Тәуелсіздік ел – тірегі

Тәрбиеші:Көк байрағын көтеріп,

Желбіреткен қазақпыз.
Түбі бірге бауырды,
Елжіреткен қазақпыз.
Бостандықты сағынып,
Қолына алған қазақпыз,
Егеменді ел болып,
Жолы болған қазақпыз!

Құрметті балалар! Біз бүгін сендермен салтанатты мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өткелі отырмыз. Еліміз егемендік алып, санамыз қайта жаңғырды. Жаңғырған елдің болашағы мына отырған сендерсіңдер, ел қорғайтын нағыз азаматтар өздеріңсіңдер.

Құрметті балалар бүгінгі мерекемізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастайық!
Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік

Бекжан:

Туған жерде боламыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан — туған үйіміз,
Оттан — туған еліміз.

Нұрлыаян:

Отан — менің ата- анам,
Отан — досым, бауырым.
Отан — өлкем, астанам,
Отан — туған ауылым.

Айшат:

Отан біздің анамыз,
Әлпештеген, өсірген.
Өмір нәрін аламыз,
Оның жұпар төсінен.

Нурбағыт:

Бізбен бірге бар әлем,
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген,
Өмір қандай тамаша.

Айсана:

Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Медина:

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл нұрын сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің мерекеге қонаққа Ер Төстік келіпті, қане амандасайық.

Ер Төстік: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай мерекені тойлап отырсыңдар?

Балалар: Тәуелсіздік күнін.

Ер Төстік : Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бақыт, қуаныш әкелсін! Балалар, мен сендерге келе жатсам жолда ағаштың түбінен мына қорапты тауып алдым. Қане, ашып корейікші.Балалар, маған сендердің көмектерің керек, мына хаттағы тапсырмаларды орындау үшін.

Тәрбиеші: Қане, балалар, Ер Төстікке көмектесеміз бе?

Балалар: Көмектесеміз

Тәрбиеші:
— Балалар, сендер қайда тұрасыңдар?

Балалар: Астана қаласында

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан

Тәрбиеші: Елбасымыз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші: Ал сендер білесіңдер ме Қазақстан

Республикасының рәміздеріне не жатады ?

Балалар: Ту, елтаңба, әнұран жатады.

Тәрбиеші: Тәуелсіздігімізге неше жыл ?

Балалар: 25 жыл

Ер Төстік : Рахмет, сендерге. Мен сендерге ойын әкелдім. Қазір біз « Оқтау тартысып»ойнаймыз.

Тәрбиеші: Ер Төстік біздің балалардың білімі қалай?

Ер Төстік: Рахмет, балалар! Сендер тәртіпті, білімді екенсіңдер! Менің жол жүретін уақытым болды, сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Балалар, сендер еліміздің болашағысыңдар! Тәртіпті, ақылды болыңдар! Осымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған сабағымыз аяқталды. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Пікірлер6
  1. Маржан

    Автор сізге мың алғыс,керемет жұмыс екен!

  2. Бибігүл

    Тәуелсіздік жайында осындай керемет ценарилар көп болсын, тамаша

  3. Бисенбаева Мирамкүл

    Тәуелсіздік мерекесіне орай жазылған Тәуелсіздік ел – тірегі атты мақаланың маған көп көмегі тиді. Еркетай ұжымына мың алғыс. Оқушыларыммен тәуелсіздік сағатын өткіздім. керемет отті. сіздердің арқаларыңыздар. Осы еркетай сайытының мақалаларының арқасында деп білемін.

  4. Аиша

    Сәлеметсіздер ме? Біраз материалдар легін өзіме көмек ретінде пайдаланып келемін. Еркетай сайтының ұжымына алғыс айтамын. Тәуелсіздік мерекесіне іс-шара өткізу үшін біраз материалдарды қарап шықтым. Дегенмен бұл мақалада өте жақсы жазылған. Тәуелсіздік мерекесіне арнап жазып жатқан ценариыма қосымша алып қосар тұстары бар екен. Тағы бір идеяны және балалардың жаттайтын тақпақтарын да осы материалдан алсам болады екен. Нүргүл апай сізге де рахмет.

  5. тажигулова Нургул

    Салеметсиздер ме мен осы сайттка макаламнын екеуи де шыкты сертификат берілема

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз,жарияланған мақала саны үшеу болуы керек.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ