Кіріктірілген оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»
Бөлімі : «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Сауат ашу», «Логика»

Күні:
Мектеп: Ю.Гагарин атындағы негізгі мектеп
Сыныбы : 0 «Б»
Мұғалімнің есімі: Абатова Мөлдір Қанатбекқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Санамақ»
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Мақсаттары: Әр түрлі тапсырмалар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын оятуды жалғастыру. Оқушылардың білімдерін бекіту, жүйелеу. Оқушылардың тілін, ақыл-ой, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Талдай білуге, сынауға үйрету. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа және басқалардың жетістіктеріне қуана білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, 1-10 дейінгі сандар қатары, санау материалдары, тақырыпқа қатысты суреттер.
Күтілетін нәтижелер:
Не біледі: 1-10 дейінгі сандардың айырмашылығын;
Не алады: Санамақ арқылы 1-10 дейінгі сандар жайлы қосымша ақпарат;
Не істей алады: Санамақ айта алады, ұжыммен жұмыс жасай алады, басқа балалардың жетістіктеріне қуана біледі.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау беру
Түрі(типі): Кіріктірілген оқу іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері
Кіріктірілген оқу іс-әрекетіМотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Шаттық шеңберіне тұрады

Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балалардың назарын интерактивті тақтаға аудару, 1-10 дейінгі сандарды санамақ арқылы көрсету.(мұқият тыңдап, естерінде сақтап отыруларын ескерту)
-Балалар, санамақтан нені көрдіңдер?
-Сендер сандарды танисыңдар, заттарды санай аласыңдар. Қазір мен сендерге интерактивті тақтадан көрген суреттер беремін, сол суреттерді(суреттер мұғалімнің алдында теріс жағымен шатасып жатады) тақатада ілініп тұрған сандарға сәйкестендіріңдер. Кім келеді? (Балалардың жауаптарына сәйкес сұрақтар беріп отыру)
-Жарайсыңдар, балалар! Ал енді сабақтың басында көрсетілген санамақ туралы видеоны есімізге түсірейікші. Ол үшін мен тақтаға сандар жазамын бормен, сендер атап отырыңдар ( сандарды кері қарай жазу, сол видео туралы сұрақтар қою) -Балалар, осы жерде сендерге бір сұрақ қойғым келіп отыр, біз қоршаған ортадан жанды және жансыз табиғат туралы айтқанбыз. Санамақтағы суреттерден табиғаттағы жансыз заттарды атап өтіңдерші. –Ал енді сендер айтып өткен бесікке батарейка салып қойсақ, ол өзі тербелсе, жанды затқа айналады ма? Неге? Интерактивті тақтаға назар аударады

Тапсырманы орындайды

Сұрақтарға жауап береді

Пікірлерін айтады
Рефлексивті түзету

Бағалау -Қане, балалар, оқу іс-әрекетімізді қорту үшін өзіміз білетін, сандарға байланысты тақпағымызды айтайықшы.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқанда,
Шыға келер он саусақ

1.Балаларды мақтау, мадақтау.
2.Балаларға смайликтер мен ақ парақ беру, олар сабақты бағалайды, күліп тұрған смайлик пен көңілсіз тұрған смайликті ақ қағаз бетіне жапсырады, қай смайлик көп, соған байланысты қорытынды шығару. Тақпақты қимылмен айтады

Бағаланады, бағалайды

Пікірлер2
  1. Бекпенбетов Жаркынбек

    Сабақ мақсаты керемет қойылған. Мақсатқа жету үшін түрлі тәсілдерді қолдана алған. бағалау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруда мотивация жасай білген.

  2. Бахтыгуль

    Сабақ ұнады.Сəйкестендіру мен пікірлерін айту жері.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ