Патриоттық тәрбие тарих пәнінде

 «Біздің туымыз-тәуелсіздік,тілегіміз-бейбітшілік,тыныштық.

 Күш қолдану мен жанжал атаулыны болдырмауға бар ерлік-жігерімізді аямаймыз.»                                                                                                  Н.Ә.Назарбаев

Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды. Осылардың бәрі оқушылардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, өз елін, отанын сүйетін, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады. Бүгінгі таңдағы Қазақстанда ұлттық патриоттық сезімді ұлтаралық береке-бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор.Осыған байланысты оқушыларды сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс уақытта да сайыстар, кештер өткізе отырып Отансүйгіштікке, елін-жерін қорғауға тәрбиелеу қажет.Біз осы мақсатта тарих және география онкүндігінде көптеген сайыстар, интеллектуалдық ойындар өткіздік.Тәуелсіздік күніне байланысты «Мен сізге ғашықпын, Қайрат аға!!!» атты 8-10 сыныптар арасында өткен сайысқа оқушылар белсене қатысып, эсселерін екі тілде қорғады. Ұстаздардың басты мақсаты: Қ.Рысқұлбеков рухына тағзым ету болатын. Ағылшын тілінде де эсселерін қорғау оқушыларға қызықты болды. Соның ішінде 8«Ә»-сынып оқушысы Манасбаева Аяулым,9«А»-сынып оқушысы Қапарова Арайлым, 9«Б»-сынып оқушысы Какен Бекарыстың жазған эсселері оқушыларға қатты ұнады.8«Ә»-сынып оқушысы Манасбаева Аяулымның:

«Сіз Сұңқар самғай ұшқан қиядағы,

Қайрат аға ұмытпаймыз атыңызды ұядағы.

Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,

Дүниенің жалғыз үміт тиянағы,

Кең жүрек әдептіден жан аспайды.

Ақ ниет, кемел көңіл адаспайды.

Сіздің есіміңіз ерекше,

Жүректің орын алар төрінен!!!» деп шығарған өлеңімен басталған эссесінде 21 жасар жігіттің қамшының сабындай қысқа ғұмыры туралы өз ойын өте  мағыналы  аша білді.Какен Бекарыс «9»-сынып. Мен Қайраттың ерлігіне ғашықпын. Сергелдеңді сексен алтының сол бір ызғарлы да әзірейілді желтоқсандағы күллі қазақты қамшылап әрі қансыратып кеткен құйынның жазықсыз құрбаны болған  Қайрат  сіз жігерлі, намысшыл батыр, патриот қайсар рухты қазақ батырысыз.

Қайрат ағамыздың өзі өлсе де, жүрегі, бейнесі кітаптары, ерлігі қазақ халқының көз алдынан мәңгі өшпейтін алтын мұра болып қалады. Халқым деп патриот жолында құрбан болған батыр аға-апайларымыздың жаны жәнәттә болсын деп тілейміз.Әрқашанда аға-апайларымыздың ерлігіне, батырлығына, қайсарлығына басымызды иіп өтеміз деп өз ойын аяқтаса 9«А»-сынып оқушысы Қапарова Арайлым:Иә,мен сізге ғашықпын, Қайрат аға! Сіздің ерлігіңізге, сіздің жырларыңызға ғашықпын. Ұлт болашағы үшін жанын пида еткен кез-келген батырдың ерлігі ғашық болуға тұрарлық. Қазіргі Қазақстанның жағдайы, еліміздің бүгінгі тәуелсіздігі, әрине, сіз қатысқан желтоқсан оқиғасымен тікелей байланысты. Сол желтоқсан оқиғасы негізінде тәуелсіздігімізді алдық. Сіз Қазақ елінің болашағы үшін алаңға шығып, билікке қарсы шығуыңыз, сол жолда құрбан болуыңыз да, соңыңыздан ерген іні-қарындастарыңызды ерлігіңізге ғашық етуге себеп болды. Ал жүрегіңізді жарып шыққан жасын жырларыңыз талай жастың жүрегіне ой салғаны да белгілі. Сонымен қатар осы апталық кезінде тарих пәнінің мұғалімдері кітапханашылар мен бірлесе отырып «Тәуелсіздік шежіресі» атты кітаптар көрмесі өтті.

Бүгіннің таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен

Рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу-бүгінгі күннің міндеті.

Білімнің іргетасының беріктігі-болашақтың мықты болуына негіз. Қасиетті Отанның қадірін ұғындыру үшін «борыш»,«ар-намыс»,«ождан» сөздерінің мәнін меңгертіп, ұлт, халық, ел, атамекен сияқты киелі түсініктермен байланыстыра отырып, өз тұлғасын қалыптастырган оқушы өзіне қажетін таңдай білуі үшін сілтер бағытымыз, көрсетер жолымыз түзу болсын ағайын!

Қ.Рысқұлбеков атындағы № 33 мектеп

Тарих пәнінің мұғалімі Омирбаева М.Д.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Айжан

    окушыны патриоттык сезимге ояту. шет елде отаным деп коргап туымызды котеру е=керек

  2. Маржан

    Дәл осындай патриоттық мақалаларымыз көп болса бұданда жақсы болар еді,көп-көп рахмеет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ