«Үйлер» жобасы

Тақырыбы: Үйлер Трансдисциплинарлық тақырып : Біздің уақыт пен кеңістіктегі орнымыз

Ортақ ой: Мәдени әсер мен жергілікті шарттардың үйдегі көрінісі

Зерттеу бағыттары: — Адамдарға үй не үшін қажет

— Отбасылық құндылықтар мен жергілікті мәдениеттің үйдегі көрінісі

-Үйлердің өткені, бүгіні және болашағы

-Өз үйімізге қандай күтім жасаймыз

 

Мақсаты:Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру; әр халықтың ұлттық үйлерімен таныстыру, әр түрлі болуының себебін анықтау; үйдің адам үшін маңызын, қажеттілігін, құндылығын білуге, бағалауға тәрбиелеу; баланы граматикалық тұрғыда жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйретіп, сөздік қорын дамыту. Ұжымдық еңбек ету, бір- біріне деген достық ықыластарын ояту.

 

Көрнекіліктер: Әр түрлі үйлер макеті, суреттер, қағаздар, қайшы, желім, ермексаз, таяқшалар, әр түрлі халықтар суреті,

Тәрбиеші: — Балалар, «Әрбір үйде күн ыстық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары:

— Өйткені, отбасындағы адамдар бір-бірімен тату тұрады.

— Әр адамның өз үйі өзіне ыстық, әр адам өз үйін жақсы көреді.

үйлер, үй

Дидактикалық ойын: «Кім қайда тұрады?».

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, үй адамға не үшін қажет?

-Үйде тұру үшін.

-Отбасымен тұру үшін

-Үй суықтан қорғайды.

-Қонақтар келу үшін.

-Достарды туған күнге шақыру үшін.

-Демалу үшін.

-Үй суықтан қорғайды.

 

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Үлкен үй, кішкентай үй болсын, әр адамға өз үйінен артық үй жоқ.

Тәрбиеші: Айтыңдаршы, үйлердің қандай түрлері болады?

-Көп қабатты, жер үй, жекежай, саяжай, ағаш үй.

Дидактикалық ойын: «Мамандықтар»

Шарты: Үйді тұрғызатын мамандықтарды табу.

-Үйлерді кімдер салады?

— Құрылысшылар

-Балалар,үй тұрғызу үшін ең алдымен неден бастайды?

-Үй салатын жерді қазады.

Тәрбиеші: Жерді қазғаннан кейін не істейді?

-Үйдің іргетасын цемент, құмды араластырып құяды.

Тәрбиеші: Неліктен, іргестасынан бастайды?

-Өйткені, үйдің іргетасы болмаса үй қисайып, құлап қалады.

-Мықты болмайды.

-Дұрыс айтасыңдар. Іргетасты құйғаннан кейін не істейді?

-Кірпіштен, ағаштан үйдің қабырғасын қалайды.

-Содан кейін не жасайды?

-Үйдің шатырын жабады. (жасайды).

-Балалар барлық үйлердің іргетасы бола ма?

-Жоқ, кейбір үйлерде болмайды.

-Іргетасы болмайтын қандай үйлерді білесіңдер?

-Киіз үй, Шалаш, Иглу, Типпи, Вигвам.

-Балалар, сендер Әлем халықтарының үйлерін біледі екенсіңдер.

-Балалар қазір сендермен « Кім қайда тұрады?» деген музыкалық дидактикалық ойын ойнаймыз.

 

Шарты: Бірнеше әуен ойналады, кім бірінші әуенді табады ,әуен ырғағына байланысты сол халықтың үйінің жанына барып тұра қалу керек. Және сол халықтар туралы мәлімет береді.

 

Суммативтік жұмыс: Балалар екі командаға бөлініп «Қазіргі заманауи үй» және «Вигвам» үйлерін түрлі заттардан/ ағаштан, түрлі түсті қағаздан /құрастырып, жапсырады.

Бағалау: Балалар өзі-өздерін бағалайды. / Оқушы профилі бойынша бағалау/

Балалар нені білу керек:

— үйдің түрлері, үй неден тұрады

— құрылыс мамандықтары,

— құрылыс материалдарының атаулары

Балалар нені жасай алады:

— сурет бойынша әңгіме құрастыру

— сөйлеуде монолог пен диалогты қолдану

— рөлдер бойынша әңгімені мазмұндау

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер12
  1. Мөлдір Жұмажанова

    Керемет сабақ! Осындай сайтқа мың алғыс

  2. Лаура

    Балаларды болашаққа бағыттау, мамандық түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыруға тәрбиелейді. Жүйелілік жақсы сақталған.

  3. Жанерке Ертайқызы

    сабақ жоспары талапқа сай жақсы жасалынған

  4. Сыздыкова

    Бұл сайт маған өте қатты ұнайды кез келген мағлұматты тегін алаласын және өте тамаша материалдар.

  5. Жансая

    Сабақтың құрылмы дұрыс жазылған. маған ұнады.Жүйелі жұмыстардың бірі.

  6. Лиза

    Балаларға өте ұғымды әрі ұнамды тақырып. Отбасы күні немесе халықаралық бірлік мерекелерінде қолдануға болатын материал екен!

  7. Куралай

    Сабақтың барысы өте жақсы. Балаларға үй туралы мәлімет беріп, білімдерін нығайтуға жақсы екен.

  8. АРАЙЛЫМ

    Сабақ құрылымы өте жақсы құрылған!

  9. Данагуль

    сабақ жоспары жақсы жасалған екен маған ұнады

  10. Данагуль

    Өте жақсы жазылған сабақ жоспары екен

  11. Мустафина Шаттық Балтабайқызы

    Сабақтың құрылмы дұрыс жазылған. маған ұнады. Берліген сабақ бойынша балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын игередеі. Балалар ұжымдық еңбек етуге, бір- біріне деген достық ықыластарын оятады.

  12. Бахтыгуль

    Сабақтың құрылымы өте жақсы жасалған. Суммативті жұмысы ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ