады? Педиатрымыз Урсофальк деген сиропты берген, комектеспей жатыр. Су берип, куннин козине жаткызамын сондада.

    1. Айдана

      Бізде болған,урсозим бергенбіз

  4. Беспаева Айнаш

    Жас аналарға жақсы түсіндірілген. Нәресте күтімі туралы өте керекмет жазылған. Сіздерге көп-көп рахмет!

  5. Беспаева Айнаш

    Жас аналарға жақсы түсіндірілген мақала, нәресте күтімі туралы жақсы түсіндірілген.

  6. Асем

    Бала емізуде осындай күтімді қолдана бермейміз өте дұрыс екен жазғаны

  7. Адеми

    Өте керемет әрі толық және жетімді жазылған. Ең алғашқы рет ана атанғалы жатқан жандарға керемет көмек.

  8. Жулдыз

    Кайырлы кун 1 айлык кызым даретин жинамайды суйык еми барма?

  9. Гүлжанат

    Бала дүниеге келген соң 3 ай іші ауырып жылауы мүмкін, өйткені ол сыртқы өмірге үйренбеген! Баланың іші қатса массаж жасау керек қайнаған су беру керек! Ішінде сұйықтық аз болса да іші қатады! Клизма көп жасауға болмайды, соған үйреніп алады! Іші желденуі мүмкін, тамақтандырар алдында екпетінен жатқызу керек! Дәріні Педиатрдан сұрап барып берген жөн! Арқасында тікен болуы мүмкін соны да тексеріп қою керек! Менің қызым бар 5 ай болады жақында солай іші ауырып қиналғанбыз! Мен іші қатқанда дюфалак, желденгенде эспумизан бердім! Дәрі көп бергенде дұрыс емес! Мұрны бітсе, жылы су көбірек берген дұрыс! Бізге педиатр аквамарис жазып берді!

  10. Алия

    Керек нәрсені алдым. Жақсы жарайсың

  11. Айгерим

    Сәлеметсіздер ме. Жазылған мақалаға қосар ым баланы 3 сағат сайын емес бала емшек емем дегенде беру керек. Бір емизгенде 25.30мин болу керек себебі бала жай емеди. Сосын баланы түнде жиі емизип тұру керек себеби түнде лактация көп болинеди.

  12. Madina

    Салем қыздар

    1. Макпал

      Мен кызым 2айдан асты мойнын устай алмайды не истеу керек.

  13. Сая

    Сәлем қыздар менiн қызыма 2 ай салмак коспай жатырмыз озимнин сутим құнары жоқ па қосымша нан тройной камфорт беремін.апетити жоқ басқа не истеуге болады?

  14. Жанар

    Мақалаға қатысты тағы айта кететін нəрсе алғашқы түскен суын «шілде суы» деп атайды.сол судан банкаға құйып алып қалу керек.кейін баланың денесінде шілде суы дұрыс тимеген жерлері қызарып тері іри беретін болады.сол кезде шілде суымен сүртсе жазылады.

  15. Жанар

    Салеметсіздерме.менің сұрағым балам кіттай кезінде емшекті тауысып ембегенсоң грудососпен сауып тастап жүрдім.енді міне емшектің үрпісі үлкейіп тесіктері де үлкейіп кетті.казірі екінші баламды емізіп отырм.екі жағы да сорғалап кетеді. Не істеуге болады?

  16. Акерке

    Кыздар улыма 40кун…мурны бителип тур. Не истеуге болады? Сутимди мурнына тамыздым. Как будто мурны бокка толып тургандаи боп тур

  17. Адеми

    Салеметсиздерме менин улыма 6 ай болды. Котенине шаттарына кып кызыл болып бориткен сиякты каптап кетипти не истесем болад

  18. Куралай

    Сәлеметсіздер ме? Менин 1айлык кишкентайым бар… Омырауын сыкканда ешкандай су шыкпайды. Неликтен?Миндетти турде су шыгу керекпа….әлде …

    1. Акнур

      Саламатсыз ба баланың омырауын никогда сыгуга болмайды. Сығылған омырауы мастит болып калуы мумкин жай гана массаж жасағанда маймен сипасаныз жетеди

  19. Айман

    Салематсиздарма?! Менин кызыма 3 ай болды, сурайын дегеним еки емшеги катты бурын билинбейтин, бул неден болуы мумкин? Немесе кишкентай кезинде емшек бези дурыс сыгылмаганнан болуы мумкинбе? Егер солай болса калай кетируге болады? оскенде колтыгынан Жагымсыз ис шыгама деп Коркам

  20. gulzat

    salem menim balam eki aylik ozi ulken daretke wigalmaydi klyzmamen wigarip alamin katti wirildap jilaganda onday barlik narestede bolama katti uayimdap jurm ozi wigip ketema uakit ote kele komektesinizderwi otinem jauap kutem

  21. гүлзат

    салем менімде балам үлкен даретке шығалмай қалды 2-айлықпыз уайымдап жүрм ондай барлық нəрестеде болама нестесем болады менде клизма жасап шығарып алам өзі шығатын шығар деп күтем күшенеді жел шығарады клизма жасаған зиянба жауап күтем көмектесініздерші қалай шығаруға болады өзі шығу үшін нестеуім керек

    1. Жибек

      Памперс кигызсеныз жиы ауыстырыныз маргансовка аз косып куныне 2,3 рет жуыныз памперс кигызер кезде котенын жуып кептырып солнышко деген крем бар под подгузник 400 тг турад соны жаксаныз болад

    2. Жибек

      Су берыныз

  22. айгерим

    Салеметсиздерме кызымнын дуниеге келгенинне 13кун болды улкен дарети шыкпай жур тек жел шыгара береди не истесем болады

  23. Жазира

    Сəлеметсізлерме.менің қызым 9айлық.1 ай болды оң иығына ақ жақ пайда болды.дәрігерге көрсеттім витилига яғни терісі ағарып жатыр дейді.ем жоқ дейді.кімде осындай жағдай болған көмектесіңізші.рахмет

  24. Сандугаш Макул

    Сәлеметсіздер ме?сіздерге сұрақтарым бар еді.
    Балам қайта-қайта ылықтай береді.
    Ол неден болады.
    Қалай ылықтаткызбасам болады.

    1. Тарбие

      Нервтан

  25. Сандугаш Макул

    Сәлеметсіз бе?менің балам жиi ыкылыктайды.
    Неге ыкылыктайды бiлесiздер ме?сұрағыма жауап берсеңіздер?

  26. Кайыргали Тлеуов

    Сәлеметсіздерме
    Менің балам 8 айлық бетіне,ішіне,арқасына кішкентай қызыл бөртпелер шығып кетті.Балам мазасыз,жылай береді.
    Осы жағдай таныс аналар болса, қандай кеңес бересіздер,не істесем болады?

    1. Тарбие

      Чередага түсіріңіз

  27. Арайлым Баймерекова

    Салеметсыздерме менын кызымнын тылы мен тандайы ойылып кетты кызым 1айлык не стесем болады акылдарынызды айтыныздаршы апкелер. Алдын ала рахмет

  28. диана

    Салем.эспумизан жаксы комектеседи.менинде кызымда солай болган.дарини берип, клизма жасау керек сабын сумен.

  29. диана

    Салеметсиздер ме? Мен баламды 3 ай болды емшектен шыгарганыма.енди емшегимде 2-3 туйын бар кейде ауырады.не истесем болады? Кенестеринизди айтсаныздар отиниш…

  30. диана

    Салеметсиздерме

  31. Ару

    Марфуға олай жасай бермеңіз, бала соған үйреніп кетеді, майлаңыз құйрығын маймен, олай болу сіздің жеген тамағыңызға да байланысты екен,меніңде 3 айлық балам бар, менде де сондай болған, қазір жақсы.

  32. Марфуга

    Салем!менин балама-1 ай болды бирак улкен дарет шыгармаганына 9 кун болды ар 3 ши куни клизма жасап отырмын,ол Неден болуы мумкин Жане не истесем болады?

  33. Дана

    менде бир кызым кишиси, 1айды толтырмадык,енди кеше вздутие мыкты,не истеймин?

  34. Дамира

    Салем! Мен кесаревамен босандым. Балаларым емшек ембей койды. 1 жагымнын кокирегинде уши бар ал 2 жок. 2 ай болды? Не истесем болады? Балаларыма хиян ештене болмай ма

  35. Фариза

    Менин улыма 5ай 5айлык баланын кутими кандай болу тиис?

  36. Айдана

    Сурак?босанганнан кеиин ишим калып койды не истесем болады

  37. Актолкын

    Менин он кокирегиме сут аз кабели сол жагына коп ол неден жауап кутемин

  38. Актолкын

    Акнур салем саган шай тамак ишип болган сон ол кокирегине бару ушин жарты сагаттай жатуын кажет демалып ,коп кимылдасан сутин тархай береди

  39. Акнур

    Салеметсизбе мен босанганыма 4 кун болды кесар тилиги аркылы енди кызымды емизе алмай жатырмын сутиме тоймайды сут аз жиналады не истеимин маган комек бериниздерши барынша мейырленип жатырмын не истеймин апилак деген дари иштим комек жок нарестеме обал болды. Врачтарга айтсам мейырлен дид и все кызымды тойдыра алмаганыма катты капаланамын барынша суйыктык ишип жатырмын комек жок.

  40. Алмара

    Салеметсізбе! Мен үш айдан асқан қызым төрт-бес күн болды іші жүрмей жатыр.Жылайды дәрі сұйық май бердім бірақ нәтиже жоқ .Не істеуге болады ішегіне зиян ба деп қорқам.

    1. Erketai (автор)

      Дәргерден кеңес алыңыз, өкінішке орай біздің сайтта мұндай қызмет түрі көрсетілмейді.

  41. Зауре

    Салем. Бір айлык баланы кулатып ягни тосектен кулап калса не болады?

  42. гулмира

    Баланын уикысы ауысып кетсе баланын басын есик жакка каратып 10кун жаткызнз жеидесин терис кигзинз мен балама осылаи жасагам

  43. Madina

    нәрестелік шақ

  44. Карлыгаш

    Менин баламнын уйкысы аусып кеткен не iстесем болады калай ауыстырсам болады уйкысын

  45. Эльмира

    Салеметсиздерме? Босанганыма 17кун болды. Баламды бесикке болесем болама?

  46. Бинур

    Салем менин оиымша даригерлерди тындаган жон. Себеби казирги заманмен экологияга баиланысты карастырады деп ойлаимын

  47. фатима

    Салем

  48. зульфира

    Баланы неше айдан бастап отыргызып уйреткен дурыс

  49. Тусиниксиз: казирги даригерлер су бермендер дейди, кезинде аналар мен ажелер су бердик берген дурыс дейди.казирги даригерлер баланы жаялыкка катты тартып орамандар дейди, ал кезинде аналар мен ажелер баланы катты тартып орадык дейди. Сонда казирги жас аналарга кимдерди тындау керек Даригерлерли ме немесе Ана-Ажелерди ме?

    1. Moldir Kalikizi

      Bir jaginan ata analar ozinin oindi aitadu al kazirgi zamanda doktorlar drus aitadu

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ