Жаңа жылдық ертеңгілік «Жарқырай бер, сиқырлы шыршамыз!»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. «Жаңа жыл» мерекесінің кейіпкерлерімен таныстырып, мереке туралы түсінік беру.

«Жаңа жыл» мерекесіне сай безендірілген залда қонақтар, ата – аналар мен балалар отыр. Ортаға әдемі киінген Фея кіреді.

Фея: Сәлеметсіздер ме, балалар, ата – аналар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі біздің тобымызда алғаш рет өтіп жатқан мерекелік шыршамызға қош келіпсіздер! Келе жатқан жаңа Жылқы жылы сіздерге мол бақыт, зор денсаулық алып келсін! Мен сиқырлы феямын.

Фея: Ал, енді барлығымыз «Жаңа жыл» мерекесіне арнап «Шырша» әнін орындайық.

Ән: «Шырша»

Фея:Мен  сендермен бірге «Жаңа жылды» қарсы алуға құр қол келген жоқпын. Мен сендерге ең жақсы көретін ертегімді айтып бергім келіп тұр.Тыңдайсыздар ма?!

Балалар: Иә, тыңдаймыз!

Фея:                    Баяғы бір заманда бір қыз болыпты. Ол үнемі басына қызыл телпек киіп жүреді екен, сол себепті оны бәрі Қызыл телпек деп атап кеткен екен. Бір күні Қызыл телпекті анасы «Бөбекжай» балабақшасының «Балбөбек» тобына жаңа жылға арналған мерекелік шыршаға жібереді.

Анасы: Қызым, сен бүгін «Бөбекжай» балабақшасына барып қайт. Ол жақта балаларға мерекелік шырша өтіп жатыр екен – дейді.

Қызыл телпек: Жарайды! Мен  достарыммен бірге барсам болады ма?

Анасы: Әрине, бірақ орманнан өткенде байқап жүр –

Фея: — деп анасы Қызыл телпекті шығарып салады. Қызыл телпек ұялы телефонымен ормандағы достарына қоңырау соғады.

Қызыл телпек: Алло! Қоян, сәлем! Мен Қызыл телпекпін! Сен ормандасың ба? Сол жақта бол, мен қазір келемін, саған айтар сөзім бар.

Фея: — деп, Қызыл телпек жолға шығады. Жолда келе жатқанда Қызыл  телпектің алдынан қасқыр шығады.

Би: «Қызыл телпек»

жаңа жыл сценарий, балабақшадағы мерекелік кеш, жаңа жылдық ертеңгілік, тәрбие сағаты

Қасқыр: Қызыл телпек, қайда барасың?

Қызыл телпек: «Бөбекжай» балабақшасының «Балбөбек» тобының бүлдіршіндеріне бара жатырмын. «Жаңа жылды» сол жақта қарсы аламын.

Қасқыр: Маған сенімен бірге баруға болады ма?

Қызыл телпек: Жоқ, болмайды! Ол жаққа тек қана менің достарым ғана барады. Сен менің досым емессін.

Қасқыр: Жарайды, Қызыл телпек, сен мына жолмен жүрсең, «Бөбекжай»  балабақшасына тез жетесің.

Қызыл телпек:  Рахмет, қасқыр! Сау бол!

Фея: Осылай қасқыр Қызыл телпекке балабақшаға баратын ұзақ жолды көрсетіп, өзі қысқа жолмен аттанады. Енді, балалар, жолда Қызыл телпек достарын қалай кездестіретінін тамашалаңдар.

(Қызыл телпек пен қоян кездеседі)

Қызыл телпек: Cәлем, қоян! «Бөбекжай» балабақшасының «Балбөбек» тобында бүгін мерекелік шырша өтіп жатыр екен, Аяз ата мен Ақшақар да келеді екен, жүр менімен бірге қонаққа барайық.

Фея: Қызыл телпек пен қоян келе жатырса, қатты жылап келе жатқан қонжықты кездестіреді.

Қызыл телпек: Қонжық, саған не болды? Кім тиді?

Қонжық: Мен жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақар келеді, бізге сыйлық алып келеді десем, қасқыр мен түлкі олар келмейді дейді. Мені мазақтап жіберді.

Қызыл телпек: Жыламашы, қонжық, біз қоян екеуміз балабақшаға мерекелік шыршаға бара жатырмыз. Сен бізбен еріп жүр, сол жақтан Аяз ата мен Ақшақарды да көреміз.

Фея: Қонжық қуанып, қоян мен Қызыл телпекпен бірге кетеді. Алдарынан аяқ астынан түлкі шыға келеді.т

Түлкі: Сендер бәрің жиналып қайда барасыңдар?

Қызыл телпек: Айтпаймыз!

Түлкі: Айтпасаңдар, мен сендерді ұстап, жібермей қоямын – дейді

Қызыл телпек: Жарайды түлкі, айтайын, бірақ алдымен сен көзіңді жұм.

Фея: Түлкі көзін жұмып тұрғанда Қызыл телпек достарына «Қашыңдар» дейді де, қашып кетеді. Түлкінің ашуынан жарық сөніп – жанып, орман дүркірейді.

Қасқыр: Не  болды саған, түлкі? Соншама ашуланатындай, орманды дүркіретіп…

Түлкі: Қызыл телпек қайда бара жатқандарын айтпай, мені алдап, қашып кетті.

Қасқыр: Ашуыңды бас, түлкі. Мен олардың қайда бара жатқанын білемін. Қызыл телпек мені де ертпей кетті.Сондықтан мен оған  ұзақ жолды көрсетіп жібердім. Ал біз екеуміз мына қысқа жолмен барсақ, олардан бұрын барамыз.

Түлкі: Жүр онда жүрейік, мен оларға алдағанды көрсетейін.

Фея: Сөйтіп Қызыл телпек достарымен ұзақ жолмен жүрсе де, олардан тез жетеді.

Қызыл телпек: Ой, достар, мына үлкен әдемі шыршаға қараңдар! Бұл шырша неге сөніп тұр? Қане бәріміз бірге шыршаның шамын жағайық.   Бәріміз бірге «Шырша жан» деп айқайлайық.

(Шыршаның шамы жанады)

Қоян: Қызыл телпек, мына жерде көп балалар отыр.

Қонжық: Өздері әдемі киініп алыпты.

Хор: «В лесу родилась елочка»

(Тарсылдаған дыбыс естіледі)

Фея: Балалар, мынау ненің дыбысы? Біреу есік қағып құрған сияқты.

(Осы кезде залға Буратино кіреді)

Буратино: Қуаныңдар, ағайын,тамсаныңдар.

Сүйіншімен маңайға жар салыңдар

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.

Аяз ата:     Амансың ба, ұлдарым!

Амансың ба, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асулармен жарысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан!

Фея: Аяз ата, сенің  біздің балаларға әкелген сыйлықтарың қайда?

Аяз ата: Балалар, біз Ақшақар екеуміз сендерге келе жатыр едік, алдымыздан қатты ашулы түлкі мен қасқыр шығып, сыйлықтарды алып кетті.

(Осы кезде залға қасқыр мен түлкі сыйлықтарды алып кіреді)

Ақшақар: Қасқыр, түлкі сыйлықтарды қайтарыңдар, сонда біз сендерге мерекелік шыршаға қатысуға рұқсат етеміз!

Түлкі: Жарайды, бірақ біздің шартымыз бар. Біз сендерге ойын ойнатамыз. Егер келіссеңдер сыйлықтарды береміз

Ойын: «Аяз» разминка балалармен ойын.+

Түлкі мен қасқыр: Жарайсыңдар балалар, ойындарың қызық екен, бізге ұнады. Сыйлықтарыңды береміз.

Фея: Аяз ата, Ақшақар біздің балалар сіздерге арнап тақпақтар дайындап келді, қане, балалар, кім Аяз атадан сыйлық алғысы келеді?

Ақшақар: Ал, келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер,

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер.

(Балалардың тақпақтары)

 

Түлкі:         Маған жетер ешкім жоқ

Мен сұлумын орманда

Қанеки бірге таласа

Ортаға шығып балалар,

Би билейік жараса!

Би: «Балапандар биі»

Қонжық: Түлкіжан мен балалар,

Биді бұл бір керемет

Биледі сәнді жараса

Менімен де, балалар

Ойнасын ойын тамаша.

Ойын: «Ойыншығыңды сақта» ата – аналармен

Қоян:         Мен қоянмын қорқақтау,

Кішкене тілім шорқақтай

Әнді сүйіп тыңдаймын

Бірге айтсақ шыңдаймын.

Ән: «Жаңа жыл» хор.

Ақшақар: Балалар қандай керемет ән айтып , би билеп жатырсыңдар. Мен де билегім келіп кетті. Қыздар менімен билейсіңдер ме?

Би: «Ақшақар» биі.

Аяз ата: Мен де балалармен ойын ойнағым келіп тұр,келісесіздер ме?

Ойын: «Әріптерді дұрыс орналастыр» ата – аналармен ойын.

Аяз ата:Балақандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашанда езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын!

Ата – аналарың мен ата – әжелеріңнің қызығына ғана өсе беріңдер! Бізді басқа да балалар күтіп отыр, енді кетуіміз керек. Сендерге арналған сыйлықтарды қабыл алыңдар!

Фея: Құрметті ата – аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет! Жаңа жыл сіздерге  тек қуаныш, бақыт, денсаулық  алып кедлсін! Сөз кезегін «Бөбекжай» балабақшасының меңгерушісі Жиембаева Ф. К, әдіскер Нарикова Д. беріледі.

Ата – аналарға сөз.

 «Бөбекжай» балабақшасы

Әдіскер: Нарикова Д.

Өткізген: Алдиярова А. Дабылова  Г. Бекова М.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. жанна

    тема

  2. Асем

    оте тамаша кооп рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ