Мақсат:Балалардың тыңдау ынтасын дамыту.
Шарты: Сылдырмақтың дыбысына балалар шеңбермен аяқтың ұшымен жүреді. Бубеннің дауысы естілгенде,балалар отыра қалуы керек.
Жоғалған аспап
Мақсаты: Аспаптардың атауын есте сақтауға,түрінен ажыратуға үйрету.
Шарты:Металлафон,сырнай,дауылпаз,үшбұрыш,домбыра,сылдырмақтар…т.б.үстел үстінде тұрады.Балалар көзін жұмады.Осы кезде
Бір бала бір аспапты жасырады. Көздерін жұмған балалар көзін ашып,жоғалған аспапты атауы керек.
Сағат
Мақсаты: Әуенді әуенінен танып білуге үйрету. Есту сезімін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сағат тілі ортасында орналасқан ,шеңбер бойымен әннің мазмұнына сай суреттері бар карточка.
Шарты: Әнді әуенінен дұрыс тапқан бала, арнайы әннің мазмұнына сай суретке апарып қояды.
Әуенді әрле
Мақсаты:Әуенді тыңдай білуге үйрету.Ырғақтылық сезімін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар.
Шарты: Балаларға таныс ән немесе вокалды әуен қойылады.Бала әуенді тыңдай отырып мінезін суреттеуі тиіс.Тыңдалатын ән жыл әқұшақтадыыақырыпта болуы мүмкін.
Қайтала
Мақсаты:Есту қабілетін, ынтасын тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар.
Шарты: Ырғақты жетекші шапалақпен ,немесе аспаппен соғады.Бала сол ырғақты қайталауы керек. Ырғақ әр-түрлі болуы мүмкін.
Музыкалық лото
Мақсаты: Музыкалық дыбыстардың жоғары,төменділігін ажырату.
Көрнекіліктер: Нота жолы, түрлі-түсті нота дөңгелекшелері, металлафон.
Шарты: Бір бала металлафонда дыбыстарды соғады. Ал, балалар нота жолына естіген дыбыстар жуан болса, төменгі жолға,жіңішке дыбысты естісе, жоғарғы сызыққа қояды.
Бізге келген қонақтар
Мақсаты: Кейіпкердің мінезіне сай,әуенді ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Аңның, құстың,қоянның бет пердесі.
Шарты: Алдын ала бір бала шымылдықтың артына барып,аңның немесе құстың бет пердесін киеді.Ал 3-4 бала аспаптарды алдына қойып, келген қонақтың мінезіне сай, аспапты соғады.Аю келсе- жуан дыбыстар, қоян келсе-секіртпелі дыбыстар,торғай келсе-жіңішке дыбыстарды соғу керек.
Ойыншықтың әуенін тап
Мақсаты: Кейіпкердің бейнелі әуенінен тану. Есту сезіміндамыту.
Шарты: Баланың алдына бірнеше ойыншықтар қойылады.
Музыка әуенін тыңдау немесе фортепианодан тыңдау.Әннің мінезіне қарай,бала ойыншықты таңдап алады да,бала неліктен осы ойыншықты алғанын айтып беруі керек.
Құстың даусын тап
Мақсаты: Музыкадағы жоғарғы және төменгі дыбыстарды ажырату, есту сезімін тәрбилеу.
Көрнекіліктер:үлкен,кіші құстардың суреті.
Шарты:Құстардың суреті балаларға үлестіріліп беріледі. Ку-ку деп құстар сияқты әндетеміз.Үлкен құстар- жуан әндетеді,кішкентай құстар -жіңішке дыбыста әндетеді.
Бірінші дыбыс, соңғы дыбыс
Мақсаты: Есту қабілетін дамытып,дыбыстың дұрыс айтылуына көмектеседі.
Шарты: 1-бала ду-у-у соза әндетеді,екінші бала қай дыбыстың созылғанын айтып беруі тиіс.
Біз қайда бардық, не көрдік?
Мақсаты: Буындап әндету ерекшеліктеріне үйрету.
Шарты: Жетекші әнмен сұрақ қояды.Балалар әндете жауап береді.
-Біз орманға бардық , не көрдік ?
-Аю,қоян,түлкі,қасқыр .. т.б.
-Біз циркке бардық , не көрдік?
Көңілді музыканттар
Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс айту қабілеттерін жетілдіру.
Шарты:Аспаптарды үнін әндете отырып, аспапты ұстау ,ойнау ерекшелігін көрсету керек.
Домбыраны қолға алып,
Ән айтамыз толғанып.
Дан-диги-дан.
Қобыз аспап киелі,
Оны бәрі сүйеді.
Пара-ри,пара-ри.
Сыбызғыны үрлейміз,
Жалқаулықты білмейміз.
Ду-ду-ду.
Трам-та соқса барабан,
Қызыға жұрт қараған.
Трам-та-та.
Мысықай анасын қалай тауып алды?
Мақсаты: Әртістік,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Эмоционалдық мінезін тәрбиелеу.
Шарты: Мысықай анасынан адасып қалады.
Мысықай анасын іздеп жолға шығады.Келе жатып,әтешті көреді.
-Сен менің анамсың ба? Деп сұрайды.
Әтеш: -Ку-ка-ре-ку. Мен сенің анаң емеспін, дейді.
Мысықай ешкіге келеді.
-Сен менің анамсың ба? Деп сұрайды.
Ешкі: — Ме-ме-ме. Мен сенің анаң емеспін, дейді. Мысықай сиырға келеді.
-Сен менің анамсың ба? Деп сұрайды.
Сиыр: -Мө-мө-мө. Мен сенің анаң емеспін, дейдІ.
Мысықай анасын таба алмай, мұңайып келе жатқанда,
-Мияу-мияу…деген дауысты естіді. Мысықай қуанып,міне менің анам депанасын құшақтады
Жіп орау
Мақсаты: Шапшаңдылыққа, әуеннің аяқталуын сезіне білуге үйрету.
Көрнекіліктер:Түрлі түсті жіптер.
Шарты: 2 топтан 2-бала шығады.Түрлі-түсті тарқатылған жіпті көңілді әуенмен орай бастайды. Музыка аяқталғанда қай баланыңжібі көп оралса,сол бала жеңім
Ойынның мақсаты:Музыкалық аспапты тыңдауға ынтасын тәрбиелеу.
Ойын құралдары:аспаптар
Ойынның шарты:Бір бала шымылдықтың артында тұрып,аспаппен ырғақты соғады.Ал екінші бала ырғақты қайталайды.Ырғақты дұрыс қайталаған бала жеңімпаз атанады.
Саламатсызба! Маған осы музыка пәнінен ойын картотекесы кажет. Қалай алуға болады