Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл
(сабақ барысында қамтылатын тақырыптар)
- Ресей патшасының құрамындағы Қазақстан
- КСРО құрамындағы Қазақстан
3.Тәуелсіз Қазақстан
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ хандығының құрылу тарихын және КСРО құрамындағы Қазақстанды , тәуелсіз Қазақстан тарихын оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді кіріктіру арқылы оқыту.
Оқыту нәтижесі: топтық жұмыс үлгілерін енгізу арқылы сыни ойлата білу, диалогтік қарым-қатынас арқылы жұмыс жасауға бағыттау
Негізгі идеялар: жас ерекшелігіне сәйкес мәтіндермен жұмыс жасату, қалыпты жұмыс жасауға мүмкіндік беру.
Тапсырмалар: тақырыпқа сәйкес суреттер
Сабақтың түрі: (саяхат сабақ, оқыта үйрету ойыны)
Тапсырманы орындау барысындағы әдіс – тәсілдер:
топқа бөлу, Жигсо, жағымды атмосфера орнату (сергіту сәті: тілек айту)
Қажетті құралдар: А -4, маркер , қаламдар, стикерлер, ұялы телефон
Сабақтың барысы:
(саяхат сабағы болған соң, тапсырма алдын ала беріліп, оқушылар өз деңгейіне сәйкес дайындалады және саяхатты жүргізуші оқушы болуы керек)
- топтасу ( тақырып бойынша бөліну, (эмблема) төс белгілері болуы керек) Қазақ хандығының елі, Ресей патшасы, Кеңестендірілген қазақ елі , тәуелсіз Қазақстан елі
Мұғалімнің сөзі: (қысқаша мәлімет беру)
( Қазақ хандығы , КСРО, тәуелсіз Қазақстан) (оқушылардың киім үлгісі де соған сәйкес болуы шарт (саяхат сабағы) әр жанұяның үстелі, атына сәйкес суретпен көркемделген . Мыс: Қазақ хандығының Ордасы киіз үй, Ресей патшасының туы, КСРО –ның белгілері ( жалау т.б), Тәуелсіз Қазақстан елтаңбалары
1-топ: Хандық мемлекет
2- топ: Отаршыл Ресей патшасы
3-топ: Кеңестік мемлекет
4-топ: Тәуелсіз қазақ мемлекеті
2.тілек айту (тақырыпқа сәйкес)
Мыс:
1) Қазақ хандығының 550 жылдығы құтты болсын және осындай тарихи тойлар көп болсын
2) Ресей құрамында болмаймыз,өз тәуелсіздігіміз үшін күресеміз
3) қажымас қайратты еңбекқор, Кеңес құрамындағы қазақ елінің ерліктері, жеңісті жақындатқан, жеңістің 70 жылдығына үлес қосқан қазақ елінің тыл еңбекерлерінің, майдан жауынгерлерінің ерлігі мәңгі өлмесін!
4) тәуелсіз қазақ елім дамыған отыз елдің қатарынан көрінсін және жақсы оқумен бізде үлес қосайық т.б.
3.Өз тақырыптарына сәйкес рөлдік қойылым (қысқа да нұсқа және тақырыпқа сәйкес оқушылар киінеді )
Мыс:
1) қазақ хандығы туралы (тарихи тұлғалар)
Саяхатты жүргізушы: тарих сахынасына Керей мен Жәнібек хан шығады. Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары хан Жәнібек пен Керей
— Уа халқым! қазақ халқын біріктіріп,бір тұтас мемлекет болдық. Алдымызда үлкен міндет тұр.Ол елім деп еңіреген ерлердің ісі. Жан-жағымыз да дұшпандарымыз әр қадамымызды аңдып, жас мемлекетіміздің іргесін шайқалтуға дайын тұр. Біз туралы тарихи деректерді ғұлама ғалым тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати жазып кеткен. Өз тарихын білмеген, Өз Отанын сүймеген. Халқыңның тарихын білмек болсаң оқыңдар. Биыл қазақ хандығына, мемлекетімізге V ғасыр және 550 жылға толды.
2) тәуелсіздік жолындағы қазақ батырлары ( жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батыр, Ресей отаршылдығына қарсы күрескен батырлар, кеңес құрамындағы тәуелсіздік жолында күрескен қазақ батырлары)
Саяхат жүргізуші: XVI ғасырдың 1635 жылдары Батыр хонтайшы билікке келді. Жоңғар мемлекетінің күш қуаты артты. Есім хан,Тәуке хан , Жәңгір хан ,Абылай хандардың тұсында қазақ халқы үшін өте ауыр жылдар болды. Орбұлақ шайқасы, Бұланты шайқасы. Жәңгір ханның азғантай 600 әскері жаудың 50 мың әскеріне тайсалмай елі мен жері үшін тайсалмай қарсы тұрды.
Шапырашты Қарасай батыр , арғын Арғынтай батыр,Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр т.б. батырлар жоңғарлармен Отан үшін жаумен шайқасты.
- Елім мен жерім үшін, жаным менің, арымның садағасы.
3) Сталиндік озбырлық, Ұлы Отан соғысының батырлары, желтоқсан қаһармандары
А) Саяхатты жүргізуші: Репрессия ,саяси қуғын-сүргін.Қазақ ұлтының зиялы қауым өкілдері: Ахмет Байтұрсынов,Тұрар Рысқұлов, Міржақып, Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмағанбетов т.б. ұлт зиялыларын атып өлтірді.
Ахмет Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі қиындыққа айналды
С.Сәдуақасов: « Қазақстан отар болып келді, және солай болып қалды.»
Ә) Саяхатты жүргізуші: Отан соғысы.Фашистік Германия 1941 ж.22 маусымда Отанымызға таңғы сағат 4- те опсыздықпен басып кірді. Қазақстандықтардан 500 ге жуық жауынгер батыр атанды. Отанын қорғады.
М.Мәмбетова: Менің әкем де бауырым да жоқ. Мені соғысқа алыңызшы
Ә.Молдағалиева: Менің мерген болғаным, Отанымды қорғағаным.
Б) Саяхатты жүргізуші: Тоқырау жылдары 1980-1990 ж. аралығы Қазақстан халқы үшін ғана емес бүкіл Кеңес үкіметі үшін де ауыр жылдар еді.1 996 ж. 16 желтоқсаны. Г.Колбиннің мемлекет билігіне келу себебі ғана емес , бұрыннан жинақталған ашу-ыза қазақ халқының көтерілісіне себеп болды. Арнайы орталықтан шақырылған «Бұрқасын-86» құпия жедел жоспары бойынша көтеріліске қатысушыларды аямай жазалады. Өрімдей қазақ жастары із-түзсіз мына өмірден баз кешті. Елі үшін, жері үшін, бақытты заман үшін!
Қайрат Рысқұлбеков:
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын.
Ортам надан болған соң,
Қайда барып оңайын?
Қасқалдақтай қаным бар,
жиырма бірде жасым бар
Атам десең атыңдар
Ләззат Асанова:
Небәрі мен он алты жастамын
Өмірді сүюді жаңадан ғана бастадым,
Тәуелсіздік үшін жанымды беруге бармын
Өлемін деп, жүрегім менің қорқпады.
Ертеңгі өмірге, Мен сеніммен қарадым.
4) бүгінгі Қазақстан ( Н.Ә. Назарбаевтің «Болашаққа жол» ,«Нұрлы жол» т.б )
В) Саяхатты жүргізуші: Тарихи саханадан қазағымның ерлігі , өрлігі мәңгі жасайды. Келешек ұрпақ тәуелсіздік үшін, жеке мемлекеттігімізді сақтау үшін, күрескен тарихи тұлғаларды ардақтап, оқиды, біледі, есте сақтайды, болашақ ұрпаққа аманат қылып береді. Міне, әз Жәнібек хан мен Керейдің өзінің ұлты үшін құрып берген қазақ хандығы қалпына келді. Құдайға шүкір 1991 ж. 16 желтоқсан тәуелсіздікті алған күніміз. Тұңғыш президентіміз, Елбасымыз НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев.
— Әбішұлы Назарбаев: Қазақстаным үшін ,халқым мен жерім үшін , мәңгі ел болып ,дамуы үшін бар өмірімді жұмсаймын. Қазақстан дамыған отыз елдің алды болу үшін, бірнеше бағдарлама қабылдап, іске асырып жатырмын. Болашақ жастар білімді болу керек. Қазақ халқы үшін адал, еңбекқор болса, бейбіт заман орнайды, соғыс болмайды.Қазақтың тарихын терең білу үшін білімді тарихшыларды шет елдерге жібердім.Қазақ ұлтының тарихы жоқ деп, көксегендердер де бар. Біздің тарихымыз мәңі ел болып жасайды. Ежелгі Қазақстанды мекендеген ата-бабаларымыз жайында қытайдың тарихи деректерінде айтылған: «Сақтар ержүрек,батыл жерін жатқа бермеген, басқа елге тимеген» деп. Біздің қазақ халқы да бейбітшілікті сүйеді,Отан үшін- отқа түсіп, күйеді.
- Тапсырмалар: тақырыпқа сәйкес сұрақтар (саяхат жүргізуші үлестіреді)
1-топқа:
А) Керей мен Жәнібектің Жетісу жеріне көшу себебіжәне қазақ хандығының шаңырақ көтеруі
Ә) Алғашқы қазақ хандығының алып жатқан аумағы және этникалық құрамы
Б) Қазақ хандығының құрылу тарихын жазып кеткен орта ғасырлақ тарихшы
2- топқа:
А) Қазақ хандығының Ресей империясына қосылу себебі
Ә) Ресей империясының көздеген мақсаты
Б) Отаршылдыққа қарсы болған тарихи тұлғалар
3- топқа:
А) Кеңес үкіметінің мақсаты
Ә) Кеңес үкметінің құрылуы және Қырғыз (қазақ) АКСР –нің құрылуы
Б) Кеңес құрамындағы Қазақстан мемлекетін билеген тұлғалар (жағымды, жағымсыз)
4- топқа:
А) Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы
Ә) Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі жеткен жетістіктеріміз
Б) Экспо-2017 ,«Қазақстан-2030» , «Қазақстан-2050» стратегияларының
- Әр жанұя тобы тақырыбына сәйкес жұмыс жүргізіп, қорғайды (постер)
- «Екі жұлдыз, бір тілек»
(саяхат сабағына қатысып отырған оқушылар (қонақтар) әр тақырыптан мағлұмат алады, өз тілектерін стикерге жазады және жазғандарын бәйтерекке іледі )
Бәйтерек ағашы: ( Шыңғысхан ұрпағынан тараған, хандық құрған қазақ ұрпақтары жазылған плакат)
Саяхатты жүргізуші : жанұя жұмысын бағалайды ( фишкалармен немесе асықтармен т.б)
Свбағыныщ жақсы екен
Бахыткуль ханым сіздің мақалаңызға көп-көп рахмееет!Көп көмегі тиді!
Кеңес дауырын зор сипаттапты
Сабағыңыз өте ұнады осыған өлең , ән шығаруға болады ма ?
Өте жақсы, рахмет!
Мен оқушымын. Яғни бізге мұғалім тапсырма берді сол бойынша мен өзімнің тобыммен осы Қазақ хандығына 550 жыл деген тақырыпты берді. Маған ұнады,бірақ Мыс деп жазыпты ол нені білдіреді. Мен соны түсінбей қойдым.
өте жақсы
Сабагыныз жаксы екен
сабағыңыз өте жақсы екен!!! көп-көп рахмет!
Бұл тамаша жоспар екен.Маған қатты ұнады