Карантин кезіндегі сақтық шаралары (кеңес)

Биылғы жыл бүкіл әлемдегі әрбір адамның есінде ерекше сақталатын шығар. Бүкіл әлемді шарлаған  көңілдерге үрей, жүректерге мұң салғаны рас. COVID-19 деген атаумен жер бетін жайлаған індет 2020 жылдың көктемінде өкінішке орай біздің елімізге де жеткені белгілі. Осы орайда 2019-2020жж, 2020-2021 жж оқу жылдары дәстүрлі оқу жылдарынан яғни  әдеттегіден ерекше болғаны рас. Әлі де індеттің беті қайтпай тұрғанын ескере отырып, ата-аналарға карантин кезіндегі сақтық шаралары жайлы кеңес бере кетуді жөн санадық.

Ең алдымен балаңызбен ашық сөйлесіңіз. Бұл індеттің денсаулыққа әсерін толық түсіндіріп өтіңіз. Тым асыра сілтеп жіберуге болмайды. Асыра сілтеп үрей тудырып алмау үшін де мектепте оқитын балалармен өте салмақты да ашық сөйлесе білу керек. Сонымен қатар бұл індеттен жазылып кете алатынын да түсіндіріп өтіңіз. Ең маңыздысы сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін де ескертіңіз.

Сонымен карантин кезінде ата-аналар алдымен неге көбірек көңіл бөлуі тиіс?!

covid-19

Ең алдымен өзіңіз алдын алу шараларын қатаң сақтаңыз. Бұл балалар үшін өте маңызды. Себебі,балалар ең алдымен көргенін түйсігіне тез қабылдайды. Сондай-ақ, балаларға үнемі ескертіп отыруға тиісті кеңестер:

— қол алысып, сүйісіп, құшақтасып амандаспауды ескертіп, қашықтықтан ишара арқылы амандасуды үйрету

— қолын сабындап жиі жууын қадағалаңыз

— қоғамдық орындарға апармауға тырысыңыз

— апара қалған жағдайда міндетті түрде медициналық бетперде тағып жүруін бақылаңыз

— сыртта жүргенде міндетті түрде антисептик жаныңызда болсын, онымен балалардың қолын жиі сүртіп тұрыңыз

— балалардың қолын көздеріне, мұрынына, бетіне, аузына тигізбеуін ескерте жүріңіз

— балалардың дұрыс, пайдалы аспен тамақтанғанын басты назарда ұстаңыз

— бала иммунитеті ең бірінші орында тұрсын

— үй ішін таза ұстап, жиі желдетіп, ылғалдандырып тұрыңыз

— мүмкіндігінше балаларды қашықтықты сақтауға дағдыландырыңыз

— таза ауаға шығып тұруды, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануды назардан тыс қалдырмаңыз.

— отбасы мүшелерінің кез-келгенінің денсаулығы сыр бере бастаса бірден дәрігерге хабарласыңыздар.

Сақтану шараларынан хабардар еттік. Енді короновирустың алғашқы белгілері және алғашқы күндеріндегі ағзадағы өзгерістер жайлы да айта кеткенді жөн санадық.

Вирус жұққан алғашқы 1-4 күндері, бұлшық еттер ауырып, жүрек айнуы байқалып, іш өтіп, жоғары температура болып, құрғақ жөтел пайда болады. Вирус жұққан 5-6 күндері тыныс алу қиындай түседі, 7-күні тіпті тыныс жолдарының жағдайы өте нашарлайды. Ары қарай өкпе ағзаны оттегімен толыққанды қамтамасыз ете алмағандықтан басқа ағзалардың да жұмыс істеуі әлсірей бастайды. Сондықтан алғашқы белгілері біліне бастағаннан-ақ бірден дәрігерге хабарласуға кеңес береміз. Деркезінде хабарлап, дәрігерге жүгіну арқылы сіз өзіңіздің, отбасыңыздың, балаларыңыздың өмірін сақтап қала аласыз! Осыны естен шығармау абзал!

Авторы: Нұрсұлу Базарбай

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер12
  1. Молдир

    Мақала жақсы жазылған екен! Керек дүниемді түртіп алдым!

  2. Инкарим

    Дұрыс, қазіргі індет кезінде жас сәбилеріміздің денсаулығы бәрінен маңызды

  3. Казна

    Денсаулық қазіргі кезде бірінші байлық, аман болайық

  4. Жауқазын

    Сактансан кудайда сактайды сактык шараларды арким ози ушин сактау керек

  5. Балжан

    Мақала өте жақсы түсінікті жазылған! Рахмет керегіме жарады

  6. Шаттық

    Кішкентай балалар ауырмасын, санитарлық талаптарды орындап, сақтанып жүрейік

  7. Толкын

    Сақтық шараларын міндетті турде қолдану керек

  8. Айгерим

    Тазалық біріншә орында болуы тиіс. Толықтай қосыламын сізге. Қолды таза жуу, маска тағу өте маңызды

  9. Сания

    кызыкты мақалаларыңыз көбейе берсін

  10. Гулжан

    Рахмет. Ешкім ауырмаса екен. Гигеналық талаптарды мұқият сақтап жүрміз

  11. Ирода

    Мақалада барлық сақтық шаралары түсінікті нақты жазылған рахмет

  12. Алма

    Осы ауру келгелі баршамыз денсаулықтың, тазалықтың, жақындарымыздың қадірін түсінгендейміз. Кеңестеріңіз қазіргі уақытта естен шығармайтын, жаттап алатындай екен.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ