Сабақ жоспары
Сыныбы: 3 «А»
Пәні: әдебиеттік оқу
Өткізген: Тастекова Ж.Е.
Сабақтың тақырыбы: «Аққала – ақ бала» М.Мақатаев.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: оқушыларды өлеңді оқыта отырып, мазмұнын түсіндіру, оқу дағдысын қалыптастыру;
2) Дамытушылық: сөздік қорын молайту, өз ойларын жинақтап, жүйелеп айта білу біліктігін жетілдіру;
3) Тәрбиелік: табиғатты сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мағынаны тану,түсіндіру, оқыту, ой толғау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба, автор суреті, бәйге аттары
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу;
-оқушыларды түгендеу;
-кезекшімен жұмыс;
-оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпен сіздерге
Бас иеміз біз.
Мұғалім: Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер.
Оқушылар хормен:
Алу үшін сапа білім,
Ардақтаймыз ана тілін.
— Ендеше, бізде қазір әдебиет сабағы.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын «Бәйге» ойыны арқылы пысықтап, тиянақтаймыз. Ол үшін алдарыңа үлестірме қағаздар таратылады. Осы қағаздарда сұрақтар жасырылған, сұрақтарға дұрыс жауап берсек, тақтада тұрған бәйге аттарымыз алға жылжиды.
Сұрақтар:
- Аю мен Қоян тоғай ішінен нелерді кездестірді?
- Қорбаңбай Қоянға «Ақ аюдың» тіршілігін қалай суреттеді?
- Қара аюдың үйі туралы Қорбаңбай Қоянға не айтты?
- Сүйір аю туралы қалай сипаттады?
- Бамбук аю туралы Қорбаңбайдың әңгімесі?
- Өз өлкемізде аюдың қандай түрлері бар? Олар қайда тіршілік етеді?
Үй тапсырмасын қорытындылау.
-Балалар, «Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» демекші, біз тек бір аю емес, бірнеше аюдың түрі мен тіршілігі туралы білдік. Осы берген жауаптарыңнан жақсы дайындықтарыңды көрдік. «Бәйгеге» бәріңде жеттіңдер деп ойлаймын.
ІV. Өзектілеу кезеңі.
-Ал, балалар, жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін тақтаға назар аударамыз.
- Ең суық мезгіл?
- Аяз Атаның қызы?
- Ең жылы киім?
- Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды?
- Қыстың үшінші айы?
- Қазақстанның бас қаласы?
V. Жаңа сабақ.
Демек, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Аққала – ақ бала».
*Сабақтың мақсатымен таныстыру;
*Автор жайлы қысқаша мағлұмат беру.
Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан күні туған күні болды. Барлық мектепте, жоғары оқу орындарында осы күндері еске алу кештері өткізілгенін теледидардан көрген боларсыңдар.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
-Барлығымыз оқулығымызды аштық. Өлең шумақтарына назар аударамыз.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Өлеңді іштей оқу.
3. Өлеңді тізбектей оқыту.
Мағынаны тану, өлеңді талдау:
Өлеңдегі ақынның көңіл-күйі қандай?
Ақын өлеңде нені сағынады?
Ақ бала қандай? Аққала қандай? Қар қандай?
Ақын ақ балаға қандай тілек айтады?
Сергіту сәті.
Ішік, пима, қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз алақай.
Мақал-мәтелдерді талдау.
*Оқулықта берілген мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын ашу.
*Қыс туралы өздерің қандай мақал білесіңдер? (оқушылар өздері білгендерін айтады)
VІІІ. Дәптермен жұмыс.
-Балалар, мен сендерге дәптермен жұмысты қатар бойынша орындайтындай, топтық тапсырма қылып бергім келіп отыр.
1-қатар – «Қыс » туралы мақал-мәтелдер жазады.
2-қатар – «Қыс, қыс келбеті, аққала» туралы 5 жолды өлең құрастырады.
3-қатар – Осы аталған тақырыпқа байланысты эссе жазады.
ІХ.Сабақты қорытындылау.
«Пирамида» құрастыру.
— Қыстағы ауа райы, қыстың келбеті қандай болады? Қысты суреттеп берейікші.
Х.Үй тапсырмасын беру. Өлең шумағын жаттап келу.
ХІ. Бағалау. Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
ХІІ. Рефлексия.
-Балалар, қыстан кейін қай мезгіл келеді?
-Көктемнің алғашқы гүлі қандай гүл?
-Осы қайсысын таңдар едіңдер?
-Сендер де осы бәйшешектей гүлденіп, биік шыңдардан көрініп, өсіп, өркендей беріңдер!
Өте керемет өткізуге болатын сабақ
Өте керемет көңілді сабақ болды
сабак жоспары жуйели курылган
Жазира жарайсың!!!!!!!!!!!!!!!!!!