Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бала денсаулығы

 

Сәби денсаулығы мен денесінің шынығуы


Нәресте денесінің дұрыс жетіліп, дамуына дене шынықтыру көп себебін тигізеді. Дене шынықтыру жаттығуларын жасау үшін денесін жақсылап майлайды да, баланы шалқасынан, қырынан, етпетінен жатқызып, сылап-сипап, әртүрлі жаттығулар жасайды. Нәрестенің шынығуына және денсаулығының жақсы болуына күн сәулесінің, таза ауаның, судың тигізетін пайдасы зор.

Нәресте дүниеге келген алғашқы күннен бастап, оны белгілі бір режимгеүйрету керек. Нәрестенің ұйықтайтын, ояу жататын және тамақтанатын мезгілдерін дұрыс алмастырып отыру — оның шынығуына және психика-лық дамуына жақсы әсерін тигізеді.

Нәрестені алғашқы күндерден бастап таза ауаға алып шыққан дұрыс. Қыста 14—20 күндік баланы 10°-қа дейінгі суықтыққа бірте-бірте үйретеді. Яғни алғашқы кезде далада 5—10 минуттай болып, оны күн сайын ұзарта береді. Жел соқпайтын жерлерде баланың бетін ашып жүру керек. Әдетте ұйықтар алдында да серуендеткен жөн. Таза ауаға шыққан бала тез әрі жақсы ұйықтайды. Сондай-ақ таза ауа мен күн сәулесі баланы рахит пен өкпе ауруларынан қорғайды.
Нәресте жататын бөлмені таза ұстаудың да маңызы зор. Ол үшін бөлмені күніне 3—4 рет жуып, сүртіп, ауасын тазартып отыру керек. Ауа райының жылы кездерінде күні бойы терезені ашық ұстаған жөн. Бөлмені дымқыл шүберекпен тазартып, жаз айларында төсек орнын күн көзіне, қыста желдеткішті ашып терезе алдына жайып алған жөн. Нәресте жатқан бөлмеде темекі тартуға, киім-кешек кептіруге, тамақ дайындауға болмайды. Бала бөлмесінің температурасы 18—20 градустан төмен болмауы керек.

sabi-densauligiӘрбір ана сәбидің температурасын өлшеп грелканы, жылытқыш компресті, қыша қағазын және тазартқыш клизманы қоя білу керек.
Сәбидің температурасын өлшеу үшін термометрдің сынабы бар басын баланың қолтығына не шатына қояды. Термометр қойған кезде сәбидің қолын қысып, ал аяғын бүгіп 10 минуттай ұстау керек. Температураны таңертең, күндізгі сағат төртте, кешкі сағат алтыда өлшеп,.қағазға жазып отырған жөн.
Баланы жылындыру қажет болса, үстіне екінші көрпе жабу керек, ол жеткіліксіз болса, қыздырғыш (грелка) қойған жөн. Ондағы су 45° болуға тиіс. Аузынан су ағатынын, акпайтынын аныктап қыздырғыш-
ты арнайы қапшыққа салады да, таза жаялыққа орап, көрпенің астына баланың аяғына жақындатып қояды. Компресс жасайтын судың жылы болғаны дұрыс. Таза шүберекті не дәкені сол суға батырып, сығып алып, баланың ауырған жеріне жапсырып, қағаз не клеенканы сол шүберектің үстін кымтай жабады. Бұдан кейін үстіне мақта немесе фланель салып, оны клеенкамен қымтап, байлап тастайды.
Ал қыша кағазын жылы суға батырып алып, қажетті.жерге жапсырады да, үстін шүберекпен жауып қояды. Егер баланың денесін қышаға орау керек болса, бір стакан жылы суға екі қасық қыша салып араластырады да, оның үстіне тағы да екі стакан су құяды. Осы ерітіндіге жаялықты батырып алып, астына көрпе салынған құрғақ жөргектің үстіне салып баланы мойнына дейін орап тастайды.
Екі аяғының арасына кіші жаялық салу керек. Әйтпесе бала аяғын бір-біріне үйкелеп қызартып алуы мүмкін. Қышаға осылай оралған нәресте 10 минуттай жатады, денесі қызара бастады-ау деген кезде оны босатып, денесін жылы сумен (38°) шайып, құрғата сүртеді, таза жаялыққа қайтадан орап, төсегіне жатқызады да жылы жауып тастайды. Сәбиге тазартқыш клизма жасау үшін жылы су (30°) Осындай күтім жолдарын, айтылған кеңестерді орындаған жағдайда баланың ауру-сырқаудан аман, дені сау болып өсері сөзсіз.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Психикалық дамуы тежелген балаларға сипаттама
  • Ерте солған тал шыбықтар тағдыры
  • Балаңыз неге сөйлемейді?
  • Ерекше қарауды қажет ететін баланың отбасы
  • Нәресте күтімі

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • simbat 15.10.2014 күні 10:43 уақытында

    макаланыныз жаксы екен озиме басып алсам болама болашакта керек

    Жауап беру
  • Айнур 22.04.2014 күні 09:20 уақытында

    Жас аналарға қажетті мақала екен. Рақмет

    Жауап беру
  • nurislam 16.04.2013 күні 16:17 уақытында

    өте орынды пікірлер екен.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.