Спорттық элементті қолдана отыра ашық серуен жүргізу

  • Топ: «Балдырған» ортаңғы тобы
  • Жас ерекшелігі: 4-5 жас

Тақырыбы: Спорттық элементті қолдана отыра ашық серуен жүргізу.

Мақсаты:Балалардың серуен кезінде қимыл- қозғалыс белсенділіктерін арттыру. Жас ерекшеліктеріне сай спорттық элеметтерді дұрыс қолдана білу және бекіту. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыу.

Барысы:
1. Жыл мезгілі туралы мәлімет
2. Қимылды ойындар. А)«Түрлі-түсті автокөлік», Ә)«Ине мен жіп».
3. «Баскетбол» спорттық элемент ойыны
4. Еңбек. «Еңбек түбі- береке »
5. Қорытынды

Мазмұны:

1. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы,өлең-тақпақтар,ағаштармен жапырақтар туралы мәлімет
2. Қимылды ойындарды түрлері: жүгіріс бойынша «түрлі-түсті автокөліктер»,ырғақты жүріс бойынша «ине мен жіп» ойындарын қолдану.
3. Спорттық элемент үзіндісін көрсету.
4. Балаларды еңбекке баулу.Жапырақтар жинау.
5.Қорытынды жасау.Мадақтау.Бекіту.
Қолданылатын заттар: Күзгі киім киген қуыршақ,баскетбол добы,обручтар, күректер, сыпырғыштар,ойынға арналған түрлі-түсті дөңгелектер,табақ.

Ұйымдастыру барысы:

Балаларды киіндіріп есіктен қарсы алып бүгінгі серуеннің ерекше болатының айта кету.Назарларың өзіме аударту.

спорттық серуен балабақшада

Тәрбиеші:

Қ.Мүсіреповтің «Күз» өлеңін оқып беру
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көк егін.
Бұлт күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек
Жапырағын жұлғызып.
Балалар өлең не туралы айтылған?
-Балалар,тыңдардашы бүгін бізге Әйгерім атты қуыршақ қонаққа келді.Оның сендерге айтары бар.

Тәрбиеші:

-Балалар, назар аударыңдаршы Әйгерім неге былай киініп алған,мен білімін,ал сендер білесіңдер ме?
-Балалар,сәлеметсіңдер ме,менің есімім Әйгерім.
-Мен кешкі күз ханшаймдар мерекесіне жетуім керек.Ол үшін сендер маған көмек көрсетулерін тиіс.Себебі бірнеше сынақтан өтуіміз тиіс.
-Дайынсыңдар ма?

Балалардың жауабы:
-Ия.
Қуыршақ:
-Балалар,қазір қай мезгіл
Балалардың жауабы:
-Күз
Қуыршақ:
-Оны қайдан білдіңдер?

Балалар
-Өйткені жапырақтар жерге сарғайып түсіп жатыр.Айнала алтын сары.Жапырақтар түрлі-түсті болады.Ағаштар жалаңаш.
Қуыршақ:
-Қандай түсті жапырақтар

Балалар:
-Қызыл,тоқ сары,сап-сары,жасыл
Қуыршақ:
-Олар қайдан түседі

Балалар:
-Ағаштардан

Әйгерім:
-Ал,сендердің балабақшаларында қандай ағаштар орналасқан?

Балалар
-Теректер мен қайыңдар.

Әйгерім:
— Ағаштардың жапырақтары қандай пішінді болады?

Балалар:
— Үлкен,-кіші,ұзын-қысқа,жуан-жіңішке.

Әйгерім:
— Онда маған бір үлкен,бір кіші жапырақты мына табаққа жинап беріңдер,мен өзіммен алып кетем. Балалар жан-жаққа жүгіріп кетіп, бір үлкен,бір кішкентай жапырақтарды жинап әкеледі. Табаққа айтып салады.

Әйерім:
-Рахмет!

Тәрбиеші:
— Ал,балалар Әйгерімге біз қандай ойындар білетіңімізді көрсетеміз бе?
Балалар:
— Ия
Тәрбиеші:
-Балалар, біз қазір «түрлі-түсті автокөлік» ойының ойнаймыз.

А) Ойынның шарты:балаларды қабырғаға қарай тұрғызу.Жол салу.Қарама-қарсы жүгіріс. Қолдарына сары,жасыл,қызыл түсті дөңгелектер беру.Тәрбиеші өз қолына сары,қызыл,жасыл түсті үлкен дөңгелекше алу. Дөңгелекті тиісті түс бойынша көтерген жағдайда сол түстер әрі-бірі жүгіре бастайды,машинаның дыбысын,тоқтауын салады.

Одан кейін барлық түсті көтеруге болады,сонда барлық түстер ортада жүгіріп,жүре бастайды.Енді біреуін түсіремін,мысалы жасылды,балалар қарамаған жағдайда сөзбен айта бастаймын.Осылайша ойын жалғасады.Ойын аяқтауға дөңгелекті тапсырыңдар деп айтамын.

Әйгерім:
-балалар,қалай жақсы ойынсыңдар,ойынның аты қалай?

Балалар;
— Түрлі-түсті автокөліктер

Тәрбиеші:
— Ал,енді екінші ойын. «Ине мен жіп»

Ә) Ойынның шарты:балаларды шеңберге тұрғызу. Бір баланы ине қылыу,жіпке 4-5 балаларды алу.Олар иненің артына тұрып,жібермеулері тиіс. Шеңберде тұрған балалар мата боламыз.Ине мен жіп бізді тігеді.Ал біз қолымызды көтеріп тұрамыз.
Балаларды кезекпен ауыстырып,ойынды жалғастыру.

Тәрбиеші:
-Ал, енді балалар спортқа көңіл бөлейік.
— Үш топқа бөлінеміз. Бірінші топ балалары сақинаға доп лақтырады,екінші топ обручка кезектен кезек секіреді,үшінші топ допты жерге лақтырып ұстап соғу.Оң қолмен содан сол қолмен.Содан соң орнымызбен алмасамыз.

Тәрбиеші:
Ойынды,сырттан бақылау,көмектесіу,шаррты бұзбау керек екенін естеріне салу.
Ойынды қорытындылыу,балаларды мадақтау.
-Ал енді еңбек,даланы жинап сыпыру,ауланы тазарту.Қолдарына сыпырғыш,күрек беру.Мақалды айтқызыу.
«Еңбек түбі-береке» қайталап,жаттау.

Қорытынды:

Әйгерім:
-Балалар, сендерге көп рахмет,менің күзгі ханшаймдар мерекесіне жол аштыңдар,көңіл-күйімді көтердіңдер.Сендерге тән ризамын!Сау болыңдар!

Тәрбиеші:
-балалар, Әйгеріммен қоштасамыз.

Балалар:
— Сау болыңыз!

Тәрбиеші:
-Ал,балалар бүгін қандай ойындарды ойынадық,бүгінгі серуен ұнады ма?
Балалар:
-Ия,баскетбол ойнадық,допты сақинаға лақтырдық,түрлі-түсті автокөлік,ине мен жіп ойынын ойнадық.Рахмет!

Тәрбиеші:
-Спроттық элементі баскетболды үйретуді жалғастыру,әр сабақта яғни серуенде бекіту.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ