Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

О. Бөкей. «Апамның астауы»


Сабақтың тақырыбы: О. Бөкей. «Апамның астауы»

Сабақтың мақсаты: мәтінді дұрыс түсініп оқып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Жазушының өмірі туралы мағлұмат беру.

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз бетінше жұмыс істеуге, ой қорыту шеберлігіне машықтандыру.

Аналарды құрметтеуге, ұйымшылдыққа, жолдастық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері: тақырыпты толық меңгерту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.

Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ-жауап.

Түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта.

қазақ тілі, музыка, Оқушылардың, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бастауыш сынып

І. Сабақ барысы:

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

ap1

  Өлеңді оқушылардан жатқа сұрау, үйден орындап келген «Ана тілім – тірлігімнің айғағы» атты шағын әңгімені 3-4 оқушыдан сұраймын.

ІІІ. Жаңа тақырып:

Ертеде бір данышпан: – Балам тағамның тәттісін берші, – дейді. Баласы тілден кесіп береді.

–          Енді тағамның дәмсіз, ащы жерінен кесіп берші, дейді. Баласы тағы да тілден кесіп беріпті.

Әкесі:

–          Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, дәмсіз, ащы жерінен десем де тілден кесіп бердің? – депті.

Баласы:

–          Әке, жақсы да, жаман да, тәтті сөз де, ащы сөз де осының бәрі тілден шығады дейді.

–          Еее , дұрыс екен балам. Айтарым, осы ақылыңнан ешқашан ажырама,-деген екен.

Міне балалар, тіл адамды жақсы да, жағымсыз ғып көрсетеді. Олай дейтініміз тек жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсақ, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, өз тіліңде сөйлесең сол сенің ана тіліңе деген құрметің.

–          Ата Заңымызда «ҚР-ғы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген. Соған орай «Тіл туралы» Заң қабылданды.

«Тіл» туралы ұлы адамдар былай деген екен. (тақтадан слайд арқылы)

1. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.                  Ж. Аймауытов.

2. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті… Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті босын.                           А. Жұбанов.

3. Анамыздың ақ сүтімен бойымызда дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.                    Б. Момышұлы

Оқушылар біздің осыдан түйгеніміз тіл адамға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен-ақ беріледі екен. Олай болса бүгінгі өтетін мәтініміз, осындай ана, әжелеріміз туралы. Яғни, біз  О. Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесімен танысамыз.

(автордың қысқаша өмір жолымен таныстырамын)

ap2

ІY. Мәтінмен жұмыс.  Ауызша түсіндіремін, тізбектей оқытамын.

Y. Сөздікпен жұмыс.

Тоқал ағаш там – ертедегі шатырсыз үй.

Келі – күріш, тарыны ақтайтын, ұнтақтайтын құрал.

Астау – ағаштан жасалған ыдыс.

YІ. Сергіту сәті:

Апам үшін күнде мен,2

Отынға ағаш жарамын.2

Сыпырамын үй ішін,2

Дүкенге де барамын2

 

Жоқтатпаймын әпкемді,2

Берем шайын қайнатып.2

Жылай қалса бөпемді,2

Жұбатамын ойнатып.2

YІІ. Мәтін мазмұнымен жұмыс:

–          Әр бала анасын, әжесін көзі тірісінде дәл осылай қадірлесе. Тек өз әжеңді ғана емес, барлық аналарды сыйлау керек.

–          Себебі, олар бізге жарық дүние сыйлады. Анаң да, әжең де дүниедегі асыл жандар.

–          Әңгіме кімнің атынан баяндалған?

–          Автордың балалық шағы қай өзеннің бойында өтті? (сол тұсты мәтіннен тауып, оқыту)

–          Автор неліктен апасының, яғни әжесінің қолында өсті?

–          Апасының бүкіл ауыл балаларына қамқор болғанын білдіретін тұсты тауып оқы.

–          Мәтінде қандай қолөнер түрлері аталды?

–          Әңгіме неліктен «Апамның астауы» деп аталған?

YІІІ. Тақтамен жұмыс: «Ана» сөзіне сипаттама

Қуанышымен қуантып, шаттығына бөлеп, үмітімен таныстырар өз анаң немесе әжең туралы не білесің?

ap3

 

ІХ. Шығармашылық жұмыс. «Әжеге хат»

Х. Қорытынды:сұрақ-жауап.

ХІ. Бағалау, мадақтау:

ХІІ. Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп оқу, мазмұндай білу. Мәтіндегі апа портретін бейнелеу.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ара Майямен саяхат
  • Көркем әдебиет «Мақта қыз ертегісі» слайд
  • Қыста қыстайтын құстар
  • Балабақша сабақ жоспары «Нан қайдан келеді?»
  • 5 саны мен цифры(ашық сабақ)

Пікірлер 2 Пікір қосу

  • Жанар 06.08.2021 күні 20:47 уақытында

    «Апам үшін» сергіту сәті оқушыларға өте қызықты екен.

    Жауап беру
  • Лаура 08.10.2020 күні 16:37 уақытында

    Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлесі бар сабақ. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ой қорыта білуге үйретеді. Анаға деген құрмет көрсетуге тәрбиелейді. Жазушы туралы мағлұмат алуына да мүмкіндік бар.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.