Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Бастауыш сыныпқа арналған логикалық тапсырмалар


Математика
Пәні бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін логикалық ойлауға арналған тапсырмалар (2, 3, 4 сыныптар) 2-сынып

№ 1 тапсырма
1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша.Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
3. Әсет Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Әсетті 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе-тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?4. Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?
5. Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше конфет алып жеді. Мұны көрген Дариға екінші қораптан бірінші қорапта қанша қалса,сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің саны қанша болмақ?
6. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
7. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?
8. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?

9. Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады?
10. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім?
logikalik-tapsirmalar
№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалылар ше?
2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
3. Қосындысы 9-ға тең болатын барлық есептерді жаз.
4. Алғашқы он натурал санды жаз және олардың ішінен барлық жұп сандарды ата.
5. Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Ең кіші төрт таңбалы саннан бірлікті алғанда үш таңбалы сан шығуы керек. Ол қандай сан?
7. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады?
8. Алдында сан болмайтын натурал санды жаз.
9. Мына өрнектерді жаз және айырмашылықтарын салыстыр: 88–36, 88–31, 88–35.
10. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.

№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.

1. 30 бен 13-тің айырмасынан 8-ді азайт.
2. 7 мен 6-ның қосындысына 9-ды қос.
3. 8 бен 4-тің қосындысы 11 мен 6-ның айырмасынан қаншаға көп?
4. 33-ке 16 мен 9-дың айырмасын қос.
5. 16 мен 8-дің айырмасын 7-ге арттыр.
6. 21 мен 29-дың қосындысын 22 мен 12-нің айырмасынан кеміт.

3-сынып

№ 1 тапсырма
1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?
3. Сыныптағы 25 оқушының 17-сі ағылшын тілін, кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша?
4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?
6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне – 4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
8. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
9. Назым, Майра және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.
10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?
11. Қорапшада барлығы 15 шар жатыр: қара, қызыл, және ақ. Ақ шарлар қарасынан 7 есе артық. Неше қызыл шар барын табыңдар.

№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Қандай сан 5-тен 8 есе көп болады?
2. 45 санын 9 есе кеміт.
3. 36 мен 4-тің бөліндісін тап.
4. 8 бен 3-тің көбейтіндісін тап.
5. Бөлінгіші – 32, бөліндісі – 4. Бөлгішті тап.
6. Бірінші көбейткіш – 6, көбейтінді – 30. Екінші көбейткішті тап.
7. Қандай санды 7-ге бөлгенде 8 шығады?
8. 50 саны ойланған сан мен 5-тің айырмасына тең. Ойланған сан неше?
9. 32 шығуы үшін қандай санды 4-ке арттыру қажет?
10. Азайғышы – 61, айырмасы – 18 болғанда өрнектің азайтқышы нешеге тең болады?

№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 46 мен 31 сандарының айырмасын 5 есе кеміт.
2. 60 пен 40-тың қосындысын 5 есе арттыр.
3. 28 санын 12 мен 9 сандарының айырмасына көбейт.
4. 9 бен 5-тің көбейтіндісін 36-ға кеміт.
5. 24 санын 16 мен 8-дің айырмасына бөл.
6. 54 пен 6-ның бөліндісін 37-ге арттыр.

4-сынып

№ 1 тапсырма
1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 және 5 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
6. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелердегіден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
7. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы ақша қосса, 680 теңге болар еді. Әмиянда қанша ақша болған?
8. Бір санды 6-ға көбейтудің орнына 6-ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
9. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
10. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?

№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 8 бірл.ІІІ кл, 204 бірл. ІІ кл, 7 бірл. І кл тұратын санды жаз.
2. 7 бірл. 6-шы разрядта, 3 бірл. 5-ші разрядта, 2 бірл. 3-ші разрядта және 9 бірл. 1-ші разрядта тұратын санды жаз.
3. Қосындысы 1000-ға тең үшінші қосылғышты тап. Мұнда бірінші қосылғыш – 450, екіншісі – 380.
4. 480 саны ойлаған саннан 30 есе артық. Ойдағы санды тап.
5. 5-тің кубын тап.6. Сегізден бір бөлігі 15-ке тең болатын толық санды тап.
7. Бөлінді 11-ге тең. Егер бөлгіш те 11-ге тең болса, бөлінгіш нешеге тең болмақ?
8. Қандай санды бөліндіде 12 шығу үшін 40-қа бөлу керек?
9. 87323 санында неше жүздік бар?
10. Мыңдықтар класында 346 бірлігі бар санды жаз.
№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 16 мен 14 сандарының қосындысын 13-ке кеміт.
2) 42 мен 20 сандарының айырмасын 4 есе арттыр.
3) 6 мен 6 сандарының көбейтіндісін 7 мен 8 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
4) 350 мен 7 сандарының бөліндісін 21 мен 29 сандарының қосындысына кеміт.
5) 6 санын 40 пен 30 сандарының қосындысына көбейт.
6) 920 мен 870 сандарының айырмасын және 360 пен 190 сандарының қосындысын қос.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жазда (сабақ)
  • Манабаева Набат Тұрсынбайқызының өлеңдер жинағы
  • Балғын күндей балапанға
  • Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары
  • 10*1;30:3; 100*3;300:3 жағдайдағы тәсілдерге есептер шығару

Пікірлер 136 Пікір қосу

  • Арай 26.11.2021 күні 23:42 уақытында

    Өте керемет.Мен өзім логикалық тапсырмаларды көп қолданамын. іздеп отырам сайттардан

    Жауап беру
  • Жанар 06.08.2021 күні 20:20 уақытында

    Олимпиада, «Бастау» дегендерге осындай жеңіл тапсырмалар бермей ме құрсын. Әйтпесе не бала , не мұғалім шығара алмайтын есептер беріледі.

    Жауап беру
  • Ира 03.08.2021 күні 15:36 уақытында

    Рахмет әріптестер.Өте пайдалы дүниелер екен.Маған ұнады.

    Жауап беру
  • Ира 03.08.2021 күні 15:04 уақытында

    сайт өте керемет.маған ұнады.

    Жауап беру
  • Акмолдир 17.11.2020 күні 21:22 уақытында

    Сәлеметсіздер ме?! Мұғалімдерге өте қажет дидактикалық материалдар екен. Тапсырмалар өте қызықты.

    Жауап беру
  • Нагима 11.11.2020 күні 12:58 уақытында

    Материал жақсы жазылған, балаларды қызықтыра алады, ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен көмек бере алады деп ойлаймын

    Жауап беру
  • Мөлдір 20.10.2020 күні 19:04 уақытында

    Барлық дайын материалдар. Керемет!

    Жауап беру
  • Арайлым 10.10.2020 күні 00:11 уақытында

    керемет сайт іздегенімнің бәрін табудамын

    Жауап беру
  • Лаура 08.10.2020 күні 16:28 уақытында

    Логикалық есептер жинағы мұғалімдер үшін өте қажет. Оқушының ой- өрісін дамытуға пайдасы көп.

    Жауап беру
  • Лиза 22.05.2020 күні 11:40 уақытында

    Сабақ барысында лирикалық тапсырмалар балаларға қатты ұнайды. Рахмет. Тек жауабы мен болса тіпті жақсы болар еді

    Жауап беру
  • Смагулова Марал 08.05.2020 күні 02:32 уақытында

    Оқушылардың логикалық ойын дамыту мақсатында пайдалануға өте тиімді екен! Көп рахмет

    Жауап беру
  • Рамила 20.02.2020 күні 23:53 уақытында

    Сайттағы логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Сайттағы логикалық тапсырмаларға көп рақмет! Ұстаздарға көмегі пайдасы зор.

    Жауап беру
  • Аманкелді Жайлыханұлы 18.02.2020 күні 09:10 уақытында

    логикалық тапсырмалар жинағын жаңарту қажет.қай сайтты қарасаңда осы тапсырмалар.құлаққа алтын сырға.

    Жауап беру
  • Бахтыгуль 03.07.2019 күні 16:17 уақытында

    Оқушыларыммен логикалық тапсырмаларды орындағанда ой өрістері кеңейіп балалар көбіне осындай тапсырмаларды орындағанды жақсы көреді. Тапсырмалары керемет.

    Жауап беру
  • Гулзира 15.04.2019 күні 15:45 уақытында

    Логикалық тапсырмалар түрлі деңгейлі балаларға қолдануға болады екент. Логиканы дамытады, тереі ойлануға , жан-жақты ойлауға итермелейді.

    Жауап беру
  • Асель 03.04.2019 күні 01:18 уақытында

    Мынандай тапсырмаларды жазып бізге дайындап берген ұстаздарға мың алғыс. Балаларыма, оқушыларыма міндетті түрде пайдаланамын.

    Жауап беру
  • Салтанат 27.03.2019 күні 22:41 уақытында

    Салеметсиздер ме, мақала өте жақсы. Мұғалімдерге үлкен көмек. Мектептерде мектепішілік олимпиадаларда қолдануға өте ыңғайлы екен.

    Жауап беру
  • Жайна Кабакова 07.12.2018 күні 15:23 уақытында

    Сәлеметсіздер ме?! Мұғалімдерге өте қажет дидактикалық материалдар екен. Тапсырмалар өте қызықты.

    Жауап беру
  • Сәуле 04.04.2018 күні 23:48 уақытында

    Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?

    Жауап беру
  • Светлана 24.12.2017 күні 23:24 уақытында

    Тапсырып жасадым. Егер ертең төлесем ақшасын акция болама

    Жауап беру
  • Балнур 20.10.2017 күні 22:43 уақытында

    Жақсы тапсырмалар екен. Маған ұнады. Дүйсенбі күні балаларға есептетемін. сосын портфолиоға заказ берейін деп едім қалай жасаймын

    Жауап беру
    • Erketai 20.10.2017 күні 23:00 уақытында

      Саламатсыз, тапсырыс жасау сайты арқылы.

      Жауап беру
  • Гүлмира 01.12.2016 күні 21:17 уақытында

    Ені 2 метр ор қазылған. Ұзындығы 2 м екі тақтайды пайдаланып, одан қалай өтуге болады?
    Шығарып беріңіздерші?

    Жауап беру
  • Серик 22.11.2016 күні 19:58 уақытында

    1 деген цифрды 7 рет . 3 деген цифрды 6 рет пайдаланып 1000 санын шыгару керек . комектесиниздерши отиниш . матиматиктерге кулагына алтын сырга единицасын салып берем дурыс жауап берген адамга. коп рахмет.

    Жауап беру
  • Жәнібек 17.11.2016 күні 21:26 уақытында

    Өте жақсы сайт. Маған ұнады рахмет

    Жауап беру
  • Жұпар 21.10.2016 күні 21:47 уақытында

    Бұл менің орысшадан аударған кітабымның бір үзіндісі ғана ғой, осы мақаланы Еркетайдан көрнекілік алу үшін мен салғанмын. /2,3,4 сыныптарға арналған./

    Жауап беру
  • айжан 30.03.2016 күні 11:18 уақытында

    өте ұнады

    Жауап беру
  • айжан 30.03.2016 күні 11:18 уақытында

    Өте ұнады сабаққа пайдасы жақсы екен

    Жауап беру
  • гуля Калдыбаева 24.02.2016 күні 13:57 уақытында

    рахмет сабағыма пайдасы тиеді деп ойлаймын

    Жауап беру
  • Комила Сабурова 12.11.2015 күні 22:36 уақытында

    керемет

    Жауап беру
  • Айгул 02.08.2015 күні 11:31 уақытында

    тапсырмаларыңыз өте жақсы екен

    Жауап беру
  • зарина 05.05.2015 күні 13:13 уақытында

    норм

    Жауап беру
  • Ернар 03.05.2015 күні 17:50 уақытында

    Very good

    Жауап беру
  • сағадат 02.05.2015 күні 13:58 уақытында

    сайт маған ұнады көп қажетті мағлұматтар бар екен.

    Жауап беру
  • Айша 28.04.2015 күні 19:51 уақытында

    бұл сұрақтардын жауабы бар ма?

    Жауап беру
    • Erketai 28.04.2015 күні 19:53 уақытында

      Автор осы күйінде жіберген.

      Жауап беру
  • Базаргуль 08.04.2015 күні 18:39 уақытында

    рахмет тапсырмалар керемет!

    Жауап беру
  • Базаргуль 08.04.2015 күні 18:38 уақытында

    Сізге рахмет, балаларыма жақсы және қызықты тапсырмалар алдым деп ойлаймын. оларға ұнайды деген ойдамын

    Жауап беру
  • Асылжан 29.03.2015 күні 12:44 уақытында

    өте жақсы

    Жауап беру
  • Асылжан 29.03.2015 күні 12:43 уақытында

    унады

    Жауап беру
  • Ақжарқын 19.03.2015 күні 20:09 уақытында

    2cыныпқа байланысты презентатцияларды алғым келеді

    Жауап беру
  • Эльмира 18.03.2015 күні 22:46 уақытында

    Cәлеметсіздер , мен сіздердің логикалық тапсыраларыңызды оқушыларыма орындатсам деп отырмын

    Жауап беру
  • beksultan 16.03.2015 күні 12:27 уақытында

    Жауап керек 4 сыныптын 1 тасырма киын

    Жауап беру
  • Есенбаева Венера 13.03.2015 күні 12:25 уақытында

    сайтқа қалай жазылам

    Жауап беру
  • Бахыт 28.02.2015 күні 17:58 уақытында

    жаңағана көрнекілікке тапсырыс бердім неге келмей жатыр ?

    Жауап беру
    • Erketai 28.02.2015 күні 20:02 уақытында

      Неге өтірік жазасыз «1000»деген санды жіберсеңіз болды сізге көрнекіліктер жіберіледі деп ойлайсыз ба? Алдымен қалай тапсырыс жасауға болатынын анықтап оқып шығыңыз. Тапсырыс жасау үшін ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНҒА ЖҮКТЕЙТІН 1000 АКТИВ КАРТАСЫНДАҒЫ КОДТТЫ ЖІБЕРУІҢІЗ КЕРЕК!!!

      Жауап беру
  • Қызғалдақ Оралғазы 09.02.2015 күні 12:11 уақытында

    маган оте унады тапсырмалар окушылардын ойлау кабилетин арттыруга комеги зор

    Жауап беру
  • Қызғалдақ Оралғазы 09.02.2015 күні 12:10 уақытында

    оте жаксыыы

    Жауап беру
  • Арай 04.02.2015 күні 16:08 уақытында

    Менің жасымды табындаршы ен үлкен бір таңбалы санды үшке бөліп беске көбейтіп алтыны азайтсан оган одан үш азайтсан оған бір коссан менің жасым шығады менің жасы нешеде

    Жауап беру
  • Роза 01.02.2015 күні 22:28 уақытында

    кеңестер көп екен

    Жауап беру
  • Роза 01.02.2015 күні 22:27 уақытында

    өте керемет

    Жауап беру
  • Роза 01.02.2015 күні 22:26 уақытында

    Маған ұнады

    Жауап беру
  • Аружан 01.02.2015 күні 22:24 уақытында

    керемет

    Жауап беру
  • Аружан 01.02.2015 күні 22:24 уақытында

    Маған қатты ұнады.Бұл жерден көптеген сабаққа керекті мәлімет алдым. Рахмет.

    Жауап беру
  • Задагул 31.01.2015 күні 09:16 уақытында

    Рахмет пайдалы екен тек жүктей алмай отырмын

    Жауап беру
  • Задагул 31.01.2015 күні 08:51 уақытында

    Рахмет. Өте пайдалы.

    Жауап беру
  • Алмас 27.01.2015 күні 15:37 уақытында

    логикалык сурак бир байдың 500койы бар,ал кедейдин 3 койы бар.байдын 500 койы кедейдин қорасына сыйады,ал кедейдин 3 койы байдын корасына сыймайды.неге

    Жауап беру
  • Дана 22.01.2015 күні 18:29 уақытында

    Есен 6 дәптер сатып алғысы келіп еді бірақ 40 теңгесі жетпей қалды сондықтан ол 5 дәптер сатып алды оның өзінде 50 теңгесі қалды? Бір дәптердің бағасы қанша?

    Жауап беру
  • Түйтенова Айдан Еркінқызы 16.01.2015 күні 14:15 уақытында

    Сайтқа қалай кіремін

    Жауап беру
    • Erketai 16.01.2015 күні 14:29 уақытында

      Салем! Сайтқа тіркелу формасы сайттың оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Сол жерде көрсетілген «Тіркелу» сілтемесін басыңыз.

      Жауап беру
  • Мамурбаева Дина Мубараковна 15.01.2015 күні 05:32 уақытында

    Логикалық есептер оқушыларға пайдасы өте көп.Мидың қызметін арттырады. Балалардың қызығушылығын жаксартады. Маған ұнады. Рахмет.

    Жауап беру
  • Эльмира 11.01.2015 күні 14:37 уақытында

    Қыздарға арналған портфолио өте ұнады.

    Жауап беру
  • абылайхан 19.12.2014 күні 23:01 уақытында

    өте керемет

    Жауап беру
  • dauren 16.12.2014 күні 14:15 уақытында

    rahmet

    Жауап беру
  • Айсулу 11.12.2014 күні 22:01 уақытында

    рахмет

    Жауап беру
  • Ainur 21.11.2014 күні 00:13 уақытында

    көп коп рахмет))

    Жауап беру
  • НУРИСЛАМ 06.11.2014 күні 17:43 уақытында

    ТАМАША МАҒАН ҚАТТЫ ҰННАДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДД

    Жауап беру
  • НУРИСЛАМ 06.11.2014 күні 17:41 уақытында

    ОЙЫН ЖАҚСЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ

    Жауап беру
  • майра 03.11.2014 күні 01:54 уақытында

    логикалық есептер оқушының миын ширатады

    Жауап беру
  • Dina 02.11.2014 күні 12:22 уақытында

    Тапсырмаларыңыз ұнады, жауаппен болса жақсы болар еді.

    Жауап беру
  • Анара 02.11.2014 күні 12:19 уақытында

    Тапсырмалар ұнады, жауаптарымен болса оданда күшті болар еді

    Жауап беру
  • Толя 27.10.2014 күні 00:21 уақытында

    Сұрақтары бәрі ұнады, тек жүктеу жағынан қиындық туып тұрғаны….

    Жауап беру
    • Erketai 27.10.2014 күні 00:23 уақытында

      Қандай қиындық?

      Жауап беру
  • Эльмира 21.10.2014 күні 00:11 уақытында

    логикалық тапсырмалар тамаша, бастауыш сынып үшін тиімді

    Жауап беру
  • Таңшолпан 16.10.2014 күні 18:16 уақытында

    Кіру қиынғо таза…

    Жауап беру
  • Динара 07.10.2014 күні 10:59 уақытында

    Еркетай

    Жауап беру
  • моля 26.06.2014 күні 20:42 уақытында

    света 4 жылда 1 рет тойлады

    Жауап беру
  • моля 26.06.2014 күні 20:39 уақытында

    керемет

    Жауап беру
  • Сауле 05.06.2014 күні 10:13 уақытында

    Сайт өте жақсы екен. Рахмет!

    Жауап беру
  • шолпан 30.05.2014 күні 19:02 уақытында

    жаксы акпарат екен

    Жауап беру
  • Самал 19.05.2014 күні 09:26 уақытында

    өте жақсы екен.

    Жауап беру
  • ERKEBULAN 17.05.2014 күні 10:05 уақытында

    Өте қызықты кішкентай балаларға!

    Жауап беру
  • АЙДАНА 29.04.2014 күні 15:54 уақытында

    ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕКЕН

    Жауап беру
  • гульнур 28.04.2014 күні 15:56 уақытында

    бұрыннан білмеппін, кызықты екен

    Жауап беру
  • Ділназ 25.04.2014 күні 12:43 уақытында

    өте жақсы

    Жауап беру
  • Ділназ 25.04.2014 күні 12:42 уақытында

    өте балаға пайдалы есеп

    Жауап беру
  • Құралай 24.04.2014 күні 19:41 уақытында

    Ой кеширинеиздер мен дурыскпрамаппын
    Бул оте керемет сайт коп рахмет улкеналгысымызды билдиремин

    Жауап беру
  • Құралай 24.04.2014 күні 19:34 уақытында

    Туй ана жерде 2,3,4 сынып деп турды гой, бирак неге тек 2 сыныптыкы ғана

    Жауап беру
  • Света 16.04.2014 күні 02:21 уақытында

    ата-аналарға қажет сайт
    – Жасы жүзге келген қария өзінің туған күнін қалдырмай атап отырған. Сонда ол 25 рет қана атап өткен. Ол қай күні туған?

    Жауап беру
  • Света 16.04.2014 күні 02:15 уақытында

    Өте керемет сайт!
    Сізден өскен балалар,
    Батырлар мен даналар,
    Құттықтаймыз мейраммен
    Құрметті біздің аналар
    * * *
    Баланың да тірегі,
    Дананың да тірегі.
    Шаншымасын ешқашан
    Аналардың жүрегі
    * * *
    Айналайын, анашым,
    Жұмысына барасың.
    Қайтып мені көргенше
    Шын сағынып қаласың
    * * *
    Аналарды сүйеміз,
    Сөзін ойға түйеміз.
    Әжені де ардақтап,
    Әдеппен бас иеміз

    * * *
    Біз доспыз гүлдермен,
    Текке оны жұлмаймыз.
    Той күні бір – бірден
    Анаға сыйлаймыз.
    * * *
    Бойға қуат береді
    Әй, жарайсың дегені.
    Мен анамнан әр кезде
    Соны естігім келеді.
    * * *

    Жауап беру
  • Самал 14.04.2014 күні 22:57 уақытында

    өте жаксы

    Жауап беру
  • Иса 12.04.2014 күні 15:43 уақытында

    Қосындысы 19 болу үшін 2-минут ішінде 4 тақ санды ойлап тап ( сандар қайталану мүмкін).

    Жауап беру
  • Иса 12.04.2014 күні 15:41 уақытында

    Көбейтіндісі 1 000 000-ға тең екі санды тап. Бірде-бір санда 0 цифры болмауы тиіс

    Жауап беру
  • Иса 12.04.2014 күні 15:40 уақытында

    Сенде 5 литрлік және 3 литірлік ыдыс бар. Егер басқа ыдысың болмаса, су ағатын шүмектен 4 литр суды қалай дәл өлшеп аласың?

    Жауап беру
  • Жако 10.04.2014 күні 16:32 уақытында

    ӨӨӨӨӨӨттттеее тамаша кльово!очень – очень хорошо! Тапсырмалар екен НО!6 сыныпка нету!если че бар боса пожалуйста маган скажите?! мхм

    Жауап беру
  • кобылан 08.04.2014 күні 13:18 уақытында

    77+77+77+77=308

    Жауап беру
  • кобылан 08.04.2014 күні 13:14 уақытында

    оте жаксы екен

    Жауап беру
  • Айнур 07.04.2014 күні 15:52 уақытында

    Бастауыш сыныптарға өте керек тапсырмалар.

    Жауап беру
  • zhan 02.04.2014 күні 13:08 уақытында

    тамаша, өте пайдалы және қызықты.

    Жауап беру
  • дйлйя 01.04.2014 күні 19:13 уақытында

    500тенге

    Жауап беру
  • дйлйя 01.04.2014 күні 19:09 уақытында

    Жастары 8де 12де 16да 20да 24те

    Жауап беру
  • дйлйя 01.04.2014 күні 19:07 уақытында

    2 улы 2кызы бар

    Жауап беру
  • Еркебұлан 29.03.2014 күні 13:41 уақытында

    сайт өте жақсы екен

    Жауап беру
  • Каусар 22.03.2014 күні 14:32 уақытында

    Tamawa

    Жауап беру
  • жансая 08.03.2014 күні 21:10 уақытында

    ӨТЕ ТАМАША

    Жауап беру
  • ана 06.03.2014 күні 20:09 уақытында

    жолаушынын 1 ешкі, 1 орамжапырағы және 1 қасқыры бар,ол өзеннің бер жағынан ар жағына 2 орынды қайықпен өтуі керек, қасқырды ешкімен қалдыруға не ешкіні орамжапырақпен қалдыруға болмайды жеп қояды , не істееу керек?

    Жауап беру
  • Самал 05.03.2014 күні 01:06 уақытында

    екі сағат ойнайды

    Жауап беру
  • Хамит 27.02.2014 күні 21:55 уақытында

    Төрт бала даминоны екі сағат ойнаса екі бала не сағат ойнады

    Жауап беру
  • Мидина 25.02.2014 күні 21:47 уақытында

    Сіздерге көп рахмет! Шынында да пайдалы сайт екен!

    Жауап беру
  • Rimma{sh}ok 24.02.2014 күні 19:08 уақытында

    Спасибо.Хороший сайт,Мне понравилось.

    Жауап беру
  • Акмарал 18.02.2014 күні 20:54 уақытында

    өте пайдалы сайт екен рахмет

    Жауап беру
  • Камшат 18.02.2014 күні 14:39 уақытында

    өте жақсы

    Жауап беру
  • Бекарыс 06.02.2014 күні 22:12 уақытында

    сосын мен 4 класпым маган логиканын жауаптарын издеп отырганмын

    Жауап беру
  • Бекарыс 06.02.2014 күні 22:11 уақытында

    осы сурактардын бари 1 класка арналган

    Жауап беру
  • ару 19.01.2014 күні 18:30 уақытында

    маған қайырымдылық туралы мақал мәтелдер керек еді

    Жауап беру
  • Жадыра 14.01.2014 күні 20:21 уақытында

    Рахмет сіздерге көп. Өте пайдалы және қызықты .

    Жауап беру
  • маржан 29.12.2013 күні 08:56 уақытында

    коп-коп рахмет

    Жауап беру
  • Гульзира 22.12.2013 күні 00:27 уақытында

    Pахмет сіздерге көп,көп!

    Жауап беру
  • ерке 16.12.2013 күні 14:26 уақытында

    арман балық аулауға шықты ыдысында 4 маса бар ед онн 2 ен 2 балы аулады
    қалған маса мен қанша балық аулайды?

    Жауап беру
  • Айнур 25.11.2013 күні 19:39 уақытында

    Кызыкты математика логикалык есептер бастауыш сыныпка арналган сайыс сабактар издеп отырмын комектесиниздерши

    Жауап беру
  • Актолкын 21.11.2013 күні 13:10 уақытында

    Логикалық есептеулерге цифрограммалар, әр түрлі басқатырғылар т.б жатады.
    «Цифрограмма» «65»
    Логикалық есептердің бір түрінде беріледі. мысалы:
    тор көздерді толтырыңыз. сонда көлбеуінен де, тігінен де, көлденең де қосындылары тек 65 болу керек.

    Жауап беру
  • нурай 20.11.2013 күні 21:00 уақытында

    казак тилинен тест керек

    Жауап беру
  • Жансая 17.11.2013 күні 17:47 уақытында

    TAAMAWA)))))))

    Жауап беру
  • mels 17.11.2013 күні 15:58 уақытында

    керемет сайт екен. маган ұнады.

    Жауап беру
  • Кенжебек 15.11.2013 күні 09:56 уақытында

    айтындар балалар!

    Жауап беру
  • Аружан 25.10.2013 күні 16:12 уақытында

    Алдыңғы күні 13 жаста едім,келесі жылы 16-ға толамын.-деді Маржан.
    Маржан дұрыс айта ма?

    Жауап беру
    • Жако 10.04.2014 күні 16:08 уақытында

      Маржаннын айтканыы дурыс емес себеби ол 14-ке келеди

      Жауап беру
  • Аружан 25.10.2013 күні 16:07 уақытында

    Мен математика пәнінен олимпиадаға дайындалу үшін қажетті материалдар іздеп отырмын. Маған осы тапсырмалар ұнады.

    Жауап беру
  • madina 25.10.2013 күні 12:49 уақытында

    сіздерге көптен көп рахмет бізге керекті мағлұматтар енгізіпсіздер

    Жауап беру
  • данияр 21.10.2013 күні 12:05 уақытында

    7 7 7 7=1
    7 7 7 7=2
    7 7 7 7=3
    7 7 7 7=5

    Жауап беру
    • abylai 04.04.2014 күні 12:37 уақытында

      7:7+7-7=1

      Жауап беру
    • abylai 04.04.2014 күні 12:43 уақытында

      7:7+7:7=2

      Жауап беру
    • гульнур 28.04.2014 күні 15:45 уақытында

      7+7/7+7

      Жауап беру
  • данияр 21.10.2013 күні 11:45 уақытында

    7 7 7 7=4
    матаматикалық таңбалар қою арқылы шығар

    Жауап беру
  • айдана 09.10.2013 күні 14:44 уақытында

    менде 500 тг бар.100 мал сатып алуым керек. кой 1 тг , сиыр 10 тг. Жылкы 100 тг . Кой . Сиыр жылкы канша шт сатып алуым керек шешип бериниздерши

    Жауап беру
    • Қобланды 17.10.2013 күні 11:43 уақытында

      қойдан 60 -60 теңге
      сйырдан 39 – 390 теңге
      жылқы 1- 50 теңге
      60+39+1=100 бас
      60+3900+50=500 теңге
      барлығы 100 бас 500 теңге

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.