Көгілдір экран тәрбиелеген ұрпақ!

Бала — бар үміт пен ұрпақ жалғастығы. Әрбір ата-ана өз баласын ерекше жақсы көріп, аялап, бар тәттіні соның аузына салып өсіреді. Соңғы сәндегі киім кигізіп, жетсін-жетпесін соңғы модельдегі ұялы телефон әпереді. Сондағы ата-ананың бар ойы балам ешкімнен кем болмасын дейді. Сөйтіп көп қарызды төлеу үшін күн-түн демей, тыным таппай еңбек етеді.

 

Бала тәрбиесін интернет әлеміне қос қолдап тапсырып қояды. Бала үшін тыраштанып еңбек етемізде, бірақ оның тәрбиесіне көңіл бөлмейміз. Олар да өзіне қажеттісін алғасын артығын талап етпейді. Көшеде кісілердің бастары төмен салбырап, телефонға үңілуі қалыпты жағдайға айналды. Қазіргі балалар бесіктен белдері шықпай жатып ұялы телефон тілін түсінеді, техниканың тілін түсінгеніне қуанып жатамыз, бірақ түннің бір уағына дейін теріс тәрбиеге жетелейтін жын-ойыншықтарды тамашалап отыратыны алаңдатады. Қазіргі балалар көретін мултьфильмдердің мазмұны балалар танымына сай келмейді. Екіншіден балаларды жақсылыққа емес, жауыздыққа тәрбиелейді. Оған картон нетворк (cortoon network) арнасы көрсететін барлық бағдарламалар мысал бола алады. Осы арна бар баланың миын улап алды. Басқа арнаға аударсаң, бала өзіңе шапшып, едірең-едірең ететін күйге жетті. «Құлағым тыныш болсын» деп ата-аналар балалары қалаған арнағы қойып береді. bala-urpak-tarbiesiСондықтан қазіргі таңда бақытты бала емес, агрессивті мінез-құлықты балалар саны көбейді. Себебі ата-аналар баланың тек материалдық жағын жақсартуға аса қатты көңіл бөледі де, рухани дүниесін дамытуға, дүние танымын байытуға көңілді аз бөледі немесе тіптен мән де бермейді. Соның салдарынан «Қайдан жауыз мінезді, қайрымсыз болдың?!»  деп бармақ тістейтін сәттер көбеюде.

Қазір ұсақ-түйек болып көрінген дүние, баланың болашағына, оның тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.

Өзіміз бала үшін деп барлығын істеп жатқан боламызда, негізінде балаға көңіл бөлмейміз. Баланың материалдық жағын ойлап, адамгершілікке, иманға тәрбелеуді ұмыт қалдырамыз.

Келешек бүгіннен, тәрбие – отбасынан басталады. Көңілді күйбіңі бітпейтін тіршілікке емес, ұрпақ жалғасының келешегіне бөлейік, құрметті ата-ана!

Авторы: Юсупова Гүлжайна Орынбасаровна

Бағасын беріңіз
( 1 оценка, среднее 1 из 5 )
Пікірлер2
  1. Ляззат

    Өте жақсы жазылған мақала, балаларға уақыты болмағандықтан, солар жыламасын деп қолдарына бір-бір телефон беріп қояды. Сөйтіп бала да тыныш, мамасы да тыныш. баяғыдай балаға көңіл бөліп отыру деген жоқ. осындай жағдайлардан кейін агрессивті мінез-құлық балаларда пайда болады, бұрын ата-бабаларымыз қалай өсіріп бақты екен біздерді? әлде біздер тыныш бала болдық па…

  2. Оразәлі Гүлжауһар Мұхтарқызы

    Менде де баламен жұмыс жасау барысында осындай келеңсіздіктер өте көп кездеседі. Қазіргі кезде көп ата-аналар бала тыныш болсын деп телефонды, ғаламторды қосып беріп, өзі алаңсыз жүреді. Осының дұрыс еместігін, кері әсерін тигізіп жатқандығын қашан түсінер екенбіз…

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ