Ойын арқылы оқыту

Тақырыбы: Ойын арқылы оқыту
Мақсаты: Оқушылардың білімін шығармашылықпен байланыстыра отырып, ойын арқылы оқыту, оқу сапасын көтеру,шығармашылық қабілетін дамытып сөздік қоры бай, сөйлеу мәдениеті, ойлау қабілеті жоғары, рухани дүниесі дамыған жаңа тұлға тәрбиелеу.
Міндеті:
-Оқытудың инновациялық жаңа әдіс – технологиясын пайдалану;
-Оқушылардың қызығушылығын, оқу ынтасын арттыру, дамыту;
-Ойын түрлерін пайдаланып ойлау сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
— Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік ашу;
Болжамы: Егер оқытудың инновациялық жаңа әдіс- технологиясын,ақпараттық технологияны, ойын әдістері мен тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын артыра алсам ойлау қабілеті, ой-өрісі жоғары, рухани дүниесі дамыған жаңа тұлға тәрбиелеп шығара алам.
Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларында ерікті түрде зейін, қиял,танымдық және бақылай білу, жоспарлау, алға қойған міндеттерді шешу қабілеттері өз дәрежесінде дамымаса, онда келесі оқу сатыларында бұл қасиеттерді жетілдіру қиын болады.
Ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Бастауыш сынып оқушыларының білім жолында жеңіске жетуінің ең басты, маңызды факторы – ойын.

Макаренконың сөзі.

Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде дамытып отыру және сабақта алған білімін өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданған ойын элементтерінің материалды түсіндіру кезінде маңызы зор. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға көбірек ауып тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы сапалы әрі ықыласпен орындайды.
Баланың барлық табиғи мүмкіндігі ашылуы үшін тек оқулық бағдарламаның болуы жеткіліксіз, бала әр түрлі әдісті процесс ортасында болу керек. Ол – жаңашылдық, жаңа технология. Яғни балаға жағымды ойын түрлерін қолдану арқылы баланың қабілеттерін дамытуға болады.
Қорыта айтқанда «Ойын ойнап, ән салмай өсер балар бола ма?» — дегендей
Ойынсыз ақыл – ойдың дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.
Негізгі бөлім
Ойын – бала үшін күрделі әрекет.Ойын арқылы бала білім ғана алып қоймай, рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жүзеге асады.
Ойын технологиясының басты мақсаты:
-Өзін еркін сезінуге;
-Ұжымды сыйлауға;
— Өз пікірін, ойын дәлелдеп, салыстырып, жинақтап, қортындылап айтуға;
— Сөздік қоры,сөйлеу мәдениеті, ойлау қабілеті дамиды;
— Өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауға, тұлға ретінде өзін танып біледі;
халық даналығы
Тиімді қолданылған ойын элементерінің материалды түсіндіру кезінде маңызы зор. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.
Ойын түрлері:
1.Мазмұнды- бейнелі ойын(мамандыққа байланысты)
2.Сюжеттік, рөлді ойындар;
3.Дидактикалық ойындар:
•Ойын болжамдары («не болар еді?…», « мен не істер едім, егер…» деген сұрақтарға негізделген)
• Қиял – ғажайып жорамалдар ( қиял елесін дамыту. « Егер… болса, қайтер еді ? – деген сұрақ түрінде беріледі.
• Ойын жұмбақтары ( Әзіл — ой жұмбақтары)
• Ойын тапсырмалары ( Сурет арқылы әңгіме, ертегі, мәтін, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру)
4. ТРИЗ технологиясы ( көркемдік, шығармашылық қабілетін дамыту )
5. Шығармашылық ойындар ( Ертегі, әңгіме т.б. сызба нұсқа үлгісімен, қиял-елесін дамыту)
6. Қимыл – қозғалыс ойындары.
7. Ұлттық ойындар.
Сұрақ – тренинг ойыны.
Ұйымдастыру бөлімінде:
• Көңіл – күйің қалай?
• Қазір не ойлап отырсың?
• Сабаққа дайындығың…
• Сабақта не күтесің?
Осындай сұрақтар арқылы оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін, ынтасын арттыруға болады.

Қорыту бөлімінде:
• Не білдің, не үйрендің?
• Не білмейтін едің?
• Өзіңді қалай бағалайсың?
• Сабақтың кемшілігі…
• Не ерекше ұнады, не қуантты? — деген сұрақтарға оқушылар салыстыру, талдау, жинақтау, жүйелеу, қорытындылау арқылы жауап береді.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
• Ойынның мақсаты, нақты көрнекіліктер мен материялдар күн ілгері дайындалып, қойылуы керек.
• Ойынға кірісер алдында ойынның тәртібін оқушыларға әбден түсіндірген жөн.
• Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
• Мұғалім оқушыларды ойын барысында дұрыс ойланып жауап беруіне, дұрыс шешім қабылдауына жетелеуі керек.
Ойын түрлерін пайдалану кезінде сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамытуға берілетін тапсырмалар.
•Өз ойын еркін жеткізуге берілген ізденіс бағытындағы тапсырмалар.
•Ойлау әрекетін, танымдық қабілетін дамытуға арналған ойын түріндегі тапсырмалар;
•Шығармашылық іс – әрекетке жағдай туғызатын тапсырмалар.

Бала кітап оқуда.
М. Жұмабаев ойын арқылы баланың қабілетін дамытудың мынандай жолдарын көрсеткен:
1.Баланың жанында дұрыс әсерленулер ( көрнекіліктер) көп болуына ыждаһат ету керек.
Бала айтатын ойын суреттен шығарып алсын.
2.Көрнекіліктегі заттарды, көріністерді, ойынның мазмұнын топ- топқа бөліп, жеңілден ауырға қарай үйрету;
3. Бала көрнекіліктегі, ойындағы көріністердің арасындағы байланысты, оның себебін тауып үйренсін;
Ойлаудың түрлері:
 Практикалық іс – әрекеттік ойлау( затты көзбен көріп, қолмен ұстап түсіну, сезіну)
 Көрнекі – бейнелік ойлау( елестетуге және қабылдауға сүйене отырып ойлау)
 Абстрактлы (сөзді — логикалық) ойлау ( заңдылықтарды ашып, себебін түсіндіру, дәлелдеу қорытындылау.)
Ойдың тілі – сөз. Оқушы ойлаған ойын сөзбен жеткізіп айтады. Олардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамытуда дидактикалық, шығармашылық, сюжеттік, рөлге бөліп оқу, мазмұнды – бейнелі ойын түрлерінің маңызы зор.
Ұлы педагог М. Горький «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса соның бәрімен ойнайды. Бала сөзбен ойнайды. Сөзбен ойнау арқылы өз ана тілін үйренеді, ұғады» — деген болатын.
Ойын технологиясын қолдану барысында оқушы үлкен жетістікке жетеді.
Күтілетін нәтиже:
 Оқушылар білімді жеңіл меңгереді;
 Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойы, қиялы, елесі, есте сақтауы, оқу жылдамдығы дамиды;
 Сөздік қоры, сөйлеу мәдениеті, сөйлеу шеберлігі дамиды;
 Ойын жүйелі, толық жеткізе білуге үйренеді;
 Шығармашылық қабілетін танытады, өз пікірін білдіре алады;
 Сұрақ қоя білуге үйренеді;
 Жағдаяттарды шешудің әр түрлі жолын іздестіреді;
Қорыта айтқанда «Бала – балғын тал, ересек адам — бағбан». Баламен тіл табысып, оның бойына білім беретін басты тұлға – ұстаз. Сондықтан білім беру технологиясын қолдана отырып, білімді, білікті шәкірт тәрбиелейік!

Ойын арқылы баланың тілін дамыту.

Пікірлер2
  1. Зейнегуль Касымбекова

    Сабағыныз жақсы құрылған

  2. Асель

    Ойын терапиясы баланың өмірінде алатын орны зор. Ойын арқылы баланың тілдің грамматикалық құрылымын, сөздік қорын дамытуға болады. Сондықтан балалармен сабақты ойын түрінде өткен өте тиімді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ