Музыкалық ойын. Ән салған кім?

Мақсаты: Ән салған баланы даусынан тану қабілетін байқау,есту қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: аспаптар
Шарты: Бір бала шымылдықтың артында тұрады,ал екінші бала ән орындайды. Шымылдықтың артындағы бала
ән салған баланы даусынан танып,есімін атап беруі керек.

Аспаптарды топтастыру

Мақсаты: Аспаптарды тани,топтастыра білуге үйрету.
Көрнекіліктер:ойыншықтар,аспаптар соқпалы, үрлемелі,шертпелі.
Шарты: Ойыншықтар мен аспаптар үстел үстіне қойылады.Балалар үш топқа бөлінеді де, аспаптарды топтастырып қоюы керек.

Қақпан

Мақсаты: Байқампаздылыққа,ептілікке баулу.
Көрнекіліктер. 3-4 аңдардың бет пердесі.
Шарты: Балалар шеңбермен қол ұстаса «Қақпан» болып,музвка әуенімен жүреді. Ал аңдар осы шеңбер бойымен ішіне кіріп, сыртына шығып еркін билеп жүреді.Музыка аяқталғанда шеңбер жасап тұрған балалар отыра қалады. Шеңбер ішінде қалған бала айыбын ән орындап өтеуі тиіс.

музыкалық ойынДосыңа бер

Мақсаты: Достыққа,шапшаңдылыққа баулу.
Көрнекіліктер: аспап,сылдырмақ.
Шарты: Шеңберде тұрған балалар шеңбер бойымен бір-біріне сылдырмақты береді.Музыка әуені тоқтағанда сылдырмақ қай баланың қолында қалса,сол бала ойыннан шығады.

Жемістер мен көкөністер

Мақсаты: Жемістерді көкөністерден ажыратуға үйрету.Музыка ауысымын сезінуге, түрлерін ажыратуға үйрету.
Көрнекіліктер: Жемістер мен көкөністердің бет пердесі.
Шарты: Музыка әуенінің ауысымына қарай жемістер мен көкөністердің бет пердесін киген балалар шеңбер бойымен билеп жүреді. Музыка әуені тоқтағанда жемістер, көкөністер болып екі топқа бөлініп тұра қалады.

Жаңа–жылдық әзіл ойын

Мақсаты:Шапшаңдылыққа,байқампаздыққа тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілетін арттырады.
Шарты:
Шеңберде тұрған балалар Аяз атаға әнді орындай отырып, дене мүшелерін көрсетеді.Соңында Аяз ата: –Мені мазақ етесіңдер ме деп балаларды ұстап алады. Ұсталған бала өз өнерін көрсетеді.

1. Біздің Аяз атаның,
Аппақ екен шапаны.
Ха-ха-ха,хи-хи-хи.
Аппақ екен шапаны.

2. Біздің Аяз атаның,
Ұзын екен сақалы.
Ха-ха-ха,хи-хи-хи.
Ұзын екен сақалы.

3. Біздің Аяз атаның
Қызыл екен мұрыны.
Ха-ха-ха,хи-хи-хи.
Қызыл екен мұрыны.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Бахтыгуль

    Сабақтар аспаптарды топтастыру., əр түрлі ойын ойнату жағы ұнады.

  2. Бальнур

    Балаларды сергітіп, шығармашылық сыйлайтын сабақ екен. Әуен нәзіктікке, әсемдікке тәрбиелейді

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ