Қосуға берілген есептер
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика
Тақырыбы: «Қосуға берілген есептер»
Сабақтың мақсаты: балаларды математикалық есептермен таныстыру; өз беттерінше
есептер құрастыра білуге үйрету; логикалық есептерді шығару дағдыларын дамыту.
 Көрнекі құралдар; 1-ден 10 –ға дейінгі кеспе цифрлар, вагондар, тапсырмалар,
Көрнекі құралдар; 1-ден 10 –ға дейінгі кеспе цифрлар, вагондар, тапсырмалар,
тірек-сызба, карточкалар, сыйлықтар
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, есеп шығару, түсіндіру СТО технологиясы
Түрі: ойын сабағы
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | ||||
| Мотивациялық  қозғаушы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Іздену ұйымдастырушы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 | Арайлап бүгін атты күн,Шашып бізге шапағынТілейміз Сізге ақ таңныңҚуанышын, шаттығын. Қайырлы таң, қайырлы таң, Қуанышты күн бүгін! — Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Балалар, бізге бүгін қонақтар келіпті. Кәне , қонақтармен амандасайық. 
 
 
 
 
 — Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? — Ендеше, балалар осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды бастайық. — Қазір жылдың қай мезгілі? — Көктем мезгілінде неше ай бар? — Бір аптада неше күн бар? — Бүгін аптаның қай күні? — Дұрыс айтасыңдар, балалар. Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде математика сабағы. Біз математика сабағынан не үйрендік? 
 
 
 — Дұрыс айтасыңдар. — Балалар, сендер поезды көрдіңдер ма? — Ал міндіңдер ма? — Поездың несі бар? — Дұрыс айтасыңдар, балалар. Сендер поезға мініп көрмесеңдер, бүгін біз поезға мініп математика сарайына барамыз. Вагондардың әрқайсысының тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмаларды орындап, математика сарайына бізге дайындаған сыйлығын алайық. — Ендеше дайын болсақ жүрейік. 1 вагонның тапсырмасы: «Кім жылдам?» ойыны. Миға шабуыл. 
 2 вагонның тапсырмасы: «Кім жаңылыспайды?» ойыны Сандарды тура және кері санау 3 вагонның тапсырмасы: «Санамақ» айту 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 4 вагонның тапсырмасы: «Ішіне-сыртына» 
 
 5 вагонның тапсырмасы «Көршісін тап» 
 
 | 
 
 
 
 
 Үлкенге де «сіз» Кішіге де «сіз» Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз. 
 
 — өте жақсы 
 
 
 — көктем — 3 ай — 7 күн — 1-ші күні дүйсенбі 
 
 
 — Тура және кері санауды, қосуды, азайтуды, салыстыруды, геометриялық пішіндерді 
 
 — Көрдік — Жоқ — Вагоны 
 
 
 
 
 
 
 -Жарайды 
 
 7+1=8 6+2=8 3+2=5 4+2=6 5+2=7 2+2=48+2=10 4+1=5 
 
 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 1 дегенім-бөрік, Кисең береді көрік. 2 дегенім-етік, Киер сәнді етіп. 3 дегенім-ішік, Теріден тігер пішіп. 4 дегенім—тымақ, Қыста кисең жылы-ақ. 5 дегенім-байпақ, Іші жылы жайпақ. 6 дегенім-алқа, Мойныңа тақ қалқа. 7 дегенім –жейде, Көйлек дейді кейде. 8 дегенім-серке, Болма бала ерке. 9 дегенім-телпек, Болма бала тентек. 10 дегенім-оймақ 
 
 
 Балалар ішіне қосу амалдарын, сыртына азайту амалдарын салады 
 
 
 | 

 
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Балалар тура және кері санай алады.
 Түсінеді: Есеп шығаруды түсінді
 Қолданады: Сан құрамын анықтай алады.

Сабақ құрылымы жағынан өте жақсы. Тапсырмалары ұнады.
Жақсы сабақ жоспары! Балалардың қызығушылығын арттырады
сабағыңыз өте жақсы. осындай сабақтарыңызды жіберіп тұрыңыз
Сіздің өте жақсы ұнады