Сырдың саңлақ күйшісі

Исламбек Ысқақов — өнер ғылымында өзіндік орны бар, отыз шақты күйдің авторы. Бүгіндері «Ұлытау тобы» арқылы «Күрішшілер биі» деп аталатын күй бүкіл әлемге таралып, Қазақстанның атын шығарып жүр.

Күй өнері тарихында үлкен орын алған, Сыр өңірінің дара перзенттерінің бірі – Исламбек күйші жайлы білу ұрпақ парызы.

Сыр өңірінің күйшілік өнері – бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың қазынасы, баға жетпес асыл мұрасы. Туған жердің қадір-қасиетін жан-жүрегімен түсініп, салты мен дәстүрін, өнерін саралап білу парыз. Кешегі өткен аға буынның қалай, не үшін өмір сүргені, өнер жолындағы күйшілік дәстүрді дамытуы көпшілік назарында. Тарлан талант иелерінің тілге тиек болар толып жатқан қырлары мен сырлары болатындығы баршаға мәлім. Марқұм Исламбек те солардың бірі еді. Әрине оның есімін елге танытып артында өнер саласында өшпес із қалдырған қасиетті қыры – күйшілік сазгерлігі. Бұл жайлы телерадио мен баспасөз беттерінде білікті мамандар құнды –құнды зерттеу дүниелерін жариялап, бүгінде тіпті ғылыми еңбектерде қорғалып та жатыр.

Сыр елі. Бұл өлке термелетіп жыр айтып, әуелетіп ән салған, күмбірлетіп күй төккен талантты өнер иелеріне кенде болмаған. Халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан қасиетті өнерін өрістете түсуге сүбелі үлес қосып, кезінде өзінің тамаша туындыларымен, жақсы орындаушылық шеберлігімен жұртшылық- ты тәнті еткен дарындардың бірі, дәулескер күйші – Исламбек Ысқақов болатын. Исламбектің күйлері өзінің саздылығымен, бай мазмұнымен, ерекше ырғақ қағыстарымен тек қана біздің облысымыз емес, сонымен қатар республикамыз- дың өнер сүйер қауымының, белгілі музыка мамандарының көңілінен шығып, назар аудартты.

Исламбек күйші жайлы.Ұзақ жылдар бойы ауыл мектебінде еңбек етіп, бала тәрбиесімен айналысқан күйші ел аузында тараған аңыз-әңгімелерді жинап, жазумен де шұғылданған. Сондай-ақ ол ұстазы Досжан мен өз күйлерінің шығу тарихын, мазмұнын жазып отырған. Солардың арасында сазгердің ата-бабасынан мирас болып қалған «Қырық қыздың күйі» туралы аңыз да бар. Осы ғылыми жобаны дайындау барысында күйшінің сол жазбалары мен күнделігі пайдаланылды. «Күйлердің қысқаша тарихы» атты күнделік дәптерінің бірінші бетінде «Өзім шығарған күйлер жайлы» деген тақырыпта «Күй» — деген сөзге кімнің қалай түсініп, қалай тыңдап, қабылдауына мен бұл арада талдау жасап, түбегейлі ой айтқым келіп отырған жоқ, оны әркімнің ізденуі, музыкалық сауаттылығы біледі.

Ал менің өзімнің домбыраға тартылатын күй туралы сауатымды ашушы әкеммен бірге туысқан адам Абдраманның баласы Рәміш деген немере ағайым болатын. Әлі есімде алты жасар кезімде ол кісі алдына алып отырып: «Осы қарадан қара да тұр, бір нәрсе шығады»— дейтін. Кейінірек сұрастырсам, бұл ағайымыз Алматыда филармонияда жұмыс істеген, білімді, мәдениетті адам екен. Кейінірек мен оқитын орта мектепте директор, аудандық оқу бөлімінің меңгерушілік қызметтерін атқарды. Домбыраны сабаламай, қумай, баппен, қоңыр дауысты етіп былқыта тартатынын білдім. Марқұм әкем Тілеуқабыл баласы Ысқақ та, туған ағам Құрманғали да домбыра тартатын. Бірақ күй тартпайтын, ескі ән мативтерін, әсіресе, әкем шертіп, домбыраның ең-ең жай бұрауына салып тартатын

1970 жылдың шуақты көктемінде Досжан мен Исламбек күйлері алғаш күйтабаққа жазылып, мыңдаған тиражбен республика жұртшылығына тарады.

   
Пікірлер10
  1. Аяжан

    өте жақсы жазылған екен

  2. Меруерт

    Өте тамаша

  3. Меруерт

    Тарихи әңгімелер ұнайды

  4. Нұргүл

    Мен тарих пәнін өте қатты жақсы көремін әдебиет пәнінде Әдеби жағынанда тарихи жағынанда керемет жазылған екен Осындай қазақ халқын әлемге әйгілі етіп жатқан күйлеріміз, әндеріміз аман болсын

  5. наргиз

    тарихи тұрғыдан жақсы жазылған мақала

  6. Закиржан

    Керемет тарихи мақала екен.

  7. Кулаш Ергазиева

    тарих өте керемет ко

  8. Дана

    Керемет өте жақсы

  9. Aknur

    өзім Сыр елінің қызымын. әрине Сыр елінен осындай өнерлі адамдардың шығып жатқанына мақтан етемін.

  10. Аманкелді

    қысқа-нұсқа көңілге қонымды жақсы бір мақала болды.өзіме қатты ұнады.керемет дүние.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ