Жаңа оқыту технологияларын кіріктіре отырып,оқыту

Тарих , қоғамтану және құқық пәндерін оқу үшін оқытудағы  жаңа оқыту технологияларын кірістіре отырып,оқыту

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2012 ж. Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты » атты  жолдауында білім,оқыту жүйесіне заманауий  әдістемелер мен технологияларды ендіру керек деген.  Міне осы себептерге байланысты орта білім беру жүйесіне   ғана емес жоғарғы оқу орнына да осы бағдарламалар енгізілуде. Жаңа білім беруде  прагматикалықты  (прагма іс-әрекет-грек сөзінен алынған) бірінші орынға қоюдағы мақсат, баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қарастырып отыр.Оқу үшін оқытуда өзара белсенділікті арттыру әдістері , СТО стратегиялары кіріктіріледі.Оқытудың қандай жолы  қолданылса да қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншісі оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі  келешегі, екіншіден оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Оқытудағы бағдарламада  Кембридж тәсілдері (жеті модуль) қарастырыла отырып, орта білім беру жүйесінде сындарлы (құзырлылық, конструктивті ) оқытуға негізделген тәсілі кең тараған. Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланатын жекеленген стратегиялармен тәсілдер сияқты бір –бірімен өзара байланыста

EBK

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2.Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

4.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық

Бұл  жеті модуль әр сабақта  бір-бірімен тығыз байланысқан жаңа әдістер деп саналғанымен де, «қалай оқу» керектігін қарастырғанда бізге тиімдірегі (Александер, Мерсер ) «диалог арқылы оқытуды » жаңа әдістер ретінде қарастыруға болады.Себебі топтасып (жанұяда) тақырыпты меңгеру барысында бір-бірін оқытуға үйретеді (жақын арада даму аймағы. Выготский  ) «көпіршелер» деп те атауға болады.Бұл кезде оқушылар  барлық жауапкершілікті түсінеді , жанұядағы әлсіз (С- деңгейіндегі оқушы) балаға өз көмегін береді. XX ғ. басында өмір сүрген Мария Монтессори «Менің өзім жасауым үшін маған көмектес!» деген. Халық даналығы айтып кеткендей «Тісі шыққан балаға,шайнап берген ас болмас». Бұл Ұстаздың   дәстүрлі  сабақ барысындағы көрінісі .Ал екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген Қытайдың ғұламасы Конфуций « маған айтып берсең- ұмытып қаламын, көрсетсең- есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң -үйренемін»деген. Репродуктивтік (қайталау мен жаттауға негізделген білім) есте сақтау дәрежесінде қалады. Конструктивті білім- үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттер талап етіледі.Оған дәлел ретінде Б.Блум таксономиясын ұсынсақ болады.

k2015

Сондықтан сабақта тақырыпты жаттау емес, өздігімен білімді құрастыру. Мұндай мақсаттарға  жету үшін әр пәніңе жаңа белсенді әдістерді кіріктіру. Бұрынғы дәстүрлі сабақ беру әдісінде оқушы тақырыпты «білу,тану,түсіну» деңгейінде  өткізілсе. Бүгінгі күні білімді дайын күйінде қабылдамай,оны өздігінен құрастыруы тұлғаны дамытуда, есте сақтау қаблетінің жақсаратыны дәлелденген. Қазіргі білімді игеру процесінде ең басты мәселе  мақсатқа жету барысында белсенді әрекеттерді ұйымдастыру.(Мыс: Ұлттық ойындар арқылы топқа бөлу,ой шақыру үшін өткен тақырып қандай оқиғамен байланысты? Тақырыптағы басты оқиға не?, осы тақырыпта басты тұлғалар кім? Т.с.с.сыни ойлау дағдысын қалыптастыру) Сабақты бастар алдында итермелеу сұрақтарын тиімді қоя білу және мәтінге сәйкес оқу үшін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді кіріктіру ұстаздың шеберлігіне байланысты.Белсенді әрекеттер арқылы оқушылар білімді өздігінен меңгеруге үйрену үшін үйретуде, сыни тұрғыдан ойлана біледі. Жаңа оқыту технологияларын кіріктірудің негізгі қағидасы «не білу» емес ,оқушы «не жасай біледі? » . Қазіргі дамыған заманауий әлемінде тұлғаның білімді болуы жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің басты мақсаты тұлғадан  өз- өзіне есеп бере білуі, іс- әрекеттерін талдай алуы, өз- өзін бағалай алуы, өзінің мүмкіншіліктерін, қаблеттерін жүзеге асыруы өз іс -әрекеттерін  жоспарлай алатын жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптасуына мейілінше тиімді жағдай жасау керек. XX ғ. екінші жартысында 60 ж. өмір сүрген Америка президенті Джон Кениди «бүгінгі күнде бізде жоқ нәрсені армандай алатын тұлғалар қажет» деген екен. Ондай тұлғаларды тәрбиелеп, оқыту үшін біліктіліктен, құзырлылыққа көшуді талап етуде. Құзырлылық дегеніміз оқушының өзін- өзі ұйымдастыруы, басқаруы,  бағалауы, қадағалауы, түзетуі, масылдық пен бәсеңділіктен арылуы,белсенділік пен өз өміріне деген жауапкершілікті біліп, өз міндетіне алуы. Бүгінгі қоғам әрбір жеке тұлғадан «өмір бойы оқып- үйрену» қағидасын талап етеді.Мыс:заманауий өзгерістерге байланысты, ғылым, білім саласы т.б.өзгеріске ұшырауда. Дәстүрлі білім беру кезінде  өз мақсаты мен нақты белгілеген мемлекеттік стандарттарда көрсетілген пәндер,тақырыптар мен сабақтар білім жиынтығын игерумен шектелсе, жаңа оқу-үйренудің негізін тек пәндер емес сын тұрғысынан ойлау мен рефлексияға негізделген әдістер арқылы түсінеді. Оқушыларға әр  сабақта пікірталасты  қолданып отырған дұрыс.Әрбір жанұяға  берілген тақырыптар бойынша басқа жанұя тобымен «қалай ойлайсыңдар сұрақ дұрыс қойылды ма? Немесе Нұртөренің ойымен келісеміз бе?»деп. Оқушылардың белсенді әрекеттері  топтық немесе жұптық жұмыстарында көрініс береді «ойлану, таңдау жасау, сызу, сурет салу, жазу, т.б.» Бұл жерде оқушының бәрі тарихшы болады деген мақсат тұрған жоқ. (оқушының қаблетін байқайсың: бірі мәтінді тез меңгерсе,біреуі суретке бейім т.б) Қайталау, жаттау, есіне түсіру, көшіру секілді репрадуктивті  әрекеттер адамның миын, ішкі жандүниесін, құзырлықтарын дамытпайды екен. Бұл білімнің ең төменгі деңгейі (Б.Блумның таксономиясы бойынша) «Мен айтып берсем-оқушы түсінеді»деген ұғым дәл қазіргі кезде ескіріп отыр. Бүгінгі педагогикада  сөз арқылы емес,әрекет арқылы үйрену және үйрету қажет.Мыс: меңгерілетін тақырыпты ,Үй жұмысын тексеріп алған соң (неге, және не үшін) оқу/үйренуі қажет? Оқушыға сұрақ қойып ойландырып,танымдық кезеңін іске асыру.Оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын, мақсаттарын дамытуға жағдай жасау. Оқу үшін оқытуда   оқушылардың жеке, топтық, ұжымдық  іс-әрекеттік жұмыс барысында көрініс береді. Олар оқушының қисынды ойлауын, қаблеттерін, жадын шығармашылығын  дамытады. Жұмыс жасау барысында оқушыға қолдау көрсетіп отыру қажет. Ол ашық түрде емес жетелеу түрінде (мыс:  басқа қырынан қарасаң қалай болады? Сен жасап көрдің бе? сенің қолыңнан  келеді?)Менің бір жылдық іс-тәжірибелік сабақтарымның біреуін мысал ретінде көрсетіп өтейін. Сабақтардың тақырыбына байланысты әдіс-тәсілдерді кіріктіріп,оқушылардың  тақырыпты жеңіл меңгеруін іске асыру ұстаздың шеберлігіне байланысты.Сабақтарда пайдаланатын әдістер: Жигсо -1 оқушылардың бірін-бірі оқытуда көмектесуіне арналған жұмыс түрі (мәтінді оқу) Жигсо-2 мәтінді толық меңгерген жанұя,сараптама тобына барып сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар алдын ала дайындалған болуы керек. Жанұя өздерінің алған ақпараттары бойынша А-4 форматтарға өз ойларын (постер) түсіреді, қорғайды.Тақырыпты меңгергеннен кейін Венн Диаграммасы бойынша (анализ,синтез) жасайды.Бұл әдісті сабақтың итермелеу сатысына да бекіту кезеңіне де пайдаланса болады. Автор орындығы (тақырыптағы оқиға туралы өз ойын айтады қазіргі өмірмен байланыстырады), ыстық орындық ( басқа жанұя тобындағы оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды әр жанұядан бір сұрақ). РАФТ рөлдік ойын (баяндап беруші, зерттеуші, сұрақтар құрастырушы,  сілтемелер табушы, бейнелеуші-суретші, дәнекер (кем дегенде екі өмірмен байланысатын фактор айтуы қажет), семантикалық карта (тірек терминдер арқылы оқыту) 6- ойлау қалпағы қалпағы (қалпақтардың түсіне қарай өз ойымен бөлісу. Ақ –белгілі бір оқиғаның жағымды жағын суреттейді,  сары— өмірге сенімділік және айқындылықпен қарайды,қара- оқиғаның жаман жағын суреттейді,қызыл қалпақ- сезімді,болашақты болжайды, жасыл-мүмкіндіктерге және идеяларға бағыттайды, көк— ойлауды және барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылайды), ББҮ , INSERT (іс-әрекетке бағытталған) кері әсер парағы ( оқушы осы тақырып бойынша өз ойын жеткізеді? Мыс: тақырыпты түсінбеген (түсінген) қызық (қызық емес)  . Себебін өздері жазады. Топтасып жұмыс істеу барысында көңіл бөлмегенін. т.с.с. Ұстаз әр  пәніне (сабақ) дайындалу барысында (сабаққа дейін, сабақта, сабақтан кейін) іс-әрекетін жоспарлайды және рефлексия жазады. Сәтті өткен сабақ немесе сәтсіз өткен сабақ. Мыс: сабаққа дейін өткен тақырып бойынша не сәтті өтті ? не сәтсіз өтті?, сабақ барысында сол жіберілген кемшілікпен жұмыс жасау барысында сәтті( сәтсіз)  өту іс- әрекетін қарастыру, сабақтан кейін тағы қайталанса себебін қарастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді  кіріктіру. Бұл жерде іс-әрекеттерді жеті модульдің жас ерекшелігіне байланысты    және басқа да модульдерге сай қарастыру. Сабақта қолданатын  тәсілдер тізімі  (Н.Сандерстің зерттеу  кестесін) ұсынып отырмын.

(Н.Сандерстің кестесі)

k20151

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Элмира

    Өте керемет тәсілдер

  2. Закиржан

    Сабақта қолданатын тәсілдер

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ