Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Алтын күз ертеңгілік сценарий


Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар. Біздің «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бүгін «Балапан» тобының балалары күзгі баққа саяхатқа келіп отыр.
Балалар бүгін бізге қонаққа күз патшайымы келіпті. Бәріміз қарсы алайық.
(күз патшайымымен амандасу)
Күз патшайымы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен күз патшайымы боламын. Сендерге алыс жерден келдім. Мені күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардым, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдім. Олар өте ақылды балалар екен менің тапсырмаларымды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапысрамаларымды орындауға дайынсыңдар ма?
алтын күз, ертеңгілік, балабақшада,балалармен жұмыс

-Олай болса бастайық.
Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшасын төрге отырығызайық.
Күз ханшасы ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді. Қане дайындаған көрінісімізді қойып берейік.
Көрініс: «Көкөністер айтысы»
Санжар мен Ақжүніс бақшаларына барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет күбірлеген дыбыстар естілді, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады:
Аида (қияр):
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Рауан (картоп):
Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.

Рашида: (Ас бұршағы):
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне,
Дәмді салаттарыммен ,
Сый жасаймын бәріңе.

Айзере (пияз):
Боламын мен демеуіш,
Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.

Айрайлым (сәбіз):
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.

Балнұр: (шалқан)
Кім білмейді шалқанды,
Дәмімді татып таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.

Мәди (қырыққабат):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда.
Мені қосса самсаға.
Жейді бәрі тамсана.
Бекзат (қызанақ):
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.

Бекзада: (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.

Бегімай (Асқабақ)
Іші сары, сырты қатты,
Дәні-дәрі, дәмі-тәтті.
Пісіріп жесең ас тамақ,
Мұның аты асқабақ.

Санжар:
Көкөністер бәрі де ,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.

Ақжүніс:
Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер.
Ән: Ана тілі

 

«Дәмін тат та, атын айт» ойыны.
Тәрбиеші: Балалар күз патшайымының әкелген екінші тапсырамасы ойын екен,
яғни ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.

Темірлан:
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.

Інжу:
Ой балалалар балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

Жанель:
Жапырқтар сылдырлай,
Алтын күз міне келіпті.
Туған жерін қия алмай,
Ұшып бар құстар кетіпті.

Жұмбақ шешу ойыны.
(Табиғатқа байланысты жұмбақтар)
Махамбет:
Алтын сары қызыл көк,
Алуан- алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалтырап.

Ақнұр:
Күзде жайнап ашыла,
Күннің нұры көшкендей.
Алма ағаштың басына ,
Қызыл қарбыз өскендей.

Мансұр:
Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді.

Диана:
Қыркүйек қазан,қараша,
Күздің бұлар айлары.
Үлкендер қуанып балаша,
Егіндерін жинайды.

Ән:«Алтын күз»

Орындайтын: хор
«Дыбысты тап» ойыны
Балалар сендерге табиғаттың әртүрлі құбылыстарын дауыстарынан танып ажыратайық.
Би: «Жаңбыр»
Орындайтын: Балнұр мен Аида.
Балалар сендерге күз патшайымы рахметін айтып өз сыйлықтарын үлестіреді.
Ән орындау.
Осымен біздің күзгі баққа саяхатымыз аяқталды. Күз патшайымына алғыс айтайық, бізге тағы да келіп тұр.
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Алтын күз» атты ертегілігіміз өз соңына жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Көріскенше сау болыңыздар.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Шегіртке мен Құмырсқа
  • Ара Майямен саяхат
  • 1-2 сыныпта ашық сабақ
  • Ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары
  • «Ана – Ән, Бала- оның қайырмасы» мерекелік сайыс

Пікірлер 13 Пікір қосу

  • Гулнора 25.11.2020 күні 15:19 уақытында

    Өлеңдері кушті.маған ұнады. Пайдаланамын енді

    Жауап беру
  • Насихат 29.04.2020 күні 00:46 уақытында

    Мәссаған, бұл өлеңдер өте әдемі екен .

    Жауап беру
  • Асел 27.04.2020 күні 14:32 уақытында

    Күздің ерекшеліктері балаларға түсінікті болды деп ойлаймын. Күз байлығы, оның алуан түрлілігі туралы айтты. Күз байлығы адамдардың еңбегімен келетінін ұғындырды, оны бағалай білуге және табиғатты сүюге, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиеледі деп ойлаймын.

    Жауап беру
  • Мулдир 15.03.2020 күні 19:02 уақытында

    Куз мерекесине арналган сценарий оте укыпты , утымды жазылыпты. Рахмет

    Жауап беру
  • Жанар 04.03.2020 күні 13:29 уақытында

    Ценари өте сауатты қызықты жазылған. Балаларға арналған өлең жолдары да керемет.

    Жауап беру
  • Роза 08.11.2019 күні 11:13 уақытында

    Құрметті Еркетай сайтының ұжымы! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Күз туралы мақала өте керемет ұйымдастырылыпты. Керегімді алдым. Рахмет сіздерге

    Жауап беру
  • Газиза 28.10.2019 күні 15:41 уақытында

    Сценарий жақсы құрылған.Еңбегіңіз жана берсін!

    Жауап беру
  • Асем 27.10.2019 күні 22:30 уақытында

    Көрініс жақсы екен өткізетін тәрбиешілерге керемет идея

    Жауап беру
  • Аиша 28.11.2018 күні 09:19 уақытында

    Алтын күз тақырыбында өткен мына мақала өте жақсы және көілге қонымды жазылған екен. Осыған ұқсас метериалдар көп әрине, маған ұнағаны осы болды. Тақпақтары да балалардың тіліне жеңіл және тез жаттап алуларына оңай. Кеше ғана өзімде «Сары алтындай Алтын күз» тақырыбында ертенгілік өткен болатынмын. Осы материалдан өзіме керекті жерлерін алған болатынмын. Өткізген іс-шарама үлкен көмек болды. Сіздерге рахмет

    Жауап беру
  • Ханшайым 26.09.2018 күні 05:20 уақытында

    Алтын күз тақырыбында жасалған интернетте кездесетін басқа ертеңгіліктер жоспарының ішіндегі маған ұнағаны осы болды. Өзім жақында өткізейін деп жүрмін алатын идеялар бар екен көп рахмет!

    Жауап беру
  • Айлин 27.02.2015 күні 15:00 уақытында

    А эта класс

    Жауап беру
  • ANSAGAN 08.12.2014 күні 23:01 уақытында

    ote keremet

    Жауап беру
  • Маржан 27.10.2014 күні 15:45 уақытында

    көрініс ұнады

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.