Біз күштіміз біргеміз. Балаларға арналған спорттық ойын

МКҚК «Жасұлан» балалар бақшасы
Біз күштіміз, біргеміз (спорттық ойын-сауық)
Тәрбиеші: Телманова Әсия

Мақсаты: балалардың белсенділігін нығайту, ептілік, шапшаңдықтарын, батылдықтарын арттыру. Әртүрлі спорттық ойын түрлерімен таныстыру, тәсілдерін меңгерту. Екі топ балаларын достыққа, ұқыптылыққа, икемділікке тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: кішкене доптар, кедергілер, шарлар, тунельдер, шығыршықтар, үлкен доптар, шелектер, геометриялық пішіндер, денсаулық, спорт туралы нақыл сөздер, су асты тіршілік иелері.

Тәрбиеші: Құрметті жиналған қауым, апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі «Біз күштіміз, біргеміз» атты спорттық ойын-сауыққа қош келдіңіздер!
Ал, сайыскер балалар,
Ешкімнің жоқ алалар.
Жеңімпаз болу үлкен ерлік,

Оны әділ қазы алқасы бағалар- дей отыра әділ қазы алқасымен таныстырып өтейін:
1. Балабақша медбикесі: Молдағалиева Нәсіп апай.
2. Балабақша психологы: Көбенғалиева Айба апай.

Ендігі кезекті ортаға сайысқа қатысушы екі команданы таныстырып өтейін.
1-ші топ: «Сұңқар» тобы
2-ші топ: «Тұлпар» тобы

Ендіше сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. «Кім жүйрік» ойыны.
2. «Кім епті» ойыны.
3. «Көңілді доптар» ойыны.
4. «Кім жылдам» ойыны.
5. «Су асты тіршілік иелерін құтқар» ойыны

biz-kushtimiz-birgemiz-balalarga-arnalgan-sporttik-oyinТәрбиеші: Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттар- деп алғашқы сайысымыз «Кім жүйрік » атты ойынымызды бастаймыз.

Ойын шарты: үрілген шарды ұстап жүгіріп келу.
Бәрекелді балалар!
Әділ қазы алқасы әділ бағаларыңызды берсеңіздер.
Сайысымыздың келесі кезеңі «Кім епті» деп аталады.

Ойын шарты: шығыршықтың ішінде жатқан геометриялық пішіндерді, келесі шығыршыққа салу.
Жарайсыңдар балалар сендер неткен епті едіңдер.
Ендегі ойналатын ойын« Көңілді доптар» деп аталады.
Ойын шарты: көңілді доптарды домалатып , межені тез айналып келу.
Тәрбиеші: Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі- дей отырып келесі кезеңге көшелік.
«Кім жылдам» ойыны.
Ойын шарты: құм салынған шелекті ұстап, кедергілер арасымен өтіп келу.

Өте тамаша балалар!
Соңғы сайысымыз «Су асты тіршілік иелерін құтқар» деп аталады.
Ойын шарты: құмда жатқан су асты тіршілік иелерін алып, тунельдің астынан өтіп барып, суға салу.
Бәркелді балалар сендер өте тамаша ойынадыңдар. Ендігі сөз кезегін балаларды мадақтау үшін әділ қазыларға береміз.

Осымен «Біз күштіміз,біргеміз» атты спорттық ойын- сауығымыз аяқталды.
Балалар жеңістерін құтты болсын! Деніміз сау, аспанымыз әрдайым ашық болсын. Көріп, қолпаштағандарыңызға көп рахмет. Сау саламатта болайық.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ