Бізге қонаққа қоян келді

Оқу қызметінің ұйымдастырулының техналогиялық картасы
Білім саласы: Таным
Бөлігі : қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, сурет салу, сенсорика
Тақырыбы: «бізге қонаққа қоян келді»

Мақсаты: білімділік: қыс мезгілі жайлы түсінік беру. балаларды түстерді атап, айыра білуге, дәстүрлі емес сурет салу әдістерін үйрету. Дамытушылық: қолдарының ұсақ маторикасын дамыту, тіл байлықтарын арттыру. Тәрбиелік: кейіпкерлермен эмоционалды – жағымды қарым – қатынас орнату.

Мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: қоянның,кірпінің кейіпкерлері,қыс мезгілінің презентациясы,түрлі-түсті жастықшалар,диск-сәлемдеме,қар бүркіндісі
Керекті құралдар: ақ түсті бояу,көк түсті қатты қағаз, қол сүрткіш орамалдар, фольгадан жасалған домалақ пішіндер, үлгі материал
Билингвальдық компонент: снег – қар, зима – қыс
koyan-konakta
Шаттық шеңбері.
Сәлеметсізбе, алтын күн?
Сәлеметсізбе, көк аспан ?
Сәлеметсізбе,достарым?
Сәлеметсізбе, апайым?
Тілге арналған жаттығу:
«күлімдеу», «шар»

Балалар, естіп тұрсыңдар ма? бізге біреу қонаққа келген сияқты.
Ғажайып сәт:

Қоян келеді: сәлеметсіңдер ме,балалар? Мен сендермен дос болуға келдім.
— Балалар,бұл кім?

Дұрыс айтасыңдар. Ал оның тоңын көрдіңдер ме? Жылы әрі жұмсақ. Бірнеше балаға ұстатып көрсету.
д\ о «дене мүшеңді тап»

Санжар,оның құлақтары бар ма, көрсетші. Иә,дұрыс. Құлақтары ұзын екен. Қайтадап айтыңдаршы.
-ұзын
Сендердің құлақтарың қайда?
— Амира, ал оның басы қайда?
Басы – домалақ. Барлығымыз айтайық.
— Домалақ

Сендердің бастарын қайда?
Аяқтарың қайда?
Қоянның аяқтары барма?
Қоян сен қалай секіретініңді балаларға көрсетші.
Қоян: балалар менімен бірге қайталаңдар.
Балалар қоян туралы біз тақпақ білеміз ғой. Қане бірге айтайық.

Сергіту сәті:«ұзын құлақ,сұр қоян»
Қасқыр,аюлардың дауыстары естіледі. Қоян қорқып кетеді. (сәл әрірек орырады)

Бұл кімдердің дауысы?
— Балалар, мен қасқыр мен аюдан қорқып қардың астына тығыламын. Ал қазір, қар өте аз. Мен үйге қайтарда тығыла алмай, қорқатын болдым. (көңіл – күйі түсіңкі)

Слайдтан қыс,жауған қардың бейнесін көрсетіп түсіндіру.
Күз мезгілінен кейін қыс келеді. Қыс ауа райының өте салқындығымен ерекшеленеді. Қыс келгенін қар жауып,күн суытқаннан білеміз. Қыста ауырып қалмау үшін, өте жылы киіну керек.Қыстың айлары-желтоқсан,қаңтар, ақпан. Қыста барлығы ақ түске айналады.
Балалар, міне бірнеше күннен соң қыста келіп қалды. Ал қар қалың жауғанша біздің досымыз қоян аңдардан қорқады ғой. Оған көмектесейікші.

— Қояның түсі қандай?
— Ал қардың ?
Дұрыс, екеуі де ақ түсті. Сондықтан қардың үстінен қоянды аңдар таба алмай қалады екен.
Қоянға көмектесу қардың суретін салып көрейік.
Қардың бейнесін фольга арқылы салу ережесін көрсету.

Алдымызда тұрған қағазға фольгадан жасалған домалақ пішінді ақ бояуға батырамызда қардың суретін саламыз. Қоян: менде мынадай ғажайып қапшықтар бар.

Тәрбиеші: түстерін атату.сонымен жаттығу жасату.
Саусақ жаттығуы: «ғажайып жастықтар» арқылы
Балалар, орындарына барып қардың суретін салуға кіріседі.

Жеке жұмыс:
Суретті аяқтай алмаған , қолынан келмеген балаларға көмектесу.
Қоян: қандай әдемі қардың суретін салдыңдар. Енді далада қар жауатын болды. Мен қорықпайтын болдым. ендеше, мен орманға, үйіме ертерек бара берейін. Сендер де маған қонаққа келіңдер. Сау болыңдар.
Балалармен шеңберге тұру.
Есік қағып, кірпі келеді:

Сәлеметсіңдер ме,балалар?! мен орманда хат тасушымын. Сендерге сәлемдеме келіпті. Соны беруге келдім. Ал енді мен кетейін. Мына хаттардың барлығын үлестіруім керек. Сау болыңдар!
Бұнда не бар екен? Ашып көрейік пе?
Видеодан ормандағы қоянды көрсету.

Балалар, бізге бүгін қонаққа кім келді?
Оған ненің суретін салдық?
Сендер қарды суретін көрдіңдер,өздерің де салдыңдар, енді жауып жатқан қарды дәл қазір көргілерің келеді ме?
Ендеше, қолдарыңды созып,көздеріңді жұмыңдар.
«қар бүркінділерін» себу.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: дене мүшелерін, жаттығуларды қимылмен көрсету.
Болуы керек: мейірімділік,достасу,қуану сезімдері
Істей білуі керек: қыс мезгілі жайлы түсінік, фольганы сурет салу әдістеріне қолдану

Мақала авторы: Сайлаубай Самал Гайдарқызы. «Айгөлек»  Әулиекөл балабақшасы

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ