Ен далада әндетіп ұшып келе жатқан шегіртке гүлдердің тәтті шырынын жинап жүрген араны көрді. Ол арадан:
— Достым, ұзақ күнге дамыл таппай, жаныңды жеп не істеп жүрсің? -деп сұрады.
— Сұрама. Әр гүлге бір қонып, дүниені шарлап, тырнақтап шырын жиып жүрмін.
— Жиған шырынды нендей қажетіңе жаратасың?
— Бал жасаймын.
— Балды қайтесің?
— Адамға сыйлаймын. Адам оны жейді, дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады.
— Адам саған не береді?
— Үйшік жасап, қамқорлық етеді. Ал сен не істеп жүрсің?
— Мен егіннің дәніне тойып алып, ән салып, билеп жүрмін.
— Жиған дәніңді не істейсің?
— Не істеуші едім. Өзім тойғанымша жеймін. Басқан ізіме у шашатын адамға сыйлайды деп пе едің?
— Білдім, білдім, адамның сені неге қас тұтып у себетінін, — деді ара. Шегіртке араның сөзін ұнатпай, шыр етіп ұшып кетті.
М.Төрежанов
Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:
3 жылдық Әдіскер құжаттары
3 жылдық Меңгеруші құжаттары
3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары
3 жылдық Психолог құжаттары
Құмырсқа мен көбелек ертегісі сияқты екен… Мағынасы бір..балаға оқуға жақсы екен…бастысы еңбеқорлығына баулығаны керемет
Ертегіде еңбекқор ара мен жалқау шегірткенің іс-әрекеттері бейнеленген.Араның адамға деген достығы,ал адамдардың араға деген қамқорлығы көрсетілген.Жаз бойы шырылдап ән салған шегіртке жалқаулықтан бас көтергісі келмей күнделікті тамақтанғанын қанағат тұтады.
Ертегіде шегірткенің іс-әрекеті арқылы өз қамын ойлайтын өзінен басқа өзге жандарға көмек көрсеткісі келмейтіні бейнеленген.Негізінен ертегі ой қиялдан құрастырылады.Дегенмен әрбір ертегідегі жақсы іс-әрекеттер балаларды адамгершілікке жақсылыққа,бауырмалдыққа,тәрбиелейді.
Мына ертегі мазмұнын түсінер болсақ біреуге жақсылық жасасаң сол жақсылығын өзіңе қайтып келетіні жайлы әңгімеленген.Ертегі мазмұны баланың есіңде қалатындай шағын әрі тиімді жазылған.
рахмет сиздерге!