Баламен досыңдай сырлас!

Халқымызда өте орынды айтылған даналық сөз бар. «Балаң жетіге келгенше патшадай сыйла, жеті жастан бастап құлыңдай жұмса, он жеті жасынан досындай сырлас»- деген өсиет сөзге үңілсек, үлкен ой, аса дәлдік бар екені сөзсіз. Бұл сөздің ата- ана үшін де, ұстаздар қауымы үшін де керегі мол. Ата- ана баланы дүниеге әкелген соң , одан мол үміт күтеді.

Барын беріп бағады, сұрағанын алып береді. Әр сөзіне қуанады. Кейде сол баладан өзін көреді. Бала- ақ парақ. Оған айтылған әрбір сөз параққа жазғандай болып сақтала береді. Егер балаға сұрақ қойсақ, дәл өзіміздей жауап аламыз. Баланың алғашында сұрағы көп болады. Айналасындағы нәрсеге, құбылысқа таңдана қарап, оның атын , не себебін білгісі келіп сұрайды.

Сонда ата- ана немесе ұстазы қалай жауап берсе, солай түсінік қалыптасады. Кейде ата- анасы әлденеге асығып, «білмеймін» десе, бала ойында ол адамның білімсіз болып көрінері сөзсіз. Ол нәрсеге баланың қызығушылығы күшті болса, басқадан сұрап білері анық. Содан соң үнемі өзін мазалаған сұрақтың жауабын сол адамнан сұрағанды жөн санайды.

balamen-dosindai-sirlas

Егер ата- анасы қойылған сұраққа толық та, нақты жауап берсе, бала өскенде ата- анасының сұрағына солай нақты жауап қайтарады. Ал егер ата- анасы баласына қысқа жауап қайтара салса, баласы да солай сөйлері ақиқат.

Жеті жастан бастап құлыңдай жұмса дегені, баланы еңбекке баулу. Ата- анасы баланы үйдегі жеңіл жұмыстарға баулыса, ұстаз мектепке келген шәкіртті ұқыпты жазуға, ерінбей оқуға, ермексаз бен қағазбен жұмыс жасауға үйретеді. Бала өз ата- анасымен өзінше тілдеседі. Ал ұзтазымен тіл табысу кейбір жасқаншақ балаларға оңайға соқпайды. Сондықтан ұстаз әр баламен сөйлесіп, ішкі сырына үңілу керек. Балаға берілетін білімнің түсінікті болуы үшін, әр оқушыны түсініп алу басты міндет.

Сыныптан тыс жұмыстарда жасқаншақ баламен көбірек сөйлесуге тырысқан жөн. Сөзшең бала өзін мазалаған сұрақты қойып, жауабын кімнен болса да біледі. Сыныптағы тұйық та, жасқаншақ бала сан сұрақтың ішінде қалады. Ол бала кезіндегі өзін мазалаған сұрақтың жауабын таппаған, оған қарауға ата- анасының қолы тимеген немесе жанұядағы көп баланың бірі болуы мүмкін. Егер де ұстазы сол баламен жақсы тіл табысып, ішкі сырына үңілсе, білім алу жолында мол жетістікке жетері сөзсіз.

Пікірлер2
  1. Ырысжан

    Баламен досыңдай сырласу қажет.Баланың ішінде не бар екенін,не ойлайтынын сырласып білуге болады.

  2. Бахтыгуль

    Керемет жазылған мақала.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ