Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Дидактикалық ойындар жинағы


Дидактикалық ойындар балабақшада көп қолданылады. Осындай ойындар топтамасын сіздерге ұсынамыз.

Заттарды салыстыру 

Дидактикалық ойындар

Мақсаты: 2 жұптық (топтық) заттарды салыстырып, бірдейлерін табуға және кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Керекті  құралдар: 5 жасыл шар және 5 сары шар.

Ойын барысы: ойында саны 1-8 бала ғана ойнатылады.

Түрлі түсті шарлар

Педагог  үстел үстіне 5 жасыл шардан қатарға тізіп қояды да балаларға осынша сары шарды қоюды ұсынады. Балалар жасыл және сары шарды саны бірдей етіп орналастырады.

Тәрбиеші жасыл шардың көлемін өзгертіп (кіші немесе үлкен) арақашықтығын алыстатады.

Балалар үстелді қанша жасыл шар болса, сонша сары шар болатынына көздерін жеткізу керек. Балалар санайды, бәрін бірге және түстері, көлемдері бойынша санайды.

«Сол жақ па, оң жақ па?»

Ойын шарты: Балалардың (не педагогтың) алдында сандар және ойыншықтар тұрады. Педагог 1 цифрын көрсеткенде, бала төменгі сызыққа сонша шырша қою керек.

—Барлығы неше шырша? Қай ойыншық жоғарыда тұр? (саңырауқұлақ) Ал, қай ойыншық төменде тұр? (шырша)

«Тап!»

Ойын шарты: Балалар саны бойынша әр түрлі болатын бірдей заттар карточкасы (сурет) беріледі. Тәрбиеші 3-4 рет қол шапалақтағанда, сонша нәрсесі бар карточканы көрсету керек.

Үстел үстіндегі ойын

Ойын шарты: Балалар екі-екіден отырады. Оның алдында үшбұрыш пішіндер бар. Қандай пішін? Нешеу? Бұл пішін қалай аталады?

Жұмбақ:

Жазда да, қыста да

Үнемі бір түсте.

(Шырша)

Балалар үлгіге қарап, шыршаны берілген үшбұрыштардан құрастырады.

ойындар балабақшада

«Көрпені жамауға көмектес!»

Мақсаты: геометриялық пішіндермен таныстыру. Геометриялық пішіндерді орналасқан орны бойынша таба білу.

Ойын шарты: пішіндер арқылы бос орындарды жабу.

Барысы: Бағзы заманда Буратино өмір сүріпті. Кереуетінің үстінде әдемі қызыл түсті көрпесі болыпты. Бір күні «Карабас-Барабас» театрына кеткенде, үйіндегі Шушара атты тышқан осы уақытта көрпені кеміріп, тесік қалдырады. Енді, қанша тесік қалғанын сана және сәйкесінше пішіндерден тауып Буратиноға көрпені жамауға көмектес.

 «Шатасқан суретші»

Мақсаты: зейінді дамыту және 10-ға дейін санай алу.

Ойын шарты: Суретшінің қатесін табу керек. Телефондағы нөмірлер дұрыс орналаспаған, сондықтан шеңбер дискісіне сандар топтамасын дұрыс ретпен орналастыру қажет.

«Дүкен»

Мақсаты: зейін мен байқампаздық қабілетін жетілдіру. Заттың ұзындығы бойынша ажырату (жоғары-төмен, орташа, үлкен-кіші, қанша болса сонша, т.б.)

Ойын шарты 3кезеңнен тұрады:

  1. Дүкен. Қозыда дүкен болды. Дүкеннің сөрелеріне қара да қанша сөре бар екенін айт? Төменгі (ортада, жоғарыда) сөреде не орналасқан? Дүкенде неше стақан (үлкен, кішкентай) бар? Стақандар қай сөреде тұр? Дүкенде неше матрешка бар? (үлкен-кішкентай) Бұлар қай сөреде тұр? Пирамиданың сол жағында (оң ж.) , құмыраның оң жағында (сол ж.), стақанның сол, оң жақтарында не тұр? Кішкентай және үлкен доптың арасында не тұр? Күн сайын таңертең қозы дүкенге осы тауарды қойып отырды.
  2. Сұр қасқыр не сатып алды? Бір күні жаңа жыл қарсаңында дүкенге сұр қасқыр келді және өзінің бөрілеріне сыйлық сатып алды. Мұқият қара да, қасқыр не сатып алғанын тап.
  3. Қоян не сатып алды? Келесі күні қасқырдан кейін қоян келді де, жаңа жылдық сыйлықтарды көжектеріне сатып алды. Қоян не нәрсе алды? Нешеу?

ойындар топтамасы

 «Үшбұрыштардан не құрастыруға болады?»

Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын бекіту; пішіндер атауын білу, үйрену; 4 үшбұрыштан үйшік құрастыра білу (шаршыдан жасалған), салыстыру; ұзындықтарын ажырату.

Ұзын құлақты,

Қысқа құйрықты

Сәбіз-оның сүйікті асы

Секеңдейді ұқыпты.

(Қоян)

Әңгімелеу. Бүгін бізге жүгіріп қоян келді. Ол өте қатты тоңып қалыпты және сендерден өздеріңде бар (4 үшбұрыштан) пішіндерден кішкентай үйшік жасап беруін сұрайды. Қане,  ендеше балалар, қоянға көмектесейік.

Қимыл-қозғалыс ойындары

«Сол жақ па, оң жақ па?»

Ойын шарты: Ойыншылар 2 командаға бөлініп тұрады. Белгі берілгенде екі жақ қарама-қарсы бағытқа қарай жүреді. «Солға», «оңға» деген бағыт айтылғанда ойыншылар осы бағытқа бұрылып тоқтайды. Кім шатасса, сол ойыннан шығады, ойын одан әрі жалғасады. Қарсы топтағы ойыншыларды азайтқан топ жеңіске жетеді.

«Қай бағытқа жүрсең, сонда іздегеніңді табасың»

Ойын шарты: педагог балалар білетін ойыгшықтарды әр жерге тығып тастайды. Тәрбиеші айтады: Егер…

Оңға бұрылсаң – қуыршақты табасың; солға бұрылып, барсаң – қоян ойыншығын табасың; алға жүрсең – тышқан ойыншығын табасың. Қай бағытқа бұрылғың келеді? Қайда барасың?

Бала өз қалауынша бағытын таңдайды және нені іздейтінін айтады. Ойыншықты тапқан соң, қай бағытқа барғанын және қай жерден тапқанын әңгімелейді.

«Не? Қайда?»

Ойын шарты: Балалар  шеңбер құрады. Педагог шеңбер ортасында тұрады. Кез келген балаға допты лақтырып, сұрайды:

— «Сенің сол жағыңда кім тұр?»

Дұрыс жауап берген бала шеңбер ортасында жүргізуші болады және ойын жалғасады (құлақтарына сыбырлап айтуына болады).

Сұрақтар:

  • Сенің оң жағыңда кім бар?
  • Сенің алдыңда не тұр?
  • Сенен кейін кім тұр?
  • Анау бала оң жағыңда ма әлде сол жағыңда ма?

 Доп немесе сүлгі арқылы жүргізуші таңдау

А) Жүргізуші таңдап, оны шеңбер ортасына шығарады. Педагог қолына зат жасырады. Кім табады, міне сол  жүргізуші болады.

Ә) Тәрбиеші топта қанша балаб олса, сонша таяқша үлестіреді. Бірақ тек біреуі басқаларына қарағанда қысқа болады. Педагог қолынан сол қысқасын кім алса, сол – жүргізуші.

балабақшада тіл дамыту

«Не өзгерді?»

Ойын шарты: Сандарды қойып, балалар көздерін жұмған сәтте 1 цифрды алып тастаймыз.

Карточкамен жұмыс. Оң және сол қолды кезегімен көтеру керек. Сол қолыңды сол жақтағы, оң қолыңды оң жақтағы жемісті алып, оңға қарай қой. Жоғарыда қанша таяқша болса, сонша құлпынай қой. Төменге саны дәл сондай алмұрт қой. Қай жеміс көп? Қайсысы аз?

Бірдей болу үшін қалай теңестіреміз? Қайсысына қай цифр қоямыз?

«Ойыншықтарды тап!»

Ойын шарты: Бөлмеде әр түрлі орында ойыншықтар жасырылады (екі бірдей биіктікте және тағы екі түрлі…). Белгі берілгенде балалар іздей бастайды. Ойыншықты тапқан соң, тәрбиешінің сол жағына тұрады. Олар көлемі бойынша қандай ойыншықтар тапқанын және бір-бірінен қалай ажыратылатындығын айтады. Мәселен, «екі бірдей шырша» және «қуыршақтың ұзын шаштысы қысқа шашты қуыршақтың қасында тұр».

«Жоғары-төмен лақтыр!»

Ойын шарты: Жүргізуші алдымен, допты сәл жоғары лақтырып, қағып алады. Тапсырма: «Жоғары лақтыр!». Бала допты жоғары лақтырады. Балалар допты одан да жоғары-жоғары лақтыр (немесе «төмен лақтыр!») – деп айтады.

Математикалық қимыл-қозғалыс ойыны

«Төменге домалат!»

Ойын шарты: Балаларға 1-шар, 2 балаға-текше беріледі. Балаларға атауын айтып, көрсетеді. Белгі берілгенде балалар тездетіп домалату керек. Келесі ойыншыларға пішіндерді таңдау өз еріктеріне беріледі. Көбінесе, шар домалатуға  ыңғайлы болғандықтан, сол пішінді таңдайды. Ал, текшенің бұрыштары домалатып, қозғалтуға кедергі жасайды. Мұны балалардың өздерінен себептерін сұраймыз.

«Сылдырмақты неше рет соқтым?»

Ойын шарты: Балалар көздерін жұмады. 2 қатарға бөлініп тұрады. Сылдырмақты қанша рет ұрсам, сонша рет текше (немесе доп) әкеліп қою керек. 1-ші команда текшелерді өте жақын орналастырса, 2-ші команда алшақ қояды. Соңында санайды. 1 команда -3, 2 командада – 3, демек 2 команда тең, бірдей болды.

«Өз үйіңді тап!»

Ойын шарты: а) Еденде бір-бірінен алшақ орналасқан 2 (обруч) шеңбер қойылады. 1 шеңбер ішінде картоннан қиылған шаршы, 2-шісінде-тіктөртбұрыш. Балалар осылайша 2 топқа бөлінеді. Тәрбиеші белгі бергенде әр ойыншы қолында ұстап тұрған пішіні бойынша шеңбердегі пішінмен бірдей, сәйкес келетін пішіні бар шеңберге кіру керек. Тиісті шеңберге дұрыс барды ма? Міне, тәрбиеші мұны тексереді.

ә) («Жұбын тап!» ) Немесе қолында өзімен бірдей пішіні бар баламен қатарға тұра қалу қажет.

ойындар математикадан

«Үлкен-кіші»

Ойын шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. 1 – ұлдар (текшенің ең кішкентайынан үлкеніне қарай), ал 2 – қыздар командасы (керісінше, доптың ең үлкенінен кішісіне қарай рет-ретімен қояды).

Керісінше:

Үлкен текшеге – кішкентай көлікті қою керек.

Кішкентай текшеге – үлкен көлік қою керек.

«Қанша болса, сонша …»

Ойын шарты: Еденде 4 шеңбер (обруч) тұр. Әр шеңберде цифры бойынша түрлі ойыншықтар бар. Музыкамен балалар әр түрлі қозғалыста жүреді. Әуен тоқтағанда,  әр шеңбердегі (обруч) ойыншықтар санына сай тұра қалады. 4 ойыншық тұрған шеңберге – 4 бала, 2-еуге – 2 бала.

«Керісінше айт!»

Ойын шарты: Балалар шеңбер құрады. Тәрбиеші ортада тұрып, доп лақтырып, айтады: «Көлшік – кішкентай, ал өзен- …(ұзын). Үй-аласа, құбыр (кран) – ұзын, шыбық-жіңішке, ағаш-жуан, үстел-үлкен, ал орындық-кішкентай.

«Автожарыс»

Ойын шарты: 2 бала кішкентай бір-бірден ойыншық көлікке жіп байлайды. Нұсқау берілгенде лентаны бүктеп, ойыншық көлікті өзіне қарай тартады. Кімнің көлігі бірінші жетті? Кімдікі жәй келді? осылай анықтайды.

«Геометриялық домино»

Ойын шарты: Геометриялық пішіндер әр түрлі көлемде: үлкен-кіші және түстері әр түрлі болады  (қызыл, көк, жасыл, сары).

Тапсырма:

— 2 қызыл шеңберді тап!

-Бірдей түсті барлық пішіндерді жина! (сары, жасыл, т.б.)

-Өлшемі бойынша бірдей үшбұрыштарды тап!

-Үлкен пішіндердің бәрін тап!

-Барлық көк түсті кішкентай пішіндерді тап!

«Ретімен орналастыр!»

Мақсаты: сандарды ажыратып біледі және санап үйренеді. Ойыншықтардың санына қарай цифрларды байланыстырып үйренеді. Заттарды санайды, жұптық және топтық заттарды салыстырады. Реттік санауды меңгереді, геометриялық пішіндерді ажыратады және уақытты бағдарлайды (ертең, бүгін, кеше).

Ойын шарты: Үстелде ойыншықтар: піл, үйрек, өрмекші, қанқыз, жылан. Ретімен орналастыр: 1-ші аяқтарының саны азынан, соңына — қайсысының аяқтарының саны көп соны қою керек.

Не үшін бұлай орналастырғанын балалардан сұрайды.

«Жасырылған ойыншықты тап!»

Ойынның жүрісі: 1. Тәрбиеші есікті ашып шығып кетеді. Балалар ойыншықты жасырады. Оны табу үшін бағытын айтып отырады. Үстелден кілемге дейін жүр, кілемнен (палас) оңға бұрыл, 3 қадам бас және жерден ізде.

2.Тәрбиеші еденге бағдарды әр түрлі түсте бірнешеуін дайындап қояды.
Бір бала айтады: алдымен, қызыл түсті бағдар қайда бағытталса, сонда жүр. Сосын көк түсті бағдар бағыты бойынша бұрыл, одан кейін 3 қадам бас, енді іздей бер.

«Артыңда не тұр, тауып көр?!»

Ойын шарты: сандар таяқшасын есептеу арқылы жүргізуші таңдалады. Артында 1 зат тұрады, не тұрғанын білмейді. Ол үшін артқа қарай, өзі қараймай тұрып доп лақтырады. Кім қағып алса, артында ьұрған затты сипаттайды. Жүргізуші сұрайды: қандай көлемде? Дұрыс тапса, допты қағып алған бала жүргізуші болып ойынды жалғастырады. Таппаса, допты келесі ойыншыларға тапқанша лақтырып тұрады (2-3 рет ойнату).

«Өз орныңды тап!»

Ойын шарты: жерге үшбұрыш сызылып, оны 6-ға бөліп сызу керек. Балалар қолында жазылған санына қарап, белгі берілгенде жүгіріп, бубен тоқтағанша сандар қатарынан өз орнын тауып, тұра қалу керек.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымы
  • Оқу іс-әрекеті «Біз жайлауға барамыз»
  • Балабақшада баланың тілін дамыту
  • Манабаева Набат Тұрсынбайқызының өлеңдер жинағы
  • Ойыншықтар сыры

комментария 103 Пікір қосу

  • Manar Omirserik 10.09.2024 в 21:45

    Керемет! Нағыз керек дүниелер! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.