Денсаулығың өз қолыңда

Мақсаты: Денсаулығын сақтауға кеңестер алу. Денсаулығын сақтауға күш жұмсауға, еңбек етуге үйрету. Ақжарқын, көңілді, мейірімді болуға баулу.
Түрі: саяхат
Әдістері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, сергіту, жаттығулар.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, макеттер, «Детка» ілімінен буклет.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып бөлмесінде мынадай орталықтарға орналасқан.
1) Диагностикалық емханасы.
2) Психолог зертханасы.
3) Дәріхана бөлімшесі.
4) Өнер мектебі.
5) Сынып бөлмесі.
2. Кіріспе бөлімі.
— Адамның басты байлығы- денсаулық.

Денсаулық дегеніміз адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулықтың маңызы қазақ халқының мақал – мәтелдерінде адамның басты байлығы айтылады.
Денсаулық – адамға Табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
« Жаны саудың – тәні сау»
« Денсаулық — зор байлық»
densauligin-oz-kolinda Бүгін біздің сабағымызда. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы басшылыққа ала отырып денсаулығымыз өз қолымызда екеніне көз жеткіземіз. Бүгін сабағымызда бірнеше орталықтарға барып, денсаулығымызға шипалы кеңестер аламыз.

2. Негізгі бөлім.

1) Сахналық қойылым.
« Тісі ауырған бала» , Тісін байлап, мазасы кетіп бір бала келеді. Кенет тақтадағы жазуды оқиды.
-« Денсаулығың — өз қолыңда », Қолына ары – бері қарайды. Ештеңе түсінбейді. Осы кезде екінші жақтан досы жолыға кетеді.

Досы: — Не болды достым?
Бала: — Тісім ауырып тұрғаны, мазамды қашырып.
Досы: — Неге оны жұлдырып, я болмаса емдетпейсің?
Бала: — Тісімнің бәрі сап – сау. Бірақ неге ауратынын білмедім.
Досы: — Бәлкім, онда дәрігерге тексеріліп көрейік. Қаласаң, мен сенімен бірге барайын.
Бала: — Тоқташы, мына сөзді түсінесің бе?
Досы: — Әрине, түсінемін. Қазір түсінесің. Тездетіп барайық.

2) Диагностикалық емханаға келеді.

Тіс дәрігері.
— Тісіңнің барлығы тап – таза, бірақ тістің қызыл иегіне суық тиген екен.
Дәрігер кеңесі: Әрдайым тамақтанған соң ауыз қуысын жылы сумен шайып, тісті күніне 2 рет тазалау керек. Тамақтану кезінде тамақты жақтағы тістермен кезек – кезек шайнау керек. Егер тіс тамақты шайнауға қатыспаса, оларда тіс тасы пайда болады. Суық және ыстық тамақты кезектестіріп жемеу керек. Тіс кіреукесінің шытынауына әкеп соғады.
Жарнама: Тіс пасталары мен щеткаларының сөздері.

— Астан соң жу тісіңді
Ұмытпа бұл ісіңді.
— Күнде екі рет жасауды,
Қойғын кәмпит жауды.
Орнына оның жеміс же,
Ол пайдалы тісіңе.
— Ережені біл мына:
Екі мәрте жылына
Дәрігерге барғайсың,
Ақыл кеңес алғайсың.
— Сонда зардап тартпайсың,
Тісті бүтін сақтайсың.
( Е. Өтетілеуов)

Мұғалім: Тісті тазалау үшін ең алдымен қолданылатын
нәрсе – сивок ағашының бұтағы болған. Ол бұтақты шайнағанда, көптеген талшықтарға бөлініп кетеді. Кейін тіс ұнтағы мен пастасын пайдаланыла бастады . Тіс щеткасын сабындап жуып, ашық сақтау қажет. Тісті тазалайтын жіп «флос» деп аталады.

3. Дәрігердің тексеруі: ( екі баладан партада)
— Сымбатың түзу ме?
— Құлақтың есту жағдайы 12 м қашықтықта.
— Көзге демалыс үйрету ( 1 мин алысқа көз тігу, төртжаққа көз
жүгірту)

Қорытынды сөз:
Денсаулыққа тек еңбек арқылы ғана жетуге болады,одан басқа жол жоқ.
Көрініс: Іші ауырған бала дәрігерге келеді. Дәрігер ішін тыңдап, аурудың себебін сұрайды.
Бала : Кеше көп көк алма жегем, бірақ оның бірін де жумай жегем. Кешке қарай ішім бүріп, ай-ай деумен түрім кетіп, апам байғұс әбден сасып, міне осындай алып келген.

Дәрігер : — Е-е, балақай, бәрі түсінікті болды.Іш ауруға себепші анықталды.
Бала : — Кім екен кінәлі? Көрсетейін мен оған.
Дәрігер:
— Ешкімде емес.
Даурығып босқа аптықпа!
Қара мына қолыңа ,
Алмаларды жумастан,

Сала берген аузыңа ,
Міне , кінәлі , өзіңде.
Бала үнсіз салбырап кете берді.
Рамазан : Іш ауырса, тіс ауырса,
Апам дәрі береді.
Барлық бала, барлық бала ,
Оны жақсы көреді.

4. Микроб сыныпқа енеді.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Мен сендермен айырылыспаз дос болғым келеді. Қарсы емессіңдер ме?
— Мұғалім : Ал, балалар қалай қарайсыңдар?
— Бәрі : Бізге ондай дос керек емес.Тез арада құтылу қажет. Әйтпесе, зиян келтіреді.
— Мұғалім : Ал қалай құтылуға болады?
— Оқушы :

Қане , бірге бәріміз,
Қолымызды сабандап,
Бетімізді жақсылап,
Жуайықшы суменен.
Тазалық ол –сәніміз.
Микроб айналып шығып кетеді.

5. Дәріхана «Фито»
Апа : — Айналайын, қызым. Іш ауруға қандай дәрі бар ?
Дәріханашы : — Апа, дәріден гөрі шөппенен ем жасаңыз.
Апа : — қалай , қандай шөптен?
Дәріханашы: Жолжелкен жапырағының қайнатпасы.
Апа: -Рахмет, қызым, өркенің өссін!

Мұғалім: Сауығу дәстүрлі емес тәсілдері ежелден-ақ ата –бабамызға аян болған.Долана, таңқұрай, түймедақ, киікоты, қалақай шипалы өсімдіктерді емдеуде қолданған.

6. Психолог зертханасынан кеңес алу..
Психолог сөзі:

1) Эмоция, көңіл – күй
Эмоция – көңіл – күй – денсаулық.

2) Адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасы.
Мұғалім: Ал , ендеше, психолог апайымыздың кеңесін тыңдай отырып
« Мен құрбымды жақсы көремін » ойыны ойналады.
Дәйекті сөз: Өзгеге тілеген жақсы тілегің, түбі өзіңе қайтып келеді.

7. Өнер мектебі.
Мұғалім: Денсаулығымыз жақсы болсын десек , өнерді сүйіп, оны қолдана білген жөн.Пифагор айтқандай: « Музыка — дене мен рухани тазалықтың әмбебап құралы » Енді өнер мектебінің жас музыканттарын тыңдап көрейік.

Гүлжазира: ( шығармасын тыңдау) Сөзі: Мен музыканы сүйемін. Сондықтан да үйренемін, тыңдаймын. Ғалымдардың зерттеуі бойынша , әуезді, баяу музыка шаршағанды басады, тынықтырады. Ал көңіл күйді көтеріп жылдам қуаттандырады.Бірақ қатты шулы музыка денсаулыққа кері әсер етіп басты ауыртып, көңіл күйді бұзады. Бұл жағына аса сақ болыңдар.

Мұғалім: Иә, рас, орта ғасырлық емшілер көптеген ауруларды емдеу үшін музыка қолданған. Тіпті ән салған адамның өмір жасы ұзақ болады екен. Бидің әрбір қимылы денені шынықтыратын жаттығулар болып табылады.
Орталықтардан кейін, мұғалім кеңесі.

1) Көзді жұмып, табиғат сұлулығынан нәр алу.
«Күн ойыны »
2) Аэробика биі.
3) Күн тәртібі, еңбек ету, жағымсыз әдеттен аулақ болуға орай тақпақтар оқылады.
4. Қорытынды бөлімі.
П. К. Ивановтың « Детка » ілімінің 12 қағидасын түсіндіру , қорытындылау.

   
Пікірлер3
  1. Бальнур

    Денсаулық табырыбында жазылған керемет материал. Балаларды денсаулықты күтуге үйретуге арналғандай

  2. LAZZAT

    бұл жұмыс жақсы деп ойлаймын,қалай жүктеп алуға болады?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелсеңіз қалаған мақалаңызды көшіруге болады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ