Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру

«Дүниетаным», «Дүниетанымдық көзқарас» ұғымдарының философиялық, педагогикалық әдебиеттердегі мазмұны

Дүниетаным — тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным — адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Дүниетаным:
1) Адам санасының арнайы фомасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа өзіне көзқарасы және сенімі;
2) Адамның өмірлік ұстанымы, олардың сенімі, мұраты және іс әрекеті;

3) Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдауы, ой-тұжырымы.
Адам санасы өзін қоршаған ортаның құбылыстарын оның пайда болуы мен даму себептерін шындық тұрғысында танып білді.ол ғылымда ашылған әртүрлі құбылыстардың заңдылықтарын ғылыми пәндер негіздерінде айқын таниды [2].
Дүниетанымда адамның сенімі мен мұраты үлкен рөл атқарады. Сенім болмаған жерде өмір болмайды. Сенім – терең тиянақты ойланып идея адам сенімінің негізгі шындықты терең тануы.
Оның соңына еріп отыру қажет.
начала детсадовской жизни, готовиться к детскому саду,посещения дошкольного учреждения
Сенім жеке адамның өмірінің ұстанымының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Дұрыс сенім – дұрыс іс-әрекет кепілі.
Адам мұраты – адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Сондықтан да ол адам өмірін толық қамтиды. Нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді.
( С.Әбенов Тәрбие теориясы мен әдістемесі Алматы Дарын 2004ж 51 б)
Дүниетаным – адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық нормаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі (бастапқы) сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптасырудағы негізгі өлшем. Дүниетаным адамның дүниені ақиқатың теориялық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани практикалық тәсілі. Дүниетанымды тұтас адамзат әлемі, моделі сиақты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан [3].
Дүниетанымдық көзқарас – жеке адамның, әлеуметтің, топтың, таптың, немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-сұраттар мен сенімдер жүйесі. Дүниетанымдық көзқарас қоғамдық сананың барлық формаларына қатысты элементтерден құралады: онда философия ғылымдары саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады. Ғылыми білімдер дүниетанымдық көзқарас жүйесіне ене отырып, адамның немес бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат шындықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді, сонымен қатар ғылым адамды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ой арқылы тануына жағдай жасайды.

Адамгершілік принциптері мен нормалары адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен олардың мінез-құлықтарын реттей отырып, эстетикалық көзқарастар мен қатар қоршаған ортаға, қызмет формаларына, оның мақсаттары мен нәтижелеріне деген мүдделілігін анықтайды. Барлық антагонистік қоғамдарда дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруда дін үлкен рөл атқарады. Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүинетанымдық көзқарастар жүйесінің негізін құрады: философияның дүниетанымдық көзқарас қағидаларын түсініп-ұғыну, саралау және негіздеу қызметін атқарады; ол ғылым мен практиканың жинақталған мәліметтерін теориялық жағынан қорытындылап, оларды шындықтың объективтік және белгілі бір тарихи көрінісі түрінде бейнелеуге тырысады. Дүниетанымдық көзқарастыңең басты зерттеу объектісі философияның негізгі мәселесі. Осы мәселенің шешіміне байланысты. Дүниетанымдық көзқарастың негізгі екі көрінісін айыруыға болады, олар материалистік және идеалистік дүниетанымдық көзқарас қоғамдық болмыстың бейнеленуі болып табылады.
Жеке адамның дүниетанымдық көзқарасында оның жеке басының өмір тәжірибесінің ерекшеліктері бейнеленбей қоймайды, сондықтан ол қоғамдық дүниетанымдық көзқарастың айнымас көшірмесі бола алмайды. Дүниетанымдық көзқарасты сапалық жағына сипаттау үшін онда тек білімділер ғана емес, сондай-ақ сенімдер де болу керек. Егер білім
Дүниетанымдық көзқарас жүйесінің көбінше мазмұндық құрамы болып табылатын болса, ал сенім-нанымдар білімге де, ақиқаттың өзіне де адамгершілік және эмоциялы-психология қатынастарының болуын қалайды. Дүниетанымдық көзқарастағы психология, әлеуметтік психология және эмоциялы сәттердің үлкен мәнге ие болу себебі, олар адмның мінез-құлық белгілері мен көңіл-күйін айқындайды, ал сайып келгенде, жеке адамның дүниетанымдық көзқарас принциптері үшін шешуші іс-әрекетке күреске дайын екендігін білдіреді. Білім негізінде қалыптасатын сенім-нанымдар жеке адамның, топтың, таптың белсенділігінің көзі болып табылады.
Дүинетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетанымның көзі – білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетанымы да қалыптасып, тұрақтанады.
Дүниетаным нақты дүниеге қоршаған ортада бар заттарға негізделсе, оны өз мәнінде танып білу үшін биологиялық, химиялық, тілдік және басқа ғылым салаларынан, өз ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, қазіргі таңда рухани өмірде жеткен жетістіктерін бір-бірімен байланыстыра отырып білім беруді қамтамасыз ету керек .

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ