1920 жылдар
Өзінің сан ғасырлық қайғы-қасіретке толы тарихында қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаларды басынан өткерді. Дүние жүзі қазақтары құрылтайының салтанатты мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «бүгінгі бостандық, бүгінгі тәуелсіздік өзінен — өзі келіп басымызға қона қойған жоқ, азаттық үшін миллиондаған адамның қаны шашылып, жаны қиылды, жазықсыз жапа шекті. Сол үшін ата-бабамыз күресіп, өзінің елдігін сақтап қалды»деген еді.
Кеңес заманында бүкіл кеңес өкіметі сияқты Қазақстан да да көбіне толағай табыстар мен толассыз жетістіктердің шеруі ретінде сипатталады. Әрине, қол жеткен табыстар да аз болған жоқ. Дегенмен, Ресей империясының, одан кейінгі Кеңес Одағының жүргізген саяси-экономикалық, рухани және басқа отарлау саясатының залалы мен зардаптары одан әлде қайда асып түсті. Міне, сол отарлау саясатының салдары Семей губерниясындағы 1920-1925 жылдардағы денсаулық сақтау қызметіне байланысты тарихи құбылыстардан анық байқалады. 1920-1922 жылдар аралығындағы денсаулық сақтау мәселесін анықтау біраз қиындық туғызды. Оның себебі, губернияға халықтың сансыз қоныстануы болса, екіншіден шалғай аймақтарға санақ кезінде ешқандай уәкілдер бармағандықтан және Сібір революциялық комитетінен ҚАССР-не Семей губерниясының кештеп енуі. Жалпы зерттеушілер 1920-1922 жылдара аралығындағы денсаулық сақтау мәселесін анықтау әлі де болса зерттеуді қажет ететін мәселе. Зерттеу нәтижесінде мәселенің негізі алғышарты деректік негізде айқындалды. Ол біріншіден, жергілікті билік (қазақ) өкілдерінің өз бетімен әрекет ете алмауы, яғни тәуелсіз әрекет ете алмауы және губерниядағы эпидемиологиялық ахуалды ғылыми тұрғыда жүйелеп, негіздеу міндеттері орындалды.
Кеңес өкіметі Қазақстанды шикізат базасы ретінде танып келгені тарихтан белгілі. Өлкедегі жағдайлар туралы өкімет басшылары хабардар бола отырып, бас қосып, жиын өткізіп, құр даурықпа конференциялар жүргізумен ғана олардың жұмыстары шектелген. Кеңес өкіметінің шығарған заңдары (декретттер), директивалары, бұйрық-жарлықтары қазақ жерінде сол кездегі үстемдік жүргізіп отырған Компартияның саясаты арқылы бірден жүзеге асып отырды. Оған қарсылық білдіріп наразылық көрсетсе, Орталық қаруланып арнайы жарақтандырылған әскери отрядтарын жіберу арқылы басып жаншыды.
Алайда, Орта Азиямен Қазақстанды қолдан шығарып алмауды көздеген Кеңес өкіметі мұндағы жергілікті халықтарға түрлі айла-шарғы қолданудан бір сәтте болса бас тартпаған.
Еділ бойы аймағында ашаршылық басталғанда өздері қырғынға ұшырап жатқан қазақтардан көмек сұрап, астығы мен балығының дәмін татқанын мұрағат деректері айғақтап отыр. Сонымен бірге сүзек, тырысқақ, іш ауруы сияқты жұқпалы аурулар да қалыптасқан жағдайларды онан әрі шиеленістіре түсті. Мәселен, губернияның денсаулық сақтау бөлімінің мәліметтерінде, бір ғана сүзек эпидемиясымен ауырған адамдар барлық халықтың 85 пайызын қамтыған. Жалпы Семей губерниясы бойынша 1922 жылы жұқпалы аурудан 4 632 адам ауырса, оның 2 883-і көз жұмған.
Зерттеу барысында губерниядағы дәрігерлік-санитарлық және эпидемиологиялық ауруға қарсы күрес мақсатында арнайы комиссиялар құрылып, әртүрлі жұмыстар атқарылған. Алайда олардың қызметі тікелей ақша қаражаты тапшылығынан тығырыққа тіреліп отырған.
Сонымен, 1920-1925 жылғы Семей губерниясындағы денсаулық сақтау бөлімінің мәселелерін ғылыми негізде саралау оның губерния халқы мен шаруашылығына тигізген залалдарының бетін ашық анықтау өлке тарихындағы олқылықтың орнын аз да болса да толтырады.
1921 жылы Семей губерниясында 1535 орынға негізделген 20 аурухана, Семей қаласында 715 орынды 5 аурухана және 23-10 000 тұрғыны бар елді мекендерде құрамында 29 дәрігері бар 107 фельдшерлік бөлімшелер жұмыс істеді. Жалпы губернияда 26 дәрігер қызмет етті, оның 13-і уездерде жұмыс істеді. Сонымен бірге Семей губерниясында 197 фельдшер, 2 тіс дәрігері, 10 фармацевт, 26 акушер, 38 медициналық – санитарлық орталықтар жұмыс жасады. Қалада 1 дәрігерге 2 280, уезде 1 дәрігерге 73 600 адамнан келді. Сондай-ақ, 4 перенатальдық орталық (роддом) жұмыс істеді. 1927 жылға қарай соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда денсаулық сақтау бөлімінің қызметі алға жылжығандығын байқауға болады. 1913 жылмен салыстырғанда, яғни 3419 орынды (89,9 пайыз) 138 аурухана (40,8 пайызға), дәрігерлік бөлімшелер – 124 (31,2 пайызға), дәрігерлер саны – 452 (оның ішінде 13 қазақ), оның 362-і қалада (204,1 пайызға) және ауылды мекендерде – 90 (16,9 пайызға) дәрігерлер қызмет көрсетті . 1927 жылы халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы тұрғысынан артты. Мамандандырылған бірнеше емдеу мекемелері (жатып емделетін және амбулаториялық) ашылды.
Мұрағат деректері халықтың басым бөлігі ауырғандығы жөнінде мәлімет береді. Әсіресе, туберкулезбен және тері – венерологиялық аурумен ауыратындардың басымдылығы байқалады.
Семей уезіндегі дәрігерлік мекемелердің материалдық – техникалық базасын болыстардағы фельдшерлік бөлімшелердің қирап бос қалғандығымен түсіндіретін деректерде бар. Оның негізгі себебі, ауыл жерлердегі қазақ дәрігерлерінің жетіспеушілігі – дейді. 1925-1926 жылдары фельдшерлік бөлімшелерге медициналық құрал-жабдықтардың босатылмаған. Өйткені, оны ауыстырудың еш қажеттілігі болмаған . Сонымен бірге, Семей уезінің ешқай болысында акушер қызмет көрсетпеген, сондықтан акушер қызметіне мұқтаж адамдар кіндік шеше жүгінген. 1920 жылдың басында өзекті болып табылған ана мен бала мәселесі 1925 жылға дейін басы ашық күйінде қалып қойды. Тек 1926 жылы Семей қаласында 9 маман қызмет көрсететін 15 орынды ана мен бала орталығы ашылды. Бірақ сол кездегі өткір мәселенің бірі ашаршылық және соның салдарынан панасыз қалған балаларды орналастырумен орындар толығып отырды. Қаңғыбас балаларды орналастырып, оларды тамақтандыруда ол таптырмас орын болып есептелінді. Балаларға көмек ретінде мектептерде қосымша тамақтануға және ыстық тамаққа арнайы кәртешкелер берілді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ:
- Назарбаев Н.Ә. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысындағы баяндама сөзінен // Егемен Қазақстан; жарияланған 14.02. 2007. – 3 б.
- А.Нұрғалиева История становления и развития здравоохранения на территории Восточного Казахстана. автореф. … к.и.н. – Алматы. 2010. – 30с.
- З.Мұқатаева Семей қаласының әлеуметтік–экономикалық мәдени дамуы (1917-1940жж). тар.ғыл. канд. … . автореф. – Алматы, 2001. – 30б.
- Т.Елеуов Қазақ ауылында Совет өкіметінің орнауы мен нығаюы – Алматы: Қазақстан, 1967. -232б,
- С.Х. Суханбердин Лекарственная помощь и истори развития аптечного дело в Казахстане. (Омский медицинский институт), 1970. №19. 64-68 стр.
- А.Р. Чокина Очерки развития санитарно-эпидемиологической службы в Казахстане. – Алма-Ата: Казахстан. 1975.
- Т.Шарманов Развитие здравоохранения в Казахстане. – Алма-Ата. 1980, 198с.
- А.Бисенова Материнство и детсво. – А: Казахстан. 1965
- Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиев Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – А., 2004. 182 с.
- С.Х. Душманов История здравоохранения Западного Казахстана
Жаныма ерекше ыстық қала!
Оқып, жаныма бір жылу кірді!