Сұлулық әлемі(ашық сабақ)

Шығыс Қазақстан облысы.

«Жаңғызтөбе орта мектеп — бала бақша кешені»КММ-сі

Педагог психолог : Бейсембаева Алия Қабасқызы

Ашық сабақ: Тақырыбы: Сұлулық әлемі.

Мақсаты: Сұлулық түсініктерін ашу.

Міндеттер:

— адам сұлулығы әр түрлі жолдармен көрінетіні туралы тусінік беру;

— тұлғаның жақсы жақтарын ашудағы өнердің рөлін көрсету;

— эстетикалық; танымды дамыту, айналаға ойлы көзбен қарауға үйрету.

Өткізу түрі: тренинг элементтері бар сабақ.

Құрал-жабдықтар: сөздер жазылған плакаттар, өлеңдер, әңгімелер жинағы, жобалық әдістемеге арналған бланктер, компьютерлік тұсаукесер : Портреттер және туындылар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі « Амандасу» жаттығуы.

Нұсқау: Бір бірімен қол беріп амандасу, бірақ әдеттерден тыс жолмен. Екі қолмен катысушылардың екеуімен бір мезетте амандасу. Бір қолды амандасуга дайын адамды жіберуге болады, ягни қоллдары бір секундтан астам уакыт бос калмауы тиіс. Міндет — топтың барлық мүшелерімен осылайша аман-дасып шыгу. Жаттығу кезінде сөйлеуге болмайды.

BSAKЖаттығудың психологиялык сәті:

Қатысушылар арасында байланыс орнату. Қол беріп амандасу – ашықтықты және еркіндікті бідіретін қимыл. Мұндай кезде өзара түсіністік, байланыс орнығады, бұл жақындыққа және ішкі калыпты жағдайдың туындауына ықпал етеді. Әрекеттер сөзсіз ететіндіктен, топ мүшелері мұқият бола түседі, 1с-қимылга жаңаша дем береді.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін белгілеу. Эпиграфқа жүгіну

Бұл сабақ Сұлулық тақырыбына ғана арналмаған. Сұлулық пен үйлесімдікке талпыну барлық тіршілік иелеріне тән құбылыс. Пішін сұлулығы, дыбыс , сөз сұлулығы, ой, сезім және қарым-қатынас сұлулығы бар.

Сұлулықтың түрлі деңгейлері болады: сыртқы, ішкі, шынайы, кұпия сұлулық.

Ал сұлулық қандай болады?

« Сұлулық ДЕГЕН НЕ?» Миға шабуыл.

Көбінесе біз сұлулық деп сыртқы сұлулықты айтамыз. Бұны біз сезім мүшелеріміз арқылы сезінеміз: пішін мен түсті — көзбен керу арқылы, дыбысты есту арқылы, иісті- мұрын арқылы, денеміздің бір жерге жанасқанын түйсік сезімі арқылы сезінеміз.

Бұл туралы не білесіңдер?

Оқушылар мәліметі. Пигмейлердің көзқарасы бойынша, семіз аққұба әйелдер сұрықсыз көрінеді. Оларға терінің аққұба ренді болуы сүйкімсіз көрініп, ал дененің етженді болуы ойсырататындай көрінеді: мұндай әйелді асырау өте қымбатқа соғады. Ал Африканың шөлейт жерлерін мекендейтін халық арасында семіз қалындық әдемі деп саналады (той болар алдында оларды әдейі көп тамақтандырады).

Ішкі сұлулық әсерлену, сезімге бөлену, сондай-ақ; ой мен ойдағы бейне арқылы сыртқа шығады. Ішкі сұлулық ол — мінез – құлық, жүріс – тұрыс, айналамен қарым — қатынас жасау.

Портреттермен жұмыс. «Өнер — бұл сұлулық» немесе «Сұлулық — бұл өнер»

Қай уақытта болмасын адам сұлулығына тәнті болғанын суретшілер, мүсіншілер өз туындыларында бейнелейді. Адамды киіміне қарап бағалайтыны түсінікті. Бірақ кейде ұсқынсыз адам тамаша әсер қалдыруы мүмкін.

«Ұрық» аңызымен жұмыс

Бір күні әйел түс көреді. Түсінде құдай дүкен ұстап тұрады.

— Құдай’ Бұл сен бе? — дейді ол қуанышты үнмен.

— Иә, бұл мен, — деп жауап береді Құдай.

— Сенен не сатып алуға болады? — деп сұрайды әйел.

— Менде бәрі бар, — деген жауап естілеід.

— Ондай болса, маған денсаулық, бақыт, сұлулық, махаббат, табыс, көп ақша берші.

Құдай жымияды да, сұраған нәрселерді алып келуге кетеді. Көп ұзамай ол кішкентай қорап әкеледі.

— Бар болғаны осы ма?! — дейді әйел бір жағынан таңданып, бір жағынан көңілін су сепкендей басылып.

— Иә, бары осы, — деп жауап береді Құдай. – Менің дүкенімде тек ұрықтар сатылатын білмедің бе?

Қорытындыны оқушылар өздері жасайды: Мұнда бәрін сатып ала алмайсың. Оны өзің өсіруің керек. Әр адам — өз бақытының құрлысшысы, деп жауап береді.

Топпен жұмыс. «Бес себеп»

Ұл балаларға арналған тапсырма.

1 . Қыздар тартымсыз болатын (ұнамайтын) бес себепті атаңдар.

2. Қыздар әрдайым тартымды болатын бес себеті (қасиетті) атаңдар.

3. Қыздар былай деп ойласа, қателеседі…..

4. Біздің қыздарға тілейтініміз…

Қыз балаларға арналған тапсырма.

1 . Ұлдар тартымсыз болатын (ұнамайтын) бес себепті атаңдар.

2. Ұлдар әрдайым тартымды болатын бес себепті (қасиетті) атаңдар.

3. Ұлдар былай деп ойласа, қателеседі…

4. Біздің ұлдарға тілейтініміз. . .

«Сұрықсыз қыз» өлең шумағы (1-қосымша). Талқылау. Сонымен сұлулық деген не? Ыдыс па, әлде от па?

Сұлулықты көре біл.

Топпен жұмыс: оқушылар туындыларды оқып, талқылайды (2қосымша).

«Әдемі Бақа және сұрықсыз Ит» ертегісі.

Аполлон (журналға келген хаттан үзінді).

Адамның ішкі жан дүниесі маңызды! (Деми Мур).

Сүйкімсіз мысық

Әйел сұлулығы туралы.

Ерлер көркі туралы ән.

«Сіз үшін адам бойындағы басты нәрсе не?» (3 қосымша).

Жеті бөлшектен тұратын және тұтас етіп біріктірілген адам фигурасынан ең маңыздысын және негізгісін бөліп ал. Біреу ғана емес, екеу немесе бірнешеуін бөліп алуға болады.

Аңыз.

Рабби Зусси әлемді өзгертпек болады, бірақ әлем соншалықты үлкен де, Зусси өте кішкентай екен. Ол өз қаласын өзгертпек болады, бірақ қала тым үлкен, ал Зусси тым

кішкентай болады. Зусси өз отбасын өзгертпек болады, бірақ оның отбасы үлкен, 12 баласы болады. Ол әйтеуір өзінің шамасы жететін бір-ақ нәрсені өзгертті.

Ол нені өзгертті?

Тынығу. «Жан бағы» (аспапта ойналатын музыка тыңдау).

Тапсырма.

Кездеріңді жұмып, өз жүректеріңе ойша үңіліңдер. Жүректе тамаша бақ ішкі-жан дүниеңіздің бағы жайнап тұр. Осы бақты аралаңыз. Қызыл, жасыл, сары түсті жапырақтармен көмкерілген ағашты көресіңдер. Бұл сендердің Сұлулық ағаштарың. Ағаштар арасынан Адалдық және Жауапкершілік өзендері ағып жатыр. Махаббат пен Мейірімділік гүлдері жайқалып түр. Бақыт құсы қалай ән салатынына құлақ түр. Оның қауырсындарына қара. Әр қауырсын біздің әр қайсымызда өмір суретін рухани құндылықты білдіреді. Жан жүрегіңіздегі алуан түрлі гүлге толы баққа қарап әсерленіңіз. Өз жан бағыңызды елестете алдыңыз ба?

Карточкалармен жұмыс

Сұраққа жауап беріңіз немесе айтылғандарға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

1. Бет ажары алдамшы, ал сұлулық әбігерлік пе?

2. Тән сұлулығы уақыт өте көмескіленеді, ал жан сұлулығы мәңгілік, оның берері де мол ма?

3. Шашы ұзының ақылы қысқа ма?

4. Сұлулық белдемшенің қысқалығымен өлшене ме?

5. Ішкі сұлулық немен өлшенеді?

6. Біздің көпшілігіміз өзімізді дұрыс бағаламай жатамыз. «Сұрықсыз» адамға өз құндылығы бар екенін, сүюге лайық екен қалай сендіруге болады?

7. Қандай сұлулыққа ақша қажет емес?

8. Ішкі жан сұлулығынсыз сыртқы сұлулық болуы мүмкін бе?

9. Ішкі жан сұлулықты келтіруге бола ма? Бірнеше кітап оқығаннан кейін ішкі дунием тартымды адам болып көріне ме?

10. Шынымен де сұлу адам болу үшін не істеу керек?

11. Сыртқы сұлулық ішкі сұлулықтың айнасы.

12. Ер жігіттің байлығы қалтасымен емес, ақылымен, еңбекпен өлшенеді.

13. Тәні сұлудың, жаны сұлу . Шашыңды қалай тарайсың, ерніңді, көзіңді қалай бояйсың, жаңға да сондай күтім кажет.

14. Адамға ғашық, жанары сұлулық береді.

15. Сыртқы сұлулық тұрақты емес. Біріншіден, организмнің қартаюы өз дегенің , екіншіден…

16. Адамдарға ұнау үшін, өзіңмен жұмысты неден бастау керек?

17. Әрбір адам жақсы мен жаманды ішкі сезімі арқылы ажырата алады.

18. Адам жаны үнемі сұлулықты қажет етеді.

19. Адам өз қолымен сұлулықты жасаған сайын марқая түседі.

Қорытынды: Адам жаны сұлу болып жаратылған, сондықтан да ол әдемілікке ұмтылады.

Қорытынды:

Сұлулық бізді қуантып, әсерге бөлейді.

Сұлу болғың келсе, әдемі нәрселерге талпын. Айналаңды әдемі заттармен толтыруға болады, мұражайларға баруға болады, өнер туындыларының тылсым сырына үңілуге болады, ұшы-қиыры жоқ әдемілікті іздеп, табиғат аясына шығуға болады. Бірақ ең

алдымен өз жүрегіңнің, жанынның сұлулығын іздеу, жасау қажет. Егер ішкі жан дүниеңде мейірімділіктің, махаббаттың сұлулығы болмаса, сұлулық уақыт өте келе көмескілене түседі.

Сынып фотосуреті

Фотосуреттен өз бейнеңе көз сал. Келбетің қандай келісімді, жүзің мейірімді! Сіз уақыт өте келе өзгеруі мүмкін сұлулыққа толысыз: жан сұлулығы мен тән сұлулығын жоғалтуың мүкін, сонда өміріңде жасанды іріктеу факторы үлкен рөл атқарады, бұл құлазуға әкеледі.

Өз сұлулығыңды, жан сұлулығын сақтай біл! Өміріңдегі сұлулық аясын кеңейт. Сонда әлемді сұлулық құтқарады!

Қосымшалар:

Әдемі Бақа мен сұрықсыз Ит (ертегі)

Бұған таңғалмаңыз. Өмірде жасыл бақаның әдемі, ал үлпілдек жүнді ақылды ит ұсқынсыз болатын жағдай да болады. Нағыз сұлулық жүрек түбінде жасырынып жатады.

Бір күні аңшы Ит қожайыны атып түсірген Үйректі іздеп, су жағалай жүгіріп келе жатады. Кенеттен қамыс арасында отырған Бақаға кез болады.

— Бақа, сен жаралы Үйректі көрмедің бе? — деп сұрайды Ит.

Бақа жаралы Үйректі көрседе, ол жаралы Үйректің артында жеті балапаны қалғанын біледі, сондықтан Бақа Үйрекке аңшы мен оның Итінен уақытша жасырынатын тыныш жерді көрсеткен еді. Бірақ Бақа ләм-мим деп аузын ашпайды.

— Саған сұрақ қойғанда неге жауап бермейсің? — деп Ит ашу шақырады.

— Панасыз үйректерді ату қайырымсыздық және дұрыс емес! — дейді Бақа.

Ит Бақаның батылдығына таң қалды, алайда ашуы басылмады:

— Қожайын мені асырап отырғандықтан, мен тіпті жаман, қайырымы жоқ, жұмыс болса да істеуім керек. Әйтпесе мен далада қаңғып қаламын.

— А солай ма, сонда сен тек өзіңді ойлайсың ғой, — дейді көңілі қалған Бақа.

— Мен болсам сені өз қожайынын құрметтейтіндіктен, ол үшін бәріне дайын деп ойлаппын.

— Мені ол асырайды, соған қызмет етемін, — деп Ит арс етті. Күндердің күнінде аңшы Ит далада қалып, қоқыстарда күнелтетін болды. Оның қожайыны ақша көп телейтін алыс елге үзақ уақытқа кетіп қалды. Бір тиын үшін ол, өз Иті секілді бәрін сатып кетуге дайын болатын.

Бақаның сұлулығы, иттің сүйкімсіздігі неде?

Аполлон (журналға келген хаттан үзінді)

Ол келбетті, «Аполлон сүйкімді» қапсағай денелі, бұған талантты болғанымен, оның сыртқы келбеті маған онша әсер қалдыра қоймады. Бірақ мен ешқашан адамның түріне қарамаушы едім. Мені оның сөйлегені, ой саптағаны баурап алды. Оған аңсарым ауды. Оны жақынырақ білгеннен кейін, жүрегім алдамағанын қуандым: ол жүрегі ақ, біреудің ала жібін аттамайтын жан болып шықты…Келісті келбетіне ішкі жан дүниесі сай келеді. Мені сезімім күшейіп, тағатсыз күйге ұшырай бастадым. Ол маған қол жетпес арман, басқа планетаның адамы секілді, менен бір қарыс биікте тұрғандай көрінді, оның үстіне түрі де бар… Мен өзімнің ішкі қасиеттерімді екінші орынға қоятынмын, сыртқы келбетім де көріксіз, мен өзімді оның тең емеспін деп санайтынмын және менің Аполлоныма ұнаған Афродиталардан өзімді төмен санайтынмын.

Бірақ, оның өмірінде ішкі жан дуниесін астан-кестен еткен нәрсе болды. Басынан бірнеше қиындықтар өтті. Маған оның қиын сәттерін бастан кешуге көмектесуге тура келді. Мен оған бар махаббатымды, жүрек жылуын, жүрегімнен жарып шыққан сөздерімді арнадым. Мен оған жақын болып қана қоймай, оның «Афродиталарынан» да қымбат жанға айналдым, сөйтіп өзім де құлпыра түстім. Бұған оның да ықпалы болды: ол менің басқаларға ұқсамайтын ерекше жан екенімді, ақылым көркіме сай екенін айтты, басқалардан мұндай үйлесімдікті таппағанын айтты. Ол маған «қорқынышты» емес екеніме сенуге кемектесті. Мен бұрын қатты төменшіктейтінмін Шынымен де, өзіңді біреуден кем санаудың емі — махаббат! Басты менің түсінгенім, ішкі жан дүниенің сыртқы өлшемдерге қарағанда құндылығы жоғары.

Сыртқы және ішкі сұлулық үйлесе ала ма?

Адамның ішкі сұлулығының ықпалы неде?

Адамның жан дүниесі маңызды! (Деми Мурдың, күнделігінен)

Мен оймен өмір сүрген кездер болды: егер арықтасам, адамдар үшін жақсы болады, Тіпті тұлға ретінде тартымдылығым артады деп ойлайтынмын. Иә, бәрі де өздерін қабылдау үшін осыны іздейді, бірақ менікі дұрыс емес екенін түсіндім. Содан бастап өмірге басқаша қарай бастадым. Діңкеңді құртатын ұзақ; жаттығуларды доғардым, қайдағы бір диеталарды қойдым. Өз денемді қинауды тоқтаттым. Менің көзім ашылғандай болды. Дұрыс тамақтана бастадым, кеудемде жасанды нәрселерді алып тастадым. Бір қызығы, денем мен ұзақ уақыт талпынған пішінге келді. Арықтық;, жалпы сыртқы келбет Бақыт аялдамасына дейін баратын көлік емес, мұны мен қазір қыздарыма да айтып жүрмін. Өйткені сыртқы келбет идеясына байланып қалсаң, өзіңді ойыңдағыдай сезінбейсің, бір орында тоқырап тұрып қаласың. Мен Бақытқа оңай баруды ойламаймын. Бақыт бізге өзі келеді. Өз тұмсығынан басқаны байқамауды қойып, басқа заттарға назар аударып, 1шкі жан дүниемен жұмыс істеу керек. Белгілі бір жасқа келгенде сұлулық адамның жүрек түбінен келетінін Жан өлшемі мәңгілік екенін, адамның Ішкі жан дүниесі маңызды екенін түсіну.

Сыртқы келбет бақытқа апарар жол ма?

Ерлер көркі туралы (хаттан үзінді)

Мен көрікті ер адамдарға ғана көңіл бөлемін. Көздері әдемі, келбетті, саусақтары ұзын, жүріс-тұрысы ақсүйектерге тән, сөзі ұнамды және бірден батыл шешім қабылдайтын ер-азаматтарға, ортаның көркі бола алатын, бірде-бір әйелге дөрекі сөйлемейтін ер адамдарға назар аударамын. Сыртқы келбеті мен жүріс-тұрысында дөрекі қылық, оғаш ештеңе жоқ. Көрікті ер-азаматтың өмірі әнге ұқсайды, яғни онда надандыққа, айқай-шуға, өмірге өкпе артуға, айналасын мұқап-тенеуге, өтірікке, ұсақтыққа, сараңдыққа орын жоқ. Қайта онда лайықты іс-әрекетке, ерікті ой-пікірге, қорғансыздарға пана болуға, әдемі мінез-құлыққа орын бар. Көрікті жігіт кедей болуы да мүмкін, бірақ кедейлік оны толғандырмайды, ол ақшасы көп жұмыс іздейді, алайда бұл оның өмірінің мәні емес. Көрікті ер-азамат жүрегі тас және жалқау болуы мүмкін емес; жалқаулықтан көзді шел басып, бет картопқа ұқсап кетеді. Ол үнемі ізденіс үстінде жүреді. Көрікті жігіт бір тынбайды, үнемі тың жүреді. Көрікті жігіт қиындықтан қорықпайтын, иек артуға тұрарлық тұлға. Оған сенуге болады, ол міндетті түрде сөзінде тұрады және қиын сәтте қасыңнан табылады. Ол достыққа берік. Ол маңындағыларға нұр шашып жүреді, көп істер атқарады.

Сіздің көрікті ер-азамат туралы ойыңыз осымен сәйкес келе ме?

Әйел сұлулығы (аңыз)

Кішкене бала анасынан былай деп сұрайды:

— Неге жылайсың?

— Өйткені мен — ӘйелМІН.

— Мен түсінбедім!

Анасы ұлын қушақтап, былай дейді:

— Мұны сен ешқашан түсінбейсің. Сол кезде бала әкесінен сұрайды:

— Неге анам кейде еш себепсіз жылайды?

— Әйелдердің барлығы кейде себептен себепсіз жылайды, — деп қана жауап бере алады әкесі

Баласы ержеткен соң да таңғалысын тоқтатпайды: «Неге әйелдер жылайды?»

Ақырында ол мұны Құдайдан сұрайды. Құдай былай деп жауап береді «Әйелді жаратқанда мен оның жан-жақты болғанын қаладым.

Мен оған бүкіл әлемді ұстап тұру үшін мықты күш және баланың басына сүйеу болу үшін сондай нәзік алақан бердім.

Мен оган босангандагы және басқа кездерде ауырлыққаа шыдайтын мықты рух бердім.

Оған басқалар сүрінгенде, қайыспай алға жүретін мықты ерік-жігер бердім және ол сүрінгендерге, науқастарға және шаршағандарға пана болады.

Мен оған қандай жағдайда да, тіпті балалары өзін ренжітсе де, балаларын сүйетін мейірімділік бердім.

Мен оған күйеуіне оның олқылықтарына қарамастан арқау болатын күш бердім.

Мен оның жүрегін қорғап жүрсін деп әйел адамды ер адамның қабырғасынан жараттым.

Мен оған жақсы ер әйел кецт^не әдейі қаяу түсірмейтінін, бірақ кейде оның күші мен қай кезде де қасынан табыла кететінін сезінетін ақыл бердім.

Ақыр соңында мен оған қашан, қайда болмасын төгіп алатын жас бердім.

Ал ұлым сен Әйел Сұлулығы оның киімінде, шашы немесе тырнағында емес екенін түсінің керек. Оның сұлулығы махаббат өмір сүретін өз Жүрегіне жол ашатын кездерінде».

Әйелдің осалдығы да сұлулық па?

Қосымша

Тест:Сен үшін адамдағы басты нәрсе не?

Мына адам фигурасына қарап ол біртұтас біріктірілген жеті бөлшектен, жеті адамнан тұрады. Сенің міндетің — фигуралардан ең маңыздысын және негізгісін бөліп алу. Біреу ғана емес, екі немесе бірнешеуін белгілеп алуға да, болады.

Интерпретация. Сіз үшін адамдағы басты нәрселер:

Бірінші, сыртқы қабығы. Сіз – кекшіл адамсыз және сіз үшін сұлулық -әлеуметтік мәртебе, иерархия, қоғамдағы орны, материалдық құндылықтар және еркениет ипл1ктер1.

Екінші қабығы. Сіз ең алдымен адамды тұлға ретінде бағалайсыз. Сіз үшін бірінші орында адамның ішкі жан дүниесі, рухани құндылықтары тұрады.

Үшінші қабығы. Сіз — шығармашыл, талантты тұлғасыз, сіз сұлулықты бағалай аласыз және арам пиғылсыз оны сезіне аласыз. Сіз талғампаз, суретші, ақын тұлғасыз.

Төртінші, ішкі қабығы. Сіз үшін сұлулық — бұл интеллект, эрудиция, әлемді дұрыс қабылдай алу және парасатты ойлау қабілетік Сіз осы аталған қасиеттерге иесіз және басқалардың осы қасиеттерін бағалайсыз.

Бесінші, ішкі қабығы. Сіз ең алдымен, сезіммен өмір сүресіз, әлемді жүрегіңізбен қабылдайсыз, ішкі есебіңіз жоқ, ақиқат үшін өзіңізді ренжіткендерді кешіруге дайынсыз.

Алтыншы, ішкі қабық. Сіз үшін сұлулық — нәзіктік және ержүректілік. Сіз өмірді осы қатынастар бойынша бағалайсыз.

Жетінші, ішкі қабығы. Сіз тез шамданғыш, кертартпа, күмәнға бейімсіз. Сіздің әрқайсыңыздың ішіңізде шайтан отыр, егер осы қабықты белгілеген болсаңыз, сізде ол күшті.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Жанбота

    Адамнын ішкі жанр сврткы сулулвгы болады кобинесе адамадар оны байкамайды мишки сұлулыкты

  2. Меруерт

    Сабақ жоспары жақсы жазылған екен

  3. Бибигул

    Сұлулық жүрек түкпірінде

  4. Баян

    Сабақ жоспары өте жақсы жазылған. Осы жоспарды қалай көшіріп алуға болады? Сайтқа тірке алмай жатырмын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ