Ойна да ойлан (сабақ жоспары)

Білім беру саласы: Таным,Шығармашылық,Қоршаған орта
Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекеті: Математика
Тақырыбы: «Ойна да ойлан»

Мақсаты: Балалардың танымдық ,ой өрісін,қиялын дамыту.Көзбен көргенін есінде ұстап,тіл ,сөз арқылы ойын айтып,шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.Балалардың қоршаған орта туралы ,табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: ойын оқу іс-әрекеті

Билингвистикалық компоненттер:1-10 дейін орыс тілінде айту
Әдіс-тәсіл: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын, ой қозғау
Көрнекілік: 1-10 сандар,шар,таяқша,сурет,барабан,үйлер
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы қозғаушы қызымет түрі Балалар бүгін бізде ерекше күн. Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басығой
Ал қанекей бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге. Сәлеметсіздерме апайлар! Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басығой
Ал қанекей бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге. Сәлеметсіздерме
Ал балалар мен сендермен ойын ойнағы келіп тұр.Ойын ойнағыларың келеме?
Ал балалар мен сөздер тобын атайын ,сендер соның үшінші екенін яғни қайсы артық екенін табасыңдар жарайма!
-Шырын,Сүт,Нан
Жарайсың

Ал келесі сөзді айтайын Өзен,қар,жаңбыр қайсысы артық?
Ал балалар келесі сөз топтамасын айтайын-Қаңтар Аяз,Боран қайсысы артық? жарайсыңдар балалар .
Ал балалар мен сендерге түрлі түсті шарлар әкелдім.
Осы шарларды тура және кері санаймыз,дайынбыз ба? жарайсыңдар балалар.Ал балалар мен сендерге керемет ойын алып келдім.Ойының аты «Дауыстап санау» д/к ойын

Ойының шарты: Балалар мен барабанды соғамын,ал сендер канша рет соқанымды алдарыңдағы сан арқылы көрсететін боласыңдар жарайма!
Ал балалар біз сандардың құпиясын білуге асығып отырған сияқтымыз. Ал ендеше 5ке дейінгі сандардың құпиясын біліп алайық.Ең бірінші сандардың басында қай сан тұрады?жарайсыңдар ,ендеше бір деген ұғымға сәйкес келетін дүние жүзінде не бар деп ойлайсыңдар,жарайсыңдар балалар.Ал енді бір санына байланысты зеренің тақпағын тыңдайық.

Азаматтың тақпағын тыңдайықшы,жарайсың ал енді бір санын әкеліп мына алма ағашына іле ғой.Ал балалар сандар қатарының басында тұратын қандай сан екен?

Ал 1ден кейін қандай сан келеді? жарайсыңдар
2деген ұғымды білу үшін балалар өздеріңнің дене мүшелеріңде екі мүше бар ма? жарайсыңдар балалар
Ал екі саны туралы Назеркенің тақпағын тыңдайықшы.
oinada-oilan
Ал балалар екі саны қайда жасырынды екен қане Назерке тауып әкеле қойшы. 1ден кейінгі көрші сан ғой,жарайсың,ал балалар екіден кейін сандарды рет -реімен іздеп орналастырайық.Рет-ретімен қою үшін сандарды іздеміз,қане орнымыздан тұрайық.
Ал балалар келесі тапсырмамыз мен айтамын сендер орындайсыңдар,бұл тапсырмада мына тақтада кеңістік берілген,сол кеңістікке мен оқып тұрған өлеңдегі көрністі тақтада бейнелеу керек.Әр жол сайын тақтаға бейнелейсіңдер балалар түсінікті ме?

-Жоғарыда ақша бұл күлімдеген
Арасынан күн нұрын шашса
Ал төменде айдын көл мөлдіреген
Жағасында қос аққу орын тапса

Ал балалар келесі ойынымыз сиқырлы таяқша деп аталады.Сендер екі топқа бөлініп тұрасыңдар,екі топқа екі түрлі тапсырма беремін.Мына екі суретті сендерге беремін ,ал сендер осы суретке қарап сиқырлы таяқша арқылы пішінді құрастырып шығасыңдар,жарайсың балалар ,берілген тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар.

Ал балалар тақтадағы суреттке қарайықшы.Мына суреттерде неше заттың суреті бар соның цифрын қойып шығу керек ,түсінікті ме балалар!жай алдарыңа қарап тапсырманы орндаймыз.
7-санын қоямыз
4-санын қоямыз
3-санын қоямыз

Ал балалар бойымызды сергіпі аламыз ба? қане орнымыздан тұрайық.
1.Екі аяқпен ,екі қол
Бір ауызбен бір тіл
Нешеу болды барлығы
Алтау болды барлығы
Санап шықтық міне біз
2.Екі көзбен қос құлақ
Бір баспенен бір мұрын
Нешеу болды қос шырақ
Санап шығар кім бұрын
Алтау болды барлығы

Ал балалар мына сиқырлы қорапшаның ішінен пішіндерді аламыз да музыка мен билеп жүріп мына үйлерді айналып жүріп,музыка тоқтаған сәтте әркім өзінің үйінің пішініне барып тұра қалу керек,түсініктіме балалар,жарайсыңдар балалар! апайлар!
иә
нан артық,шырын мен сүті ішеміз,ал нанды шайнап жейміз
өзен артық өйткені жаңбырмен қар жауады

Қаңтар артық,өйткені аяз,боран табиғат құбылысы
Иә.1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1

иә
1-саны
Бір күн бар,бір ай,бір отанымыз бар.
Жіңішке жалыз таяқша
Бір саны ол айрықша
(1саны бар алманы ағашқа іледі)
1-саны
2-саны

Екі көз,екі аяқ,екі қол,екі құлақ.
Міне екі саны тұр
Қараңдаршы неткен түр
Мойынын алға иеді
Құйрығы артынан ереді
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

-7

-4

-3

иә

1.Екі аяқпен ,екі қол
Бір ауызбен бір тіл
Нешеу болды барлығы
Алтау болды барлығы
Санап шықтық міне біз
2.Екі көзбен қос құлақ
Бір баспенен бір мұрын
Нешеу болды қос шырақ
Санап шығар кім бұрын
Алтау болды барлығы

Жетекші
жөндеуші Ал балалар оқу іс әрекетімізде аяқталып қалды.Бүгінгі оқу іс-әрекеттеріңде әркім өзіне қандай баға қояр едіңдер? Қане орнымыздан тұрып мына жақсы өлең шумағымен аяқтайық ,жарайма балалар!

Күтілетін нәтеже:
Не білді: 1-10ға дейін тура ,кері санай білді,
Не алды: ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыта алды.
Ойын арқылы білімдерін жетілдіре алды.
Не істей алады: Ойын шартын бұзбай ойнай алады.
Берілген нұсқау бой-ша ұқыпты жұмыс жасай алады

Пікірлер2
  1. Amina

    Керемет, еңбегіңізге береке берсін.

  2. Айгерим

    маған ұнады қызықты екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ