Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз — оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай-ақ бұл балалардың эмоционалдық ерік-жігер саласының жетілмеуі органикалық инфантилизммен түсіндіріледі.
Органикалық инфантилизм термині алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегеттің енгізуімен ХІХ ғ. аяғында пайда болды. Бұл терминмен түрлі жұқпалы аурулар мен уланулардың нәтижесінде пайда болған психикалық және дене бітімдік жетілмеу белгілерінің тұтас құрылымы яғни, баланың жасына сай жетілмеуі, «балалықтан» арылмауы деп қарастырған дұрыс.
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалар ересектермен ара қатынас нормасын сақтамайды, мінезі ожар, адамды мезі қылады, ересектермен танысу процесінде оны жансыз зат ретінде есептейді. Олар құрбыларымен ұзақ, терең қарым-қатынас жасайды.
Мұндай балалар сабақтың жұмыс ырғағына әрең ілеседі. Бала секіруі, сыныпта жүруі, сөйлесуі, сабақ тақырыбына қатысы жоқ сұрақтар қоюы мүмкін. Әбден шаршаған балалардың кейбіреуі сылбыр, енжар болып, жұмыс істегісі келмесе, енді біреулері мазасыз, қозғыш болуы мүмкін. Мұндай балалар өте өкпешіл, қызба келеді, қатты сөз айтып, жолдасын ренжітіп алуы мүмкін.
Мұндай балалардың ойлау әрекеті ықтиярсыз есте сақтаудың жеткілікіз нәтижелілігімен, ықтиярлы есте сақтау, тұрақтылығының төмендеуімен сипатталады. Олар көбейту кестесін нашар есте сақтайды, есептің мақсаты мен шартын жадында сақтай алмайды, жаттағанын тез ұмытады. Бұл балалардың ойлауында да түрлі ерекшеліктер бар, әсіресе көрнекі-бейнелі ойлауы әбден азап шегеді.
Олардың көрнекі-бейнелі ойлауына бейне-көріністердің жеткіліксіз қозғалысы тән. Әдетте, сөзбен берілетін есептерді (ситуацияларға қатысты, мұндай балаларға жақын) балалар жақсы шешеді. Ал баланың өмірлік тәжірибесінде жоқ тіптен көрнекі материалға негізделген қарапайым есептің өзін шешу мұндай балаларға қиындық келтіреді.
Психикалық дамуы тежелген балаларда сөйлеудің жетілмеуі де байқалады, мұны дыбысты дұрыс айта алмауынан, сөздің жұтаңдығынан, сөздің жеткіліксіз ажыратылуынан, логика-грамматикалық конструкцияларды игеру қиындығынан көре аламыз. Баланың сөз жасау кезеңі ол нормаға сай аяқталған кезде басталады.
Ауыз екі сөйлеу сырттай сәтті көрінгенімен көбінесе сөйлеудің күрделілігі, ойдың оралымсыздығы байқалады. Мұндай балалардың қарым-қатынас жасау мұқтаждығы төмен .
Психикалық дамуы тежелген балаларды бақылай отырып, олар өз бетінше атқаратын жұмыстар мен үлкендердің көмегінің арқасында атқаратын жұмыстардың арасында үлкен алшақтық болатынын көрдік. Үлкендердің көмегімен қабылдауға қабілеттілік, әрекет: принципін меңгеріп, оны ұқсас тапсырмаларды орындауға қолдану мұндай балаларды ақыл-ой кеміс балалардан ерекшелендіреді, олардың психикалық дамуының зор мүмкіндіктері бар, коррекциялық шараларды ұйымдастыруда осыны негіз етіп сүйенуге болады.
Мұндай балаларға психикалық әрекеттің бұзылған және сақтаулы звеноларының әр қилылығы. Эмоция — жеке бас өрісі және әрекеттің жалпы сипаттамалары (таным белсенділігі, әсіресе спонтанды мақсаттылық, бакылау, жұмысқа қабілеттілік) ойлау мен естің салыстырмалы жоғары көрсеткіштерімен салыстырғанда көбірек бұзылған болады.
Баладағы жас кезіндегі ауытқуды анасы ғана байқауы мүмкін. Ол бірінші рет баласының мінез-құлқындағы ерекшеліктерді көреді. Күмән туған кезде міндетті түрде бала дәрігеріне немесе психологқа жолығу керек. Егер психикалық дамудың тежелгені анықталса, отбасының, әсірсе анасының міндеті — балаға осы жағдайдан шығуға көмектесу, кемістікті барынша түзеуге күш салу.
Балада өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастырып, құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге үйрету керек. Баланы міндетті түрде қоршаған ортамен таныстырып, оны серуенге, жорыққа, экскурсияға шығару керек. Осылардың бәрі баланың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайтады, эмоциясын дамытады. Әсіресе оқу мен ойынға қызығушылықтық қалыптасуына аса назар аудару керек.
Тапсырманы орындауда мұндай балаларға үлкендердің көмегі қажет екенін естен шығармау керек, мұндай көмекті дер кезінде көрсеткені жөн. Егер ата-аналар мұндай көмекті көрсете алмаса, баланы тиісті көмек көрсететін арнайы мекемелерге орналастырған дұрыс болады.
Қорыта айтсам, Психикалық дамудың тежелуін мектеп жасына дейінгі кезеңде үнемі танып білуге болмайды, оны әсіресе мектепке барардың алдында жаппай дәрігерлік тексеруден өткізу кезінде немесе жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбында анықтауға болады. Психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беретін мектептерде оқи береді, бірақ мұғалім мұндай балалардың ерекшелігін біліп, жеке қарым-қатынас жасап, оған көмектесуі тиіс.
Психикалық дамуы тежелген балалар арнайы мектептерде окып, балабақшалар жанындағы арнайы топтарға барғаны жөн. Бұлар үшін жалпы білім беру мектептерінде түзету сыныптары ұйымдастырылған. Арнайы мектептердің құрылымы бәрінен бұрын осы балалардың ерекшелігін ескереді.
Егер бала бірден арнайы мектеп табалдырығын аттаса, оны дайындық (нольдік) сыныпқа қабылдайды, бастауыш мектептің бағдарламасын ол 4 жылда өтеді. Егер бала жалпы білім беру мектебінен ауысса, бәрібір бастауыш мектепте 4 жыл оқиды, содан кейін жалпы білім беру мектебінің бағдарламасы бойынша оқиды. Бастауыш сыныптың балалары үшін міндетті түрде күндізгі ұйқы қажет.
Мектептерде кешенді емдік-тәрбие, санитарлық-гигиеналық, алдын-алу жұмыстары іске асырылуы тиіс. Психикалық дамудағы кемшіліктерді түзету және алдыңғы оқудағы қиындықтардың орнын толтыру үшін арнайы мектептерге күннің екінші жартысында түзету сабақтары өткізіледі.
Бастауыш мектепті бітірген соң педагогикалық, кеңес дәрігердің қатысуымен баланың оқуды алдағы уақытта жалғастыруы мәселесін шешеді. Бастауыш мектепті сәтті аяқтағандар жалпы білім беру мектебіне ауысады. Психикалық дамудың тежелуінің ауыр формасы бар барлар оқуды арнайы мектептерде жалғастырады. Толық емес орта мектепті бітіргендер оқуды жалғастыра алады.
Салеметсіз психикалық дамуы шектелген балалармен қандай құжаттар бар бөллісеңіздер, норматиквка и жоспар дегендей бала 4 жста
Ия, осындай материалдар қазақ тілінде болғанына мың алғыс айтамын! Ылғи орысша Психология материалдары
Баланың психикасымен ес біліп келе жатқаннан дұрыс айналысу керек. Ақаулықтарын сәби кезінен қарар болса онда оны түзету оңай болады.
өзекті тақырып пен мәлімет ушін рахмет
Қазыргі заманның басты проблемасы болып отыр, жақсы мағлұмат жазылған, және де қазақ тілінде . өте ризамын. осындай керекті мақалалар болғанына.
Құнды ақпарат алдым, рахмет!
бұл сайтты бүгін ғана біліп танып отырмын. керекті тақырыптар өте көп екен.
Еркетай сайтына көп рахмет!
мына материалдан көп нәрсе үйренүге болады,рахмет сіздерге
өзекті тақырыпта жазылған екен кәзәргсізаман дерті
Ертерек анықтаса,ертерек көмек беруге мүмкіншілік көп болады,өте жақсы материял
ЕРКЕТАЙ САЙТЫНА КӨП РАХМЕТ БҰРЫН БІР КІРІП СОСЫН УМЫТЫП КЕТІППІН.ЖАКЫНДА ЕСІМЕ ТҮСІП МАКАЛАРЫНЫЗДЫ КАРАП ШЫГЫП ЖАТЫРМЫН
псикикалық дамуы тежелген балалар қазір көп кездеседі
Қазіргі кездегі актуалды мәселе оқушылардың оқуда үлгермеушілігіне байланысты, оны шешу жолдары жайында жақсы мәлімет берілген.
Қазіргі кездегі барлық маңызды тақырыптар туралы тоқталған. Сайттан көп дүние табуға болады.Рахмет
Дұрыс жазылған