Курстан өту кезеңіндегі танысқан жеті модульді тәжірибе жүргізу кезеңінде жүзеге асырып қолданып көрдім.Сабақ өткізу кезіңінде осы жеті модуль бір — бірімен байланыса жүзеге асып жатты.
Солжеті модульдің ішіндегі «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» туралы модуль маған әлдеқайда тиімдіжәне жаныма жақын болды.
Мақсатым: Тарих сабақтарында оқушылардың тақырыптар бойынша өз ойларын еркін білдірулеріне, өз идеяларын дәлелдеуге үйрету. Және сындарлы сөйлеуге, әңгімелесу, ой елегінен өткізу арқылы ойын жинақтауға және іс-әрекетке түсу арқылы қиындықтарды жеңуге дағдыландыру.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын атап көрсеткан болатын.Мысалы, «Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардыңоқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған».
Диалогтік оқытуды кез — келген ұстаз өз сабағында осы уақытқа дейін қолданып жүргені сөзсіз. Бірақ, соны өз дәрежесінде қолданып, диалогтік оқытудың әдіс — тәсілдерін тиімді қолданып жүрміз бе? Курстан кейінгі зерттеу тәжірибесін жүргізгенде осы жоғарыда айтылғандардың маңыздылығы жаңа бір қырынан ашыла түскендей.
Мен өз іc-тәжірибемде сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын білдім. Неге десеіңіз, диалог- сабақта оқушылардың қызығушылығымен қатар ортаға бейімдейді, білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Ортамен араласуға, өзара қарым- қатынас жасауға, ойлануға, ойын ашық айтуға жетелейді. Оның бір дәлелі әріптестердің де сөзінен байқауға болады.
Мен, өзім сабақ беретін тоғызыншы сыныбыма тарих сабағынан зерттеу жүргізу кезінде жаңа тақырып «Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу және оның барысын» өткенде өзім оқыған жаңа тәсілді қолдандым.Мысалы, «Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті» деп жазады. (нұсқаулық 38 бет)
Сондықтан мен сабағымда оқушылардың қызығушылығын арттыруда интерактивті тақтадағы өзім дайындап келген өнеркәсіптің суреттерін көрсету арқылы сұрақтар қоюдан бастадым. Мысалы, «Балалар мын жерде қандай суреттер көріп тұрсыңдар?» дегендей. Осы жерде екі оқушым яғни біреуі өзімнің бақылауымдағы жоғары деңгейдегі.
Аяулым ойланбастан ол суретте не туралы көрсетілгенін айтып берді. Мен ары қарай тақырыпты аша түсуде тағыда сұрақтар қойдым. Бұнда сұрақ қоюдың үш түрін қолдандым, мысалы, «балалар сонда бүгінгі біздің сабағымыз қалай аталады?»-деп едім. Төменгі деңгейдегі Мөлдір деген оқушым қолын көтеріп, «Өнеркәсіптің дамуы»- деп айтып мені бір таңғалдыртты. Мен бірақта Мөлдірден мұндай жауапты күтпеген едім.
Бірақта мен таңғалғанымды білдіртпей сұрағымды ары қарай қоюды жалғастыра бердім. Мен бұл жерде сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттауда «Мөлдір дұрыс айтады жақсы, ары қарай кім қосам дейді қане?» деген сияқты сұрақтарды қойдым.Сонымен оқушыларым өздері тақырыпты дәл таппаса да шамалап, болжамдап таба білді.
Мен оқушыларға сұрақтар қою арқылы шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтай алдым.Осы сабағымда яғни қортынды бөлімінде оқушыларға ментальды карта жасауға топтық тапсырма бердім. Мен бұл жерде айтайын дегенім әр топ өздерінің жобаларын қорғап болғанда оларға басқа шағын топтардың сынақтан өткізу сұрақтар қойғаны.
Мысалы келтіре кететін болсам, бірінші топ яғни «күміс» тобы, жобасын қорғап тұрған «көмір» тобына мынандай сұрақ қойды: «Қазақстанда индустрияландыру кезінде урбандалу үдерісінің күшейуі туралы айта кетсеңіздер? және сіздер қандай мысал келтіре аласыздар?» деген сұрақ қойды.
Қойған сұраққа «көмір» тобының көшбасшысы жоғары деңгейдегі Аяулым деген оқушым толық жақсы, өз ойын мысал келтіре отырып түсінікті,мағаналы етіп жауап берді. Негізі диалог кез-келген сабаққа кіргеннен шыққанға дейін жүріп тұратын процесс, сонымен қатар күнделікті өмірде пайдаланатын мықты қару .
Сабақтарда диалогті міндетті түрде сөйлесу арқылы ғана емес , басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Мысалы,«Қазақстандағы ауылшаруашылығын ұжымдастыру» тақырыбы бойынша өткен сабағыма тоқтала кететін болсам. Мен, біріншіден үй тапсырмасы
«Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы» тақырыбы бойынша интерактивті тақтаны пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында оларға «Балалр, сіздерде тақтада әріптердің орнын орналастыра отырып сөздерді дұрыс құрастырыңдар»деген тапсырма берілген.
«Сіздер сол әріпті дұрыс құрастырғанда сөздер шығады және сол сөздердің мағанасына тоқталып, мысал келтіре кетесіздер?» дедім.Мысалы, БРАКИАФ – Фабрика, ГТЕЛЯМУЛРИАЛ-Металлургия,ДАВАОЗ-Завод т.б. Осы жерде оқушыларымның әріптерді құрастыра отырып сөздерді қызығушылықпен шешіп мағынасын айтып, мысалдарын келтіріп сабаққа белсене араласып кеткенін байқап жүрдім.
Мен бұл жерде бір жағынан оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай отырып сабаққа деген белсенділігін байқадым.Осындайәдістерді қолдансам оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлесулер, сабаққа деген белсенділіктері, өз ойын еркін айтуы, бір-бірінен үйренуі, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал ететінін түсіндім.
Бұл сабақта мен бағыт беруші, оқушылардың білім деңгейін анықтаушы болдым. Осы сабақтан өзіме алғаным оқушылармен білім алуда өзара қарым – қатынас орната отырып , барлық қиындықтарды жеңуге болатынын білдім. Ал жаңа сабақ бойынша мен оқушыларғасұрақтар қоюдан бастадым.
- Аулшаруашылығына қандай шаруашылықтарды жатқызуға болоды?
- Ұжымдастыру дегенді қалай түсінеміз? деп оқушыларға ой қозғау салып жауаптар алынды. Бұнда «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойыншы қойылған сұрақ.
«Мерсер, (1995) Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді.»(Нұсқаулық,41 бет.)
Біз осы барғанда алдымызда отырған шәкірттің қызығушылығын, белсенділігін біршамаға арттырдық десем артық болмас. Әрине, ойын бөлісіп, пікір алысуға мүмкіндік берілмесе оқушы бар білімін тереңдетіп қалайша есінде жақсы сақтайды. Жаттанды болған, қарапайым оқулықтағы даталарды, терминдерді өзін оқушы есінде ұзақ сақтай алмай тез ұмытып қалады.
Диалогтік оқыту барысында осы даталарды, терминдерді, болған оқиғаларды бірлесіп талдағаны, сол бойынша топтасып, жұптасып жұмысын орындағанын, өзара дәлелдеу жұмысы жүргенін есіне сақтап қана қоймай, іс — әрекет үстінде жүзеге асыра біледі деп ойлаймын. Сабағымда яғни
«Қазақстандағы ауылшаруашылығын ұжымдастыру» тақырыбы бойынша мағынаны тану кезеңінде мен ЖИГСО1 әдісін қолдана отырып төрт топқа төрт сұрақ жазылған таратпа карточка бердім. Бұнда әр топтың көшбасшылары сол сұрақ бойынша өздерініңшағын топтағы мүшелеріне «Мына сұрақтар бойынша төртеуімізде жауап береміз, сол себептен бәрімізде оқып дайындалып отырайық» деп топ басшылары бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады. Менің бұл жерде айтайын дегенім оқушы менің көмегімсіз яғни ықпалымсыз өзінің топтағы мүшелеріне қалай оқу керектігін үйретуі мені таңғалдыртты.
Тағы бір үшінші сабағымда, яғни «1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір» тақырыбында мен жаңа тақырыпты бастамас бұрын, үй тапсырмасы бойынша бір оқушыны тақтаға шығартып, өздеріне тақтаға шығып тұрған оқушыға сұрақтар қойдырттым. Мен өзім оқушыларымды және зерттеуге алған үш оқушымды сұрақтарға қалай жауап береді екен және оқушыларым нақты қандай сұрақтар қояды екен деп бақылап жүрдім.
Осы жерде оқушыларым сұрақ-жауап кезінде өздерінің білім деңгейлерінің қандай мөлшерде екенін біле алды. Бірақта орта дегейдегі Бәтима деген оқушыма балалар сұрақтар қойғанда Бәтима мүдірмей жоғары деңгейде жауап беруі мені қуантты. Осы жерде менің өзіме түйгенім бұл оқушымның біраз болсада алға жылжушылық бар екеніне көзім жетті.
«Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.
Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан табысты болмақ» деп көрсетілген . Осы, «1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір»тақырыбынан тағы бір мысал келтіретін болсам, мен бұл сабақта ББҮ стартегиясын пайдаланып, оқушыларға жұптық тапсырма бердім.
Бұнда «Білгім келеді» бағамын толтырғанда оқушыларым жұптаса отырып, осы тақырып бойынша не білгілері келетіні туралы бір-бірлеріне сұрақтар қойып ойларын толықтырып тақырып бойынша білгілері келетіндерін көп екенін айтып талқылады.
Мен бұл жерде айтайын дегенім, сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда әкелетіндігін білдім және де тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді. Сабақ кезінде оқушыларды сырттай бақылап, бағыт бере отырып олардың ойлау деңгейлерін, сөйлеу дағдыларын байқап тұрдым.
Менің ойымша , сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту оқушылардың білімге деген бәсекелестігін қалыптастырады. Әрине, оқушылардың ойы әр уақытта бір арнаға тоғыса бермейді, бірақ топтарындағы сыйластықты сақтай отырып төзімділікпен тыңдауға, бір-бірінің идеясын құрметтеуге баулыдым.
Сонымен қатар оқушылар «өзін-өзі реттей» отырып өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен және өздерінің оқуына саналы түрде қарайтындығы байқалды.
Мен, осы тізбектелген сабақтар топтамасындағы төртінші сабағымнан мысал келтіре кететін болсам, «Қазақстан Кеңес Социалистік Республикасының құрылуы» тақырыбында оқушыларға жаңа сабақты өткен сабақтармен байланыстыра отырып сұрақтар қоюдан бастадым.Мен осы жерде «Түрткі болу» сұрағын пайдаландым.
Мысалы, біріншіденоқушылардан жауап алу үшін: «балалар, Қазақстанда Қазақ АКСР – ы қай жылы құрылып еді?» деген сұрақтан бастадым. Осы жерде орта деңгейдегі оқушым Бәтима қолын көтеріп жауап берді. Тағы екінші сұрақ «Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде Қазақстанда қандай кәсіпорындар салынып еді?» деп қойғанымда оған Толғанай жауап берді.
Бірақта Толғанай шаталасып қалды. Мен, осы жерде Толғанайға өз жауабын түзетуге көмектесу үшін сұрақты қарапайым етіп қойдым. Мысалы, «Сол кездегі жұмысшы Тимофеев «Құрылысшылар зор кедергілерден өтіп отырды. Болат жол ұшы-қиыры жоқ дала, тау жоталары, өзендері мен терең сайлар арқылы салынды.
Жазда-ыстық, аптап, қыста-үскірік аяз, қарлы боран титықтатты.Бірақ кеңес адамын ешқандай қиындық тоқтата алмады» деп еске алған болатын. Сонда Тимофеев қай құрылыс туралы айтып еді?» деп едім Басқа оқушыларым осы кезде «Мұғалім мен айтайыншы, деп шулай жөнелді». Бірақта
Толғанай есіне түсіріп, менің сұрағыма өзі,«Түркістан-Сібір темір жол магистралы салынды және де Қазақстанда Қарағанда шахталары, Шымкент қорғасын зауыты т.б.» деп дұрыс жауап беріп және картадан көрсетіп берді. Үшінші сұрақ «1930 жылдарда елдің барлық жерінде қандай қатынастар орнап еді?» деп сұрақ қойдым.
Осы сұрағыма жоғары деңгейдегі Аяулым деген оқушым «1930 жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады…» деп мүдірместен дұрыс жауап берді. Мен осы жерде оған сынақтан өткізу сұрағы бойынша «Аяулым осыған сіз мысал келтіре аласыз ба?» деп едім, Аяулым мысал келтіріп өз ойын еркін жеткізіп берді.
Сабақ кезінде оқушыларды сырттай бақылап, бағыт бере отырып олардың ойлау деңгейлерін, сөйлеу дағдыларын байқап тұрдым. Менің ойымша,сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту оқушылардың білімге деген бәсекелестігін қалыптастырады. Әрине, оқушылардың ойы әр уақытта бір арнаға тоғыса бермейді, бірақ топтар арасындағы сыйластықты сақтай отырып төзімділікпен тыңдау керектігін және бір-бірінің идеясын құрметтеуге баулыдым.
«Оқытуда диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
- Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
- Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
- Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
- Оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
- Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;
- Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
- Әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
- Оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды» (Нұсқаулық, 42бет) деп нұсқаулықта көрсетілгендей яғни,осы диалогтік оқыту оқушыны шығармашылыққа жетелейді. Әрине, жақсы нәтижеге жету үшін ұзақ уақыт еңбек пен шыдамдылық керек. Жеңілден ауырға біртіндеп дағдыланбаса бірден керемет болып кетеді деу біздің тарапымыздан астамшылық және жалғандық болар еді.
Шәкірт санасында сыни ойлай отырып өзінше жаңалық аша білуге (тақырыпты ашып түсіну кезеңінде т.б) дағдыланған жағдайда жеңілжүзеге асады деген ойдамын. Себебі, Нені? Қалай? Қандай мақсатта?, қандай бағытта іздену керектігін қиналмай атқарып, жұмыс жасар еді.
Осы зерттеу тәжірибесінен түсінгенім диалогтік оқыту баланың білім алуына тигізер септігі зор екенін үйрендім. Аз да болса нәтижеге жеттім деп ойлаймын . Келешекте өтетін сабақтарымда диалогтік әдістің түрлерін жиі қолдануды мақсат етіп отырмын. Жалпы болашақта сабақтарымда әртүрлі әдіс-тәсілдерді, 7 модульді пайдаланып жүргізсем,соның жемісін көретініме сенімдімін.
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есепте автор сабақ өткізу кезіңінде жеті модуль бір — бірімен байланыса жүзеге асатынына тоқталған. Әсіресе, «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» туралы модульдің әлдеқайда тиімді болғанын айтады. Тәжірибесімен дұрыс бөліскен.
модульді пайдаланып жүргізсем,соның жемісін көретініме сенімдімін.
Жинақталған тәжірибеңіз бойынша өзіңізі-өзіңіз бағалай отырып, оқыту мен оқу тәжірибеңізді одан әрі дамыту шаралары бар есебіңізді жариялап,көптеген әріптестеріңізге үлгі ұсындыңыз.Рефлексия жасау алдағы атқарылатын жұмыстарыңызға көп септігін тигізеді.Өткенді еске түсіріп,саралай отырып,болашаққа бағдар жасау көп қажырлылықты қажет етеді.Сол жолда талмаңыз,шаршамаңыз.